Сириядан оралған қазақ әйелі: Аш қалмау үшін шөп жедік

04.07.2019, 14:55

174

Ақтөбе қаласында тергеліп жатқан Сириядан оралған Умм Айша есімді қазақстандық Сирияда бастан кешкендерін айтып берді. Ол Қазақстаннан кеткен соң 5 мәрте күйеуге тиген. Айта кету керек, ол оған дейін де бір мәрте некеде болған. 
Сириядағы жағдайды бүкпесіз баяндаған күдікті ол жақтағы жағдайдың қиындығын айтады. Тіпті, жан бағу үшін шөп жеген көрінеді. Умм Айшаның сөзіне қарағанда ол жаққа бара салғанда жағдайлары жаман болмаған. Бірақ, келе-келе жағдай қиындап, қанттың 1 келісі теңгемен есептегенде 20 мыңға дейін жеткен. Тағы бір айта кетерлігі, осындай қиын жағдайда тек сырттан келгендер ғана қиналған. Ал, жергілікті содырлар ешқандай таршылық көрмеген.
Күдікті бұл туралы Азаттық радиосына берген сұхбатында айтады. 
«ДАИШ «мухаджирлерді» тірі қалқан ретінде пайдаланды. Алдыңғы шепте тек «мухаджирлер» болды. Олар жеңіске жеткен жағдайда арабтар сол жерге келіп, суретке, видеоға түсетін. «Жеңімпазбыз» деп мәре-сәре болып жататын. Кейін жағдай қиындай бастады. Базарда қанттың бір келісі теңгеге шаққанда 20 мыңға дейін жетті. «Мухаджирлерде» азық таусылып, жан бағу үшін шөп жей бастадық. Сол кезде сириялықтар мен ирактықтар «Сникерс» жеп отырды. Олар ақырғы сәтке дейін ештеңеден таршылық көрген жоқ», — дейді ол.
Тергелуші алалаушылық тек соғыстың ортасында ғана емес, босқындар лагерінде де бар. «Тіпті босқындар лагерінің өзінде күн батареясы мен желдеткіш, құнарлы ас, тәуір шатыр тек арабтарға берілетін. Біз бұлғыр, жасымық секілді дақылдармен қоректендік», — дейді бір сөзінде.
Қазақстанға Айшамен бірге екі қызы оралған. Үлкені 11 жаста. Әлі әріп танымайды. Айша осы екі қызының адам қатарына қосылып, тыныш өмір сүріп, ел қатарлы білім алуын армандайды. Өзі де жаңа өмір бастап, жұмыс істегісі келеді.  
Айта кету керек, бұл қазақстандыққа «терроризмді насихаттады» және «діни алауыздық туғызды» деген айып тағылған. Бір айдан аса уақыт қамауда отыр. 
Фото: sputniknews.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:15
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Сайт әкімшілігі 09:58
Зейнетақыны Kaspi Gold картасына алу жеңілдей түсті
Ермек МҰҚАНҒАЛИЕВ 09:03
Ұлы даланың болашаққа жеті арманы
Бифат ЕЛТАЕВА 09:02
"Мен қазақ қыздарына қайран қалам"
Қуаныш ЕРМЕКОВА 16.10.2021, 15:38
Балаға қамқорлық - болашағымызға жасалған жақсылық
Нұрай РАХЫМ 16.10.2021, 14:34
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасынан үміт көп

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29