Сириядан қайтқан содырлардың соты басталмақ

17.10.2019, 15:59

4

«Жусан» операциясы бойынша елге қайта оралған террористікДАИШ жасағында болған қазақстандықтардың ісін қарайтын сот процесі басталуға жақын. Ұ<span style=«color: rgb(31, 33, 36); font-size: 18px;» font-size:18px;background-color:#ffffff;"="">лттық қауіпсіздік комитеті Сирияда «Ислам мемлекеті» <span style=«color: rgb(31, 33, 36); font-size: 18px;» font-size:18px;background-color:#ffffff;"="">террористік тобының «бір жасақ құрамында болған» 14 адамға қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады

Террористік ұйым сапында қару ұстапмайданға кіргендердің 14-і күшейтілген күзет астында қамауда отыр. Қамаудағылардықандай жаза күтіп тұрғанын болжау қиын. Өзі құтқарып әкелген азаматтарға Қазақстанүкіметі үкім оқығанда қандай жағдайға қарап шешім шығарады? Бұл сотта жәбірленушітарап деген болмайды. Демек, айыптау фактілері террористік ұйымға мүше болып,соғысқа қатысу тұрғысында болмақ.

Тергеу жұмыстары кезінде бірқатарБАҚ өкілдері 14 күдіктімен жеке-жеке сөйлесіп, бейнетаспаға түсіріп алған. ҰҚКтарапы бұл ерекше жағдай болғандықтан рұқсат берсе керек. Одан сырт, бұл процестіңидеологиялық сипаты да жоқ емес. Сұхбат беруге ойланбай келіскен күдіктілер өздерінің«адам өлтірмегенін» айтып, кінәсіз болып көрінуге тырысады.

Ерекше тоқталатын бір жағдай –ДАИШ құрамында соғысқан күдіктілер өздерін кінәсіз сезінеді. Сол үшін де «адам өлтіргенжоқпын» деп ақталып әлек. Дегенмен, осы іспен тереңінен айналысып жүрген әріптестеріміздіңайтуынша, күдіктілерге қарсы айыптау фактілері жетерлік. Мәселен, Аманжол Жансеңгіроватты күдіктінің қарсыластарының кесілген басын теуіп, үйілген мүрделердіңфонында тұрып өзгелерді қазақ және орыс тілдерінде жиһадқа үндеген видеосы сақталған.Жанкештілердің қателігі – әр кезде істеген істерін видеоға түсіріп, өздерін әшкерелеуі.Соның арқасында сақталып қалған айғақтар аз емес екен. Бірақ күдіктілер өздерінеқарсы мұндай айғақтардың бар екенін білмейтін де секілді.

Қамауда отырғандардың бірі – НұрланКамалов (лақап аты «Абдулла», «Қожеке»), 1978 жылы туған. Ол Сириядағы жағдайдыАмериканың саясаты деп бағалайды. Және сот шешімінің қалай боларына «меністеген ісіме өкінем бе, өкінбеймін бе, осы нәрсе рөл ойнайтын сияқты» депесептейді.

Нұрлан Камаловқа «топты басқарды»деген айып тағылып отыр. Бірақ бұған қатысты оның өзіндік уәжі бар.

– Бұл жерде мынадай мәселе, менбалалар мен әйелдерге қарадым ғой. Соны топты ұйымдастырдың деп отыр. Меноларды соғысқа шақырған жоқпын. Жұмысым – аурухана арасындағы қажеттіматериалды әкеп бердім.… Соғысқа бір рет қатыстым, адам өлтірген жоқпын. 2011 жылы Дубайға кетіп жұмыс істедім, саудамен айналыстым. 2013-те Сирияғакеттім.

Нұрланның сөзіне қарағанда, қазақжігіттерінің ішінде Даут, Абу Пайза, Абу Сара атты әмірлер болыпты. Күдікті айтқанәңгіменің арасында қазақ әйелдерінің бірнеше күйеуге тиюіне қатысты даайтылады.

Жалпы, күдіктілер бергенжауаптарға назар аударсаңыз, бәрі Сирияға білімсіздіктің кесірінен барғанын,барған соң бұл жақтағы айтылған уағыздар мен өзге әңгімелердің сол жақтағы жағдайменмүлде үйлеспейтінін айтады.

Сирияда «Хасан» лақап атымен жүргенЖандос Ажмамбетов (1990 ж.т.) Сирияға әке-шешесі мен бауырларына айтпай, 2013жылы наурызда қашып кеткен. Оған дейін Жезқазғанда шахтада жұмыс істеген. Дінгеәлдебір досы арқылы келіпті. Әлгі досы оған түрлі уағыздар тыңдатып, мұсылмандардыңқырылып жатқаны жайлы видеолар көрсеткен. Пәтеріне шақырып жүріпті. Ол жақта дауағыз айтатын бірнеше жігіт болған. Бұл кейін келе жиһад деген ұғыммен жалғасып,Сирияға баруды ашық уағыздай бастаған.

– Кейін сол жақтағы жігіттерментаныстым. Әділбек, Марғұлан деген. Солар айтты, Шам жерінде Алла тағала мұсылмандардыжинайды, сүйікті құлдарын жинайды деп. «Егер сендер солар үшін шықпасаңдар,Алланың алдында жауап бересіңдер. Әркім өзақыретін ойлауы керек» дегенсияқты аят-хадистер айтады. Кейін қасыңдағылар түсіндіреді, «бұл деген – жиһад»деп. Жиһадтың үлкен сауабы болады. Алла жолында, Алланың сөзі үшін соғыссаң, өлсеңдәрежең осындай болады дейді. Біреуі «мен отбасымды тастапкетіп жатырмын, кезінде сахабалар да отбасын құрбан етіп тастап кеткен» дейді.

Осыдан кейін бәрін тастап,Стамбул арқылы Сирия асқан. Жай кетпей, тағы бірнеше досын ерте кетеді.Айтуынша, жолда ешқандай қиындық жоқ. Стамбулда күтіп алатын адамдар болған жәнеқай жерге бару керек екенін айтып отырған. Шекарада да кедергі болмапты.Шекарадан өткен соң, алдымен дағыстандық қатибада болып, кейін арабтар қатибасынакірген. Қазақтарға кейін қосылған (қазақ қатибасы 2014 жылы құрылған). Жандоста соғысқа қатысқанымен, адам өлтірмегенін, тылда бейбіт жұмыс істегенінайтады.

– Иә, үш рет соғысқа қатыстым. Бомбаланғанкезде қазақ азаматтары да қайтыс болып жатты. Адам өлтірмедім. Ол жақта алтыжыл болдым, сол жылдардың ішінде соғысқа қатыспасаң, тылдағы жұмыстар болады,соларды істедім. Екі қаланың арасында автобус жүргізушісі болдым. Сосын «алиат»дейді, машина ремонттайды, негізінен, сондай жұмыстарда болдым.

Ажмамбетов айтқан бір жағдай –ол жақта ұлт деген ұғым болмайды деген уағызда ғана айтылады. Өйткені о баста бәрімізбауырмыз деген түсінік соғысқа кіргенде далада қалады. «Біз бүкіл мұсылман бауырдеп түсіндік. Бірақ кейін келе түсіндік, ана жақта қиналғанда әркім өз ұлтыніздейді, өз ұлтын қорғайды екен» дейді. Және әркім өз отбасын ойлайды.

– Кейін келе түсіне бастадық, көпнәрселер біліне бастады. Саясатты, іштегі зұлымдықты бәрін көріп, көзіміз ашылабастады. Тіл үйрендік, араб тілінде сөйлесіп, жаңалықтарды көріп, біраз нәрселерінтүсінетін болдық. 2018 жылы бірінші отбасымды, әйел, балаларымды елге жібергімкелді. Бірақ қиын болды. Болашақ болмайтынын ұқтым. Отбасыма ешкімнің жаныашымайды. Мен кетсем, олар да қалады.

Бұл күдіктіге де жоғарыдағы бапбойынша айып тағылып отыр. Топ мүшесі болған. Ол да кешірімнен үмітті және өзінкінәлі сезінбейді. Өйткені ол жаққа қылмыс істеймін деп емес, «мұсылман бауырларына»көмектесу үшін барыпты. Бірақ алғашында жағдай жақсы болғанымен (балаларға –50, ересектерге 100 доллар төлеп тұрған), кейін жалақы беру тоқтатылып, әлеуметтіккөмек деп азық-түлік беріп қана тұрған. Сөйтіп, тылдағы жағдай да қиындаған соң,көптеген жиһадшылар елдеріне оралуды ойлай бастапты.

Тағы бір ерекше жайт – бүкілбір әулеттің Сирияға кетуі. Қазір осы отбасының мүшесі Абзал Маратұлы (1997ж.т.) қамауда отыр. Бүкіл бір әулет отбасындағы бір-ақ адамның, ағасының ықпалыменосындай іске шатылыпты. Абзал айтады:

– 2008-14 жылдар аралығында ағамАстанада болды. Жиһадты түсіндіреді. Әкеме түсіндіреді… Әкеме өте ауыр болды.Ал ағам әкеме «кәпірсің, жиһадты қолдамайсың, ана жақта мұсылмандарды қырыпжатыр, ал сен қолдамайсың» деді. Әкем анама, анам әпкеме түсіндіруі керекболды, қарындастарыма түсіндіру керек болды. Кейін әкем келіседі, қаладағы екіқабаттыүйімізді сатады. Ол үй Нұрдәулет үйленсе, сол тұрады деген үй болған. Малды,машинаны, жерді де саттық. Маған «барасың ба?» деді. Мен соғыстан қорқатынымдыайттым да, бас тарттым. Әкем: «Ол жақта тыныш өмір, ертең біз кетсек сені КНБ ұстайды,менттер қинайды, тоққа салады», – деді.

Осыдан кейін соғыстан бір-ақ шыққан.Жалғыз емес, бауырлары, әке-шешесімен. Қазақстандағы бүкіл мүлкін сол жолғасарп етіп...

Сөз басында райынан әлі де қайтпағандарбар екенін айтқанбыз. Соның бірі – Ғазинұр Құлмашұлы, 1969 жылы туған. Алматылық.Сирияға 2013 жылы қыркүйекте Бішкек–Стамбул арқылы өткен.

– Алла жолында жиһадқа бардым. Өйткеніүнемі теледидардан дінсіздердің мұсылмандарды қорлап, қинап жатқанын көретінмін.Алла дініндегілердің өлгенін, әйелдер мен балалардың өлгенін көрдім. Жербетінде Алла дініне қарсы болғандардың бар болғанын қаламадым. Алла Құранда «дінгесенбейтіндерге қарсы дін жолында күресіңдер» деп бұйырады. Алланың сарбазы болубасты мақсатым еді, – дейді Ғазинұр Құлмашұлы.

Ол «жиһад» сөзін «Алла дінін қаламайтындардыңөзгертіп берген мағынасымен қабылдау қателік» дейді («жиһад» – адамның өзімен күресуі»деген тәпсірді айтып отыр – авт.). Оның айтуынша, өзгелер Құранды өздеріне ыңғайлапалған. Соның кесірінен соғыс болып жатыр (!). Құлмашұлы әлі де Сирияның атынансөйлейді. «Мемлекет жас, жау көп» дейді.

1996 жылдан бері дін жолына түскенкүдікті қазір ештеңеге өкінбейді. Өйткені «бәрі Алланың қалауымен болды». Соғыста23 жастағы баласы қаза болған. Әйелінің басына оқ тиіп көз жұмған. Кішкене қызытұтқында қалған. Оның тағдыры не болды дегенге де бас қатырмайды.

– Мен Алланың заңымен, шариғатпенжүретін елде өмір сүргім келеді. Бастысы, Алланың заңы, басқа заңдар былшыл.… Келерден біраз бұрын әйелімнің басынан снайпер атты. Иншалла, шеһид болды.13 жасар қызым күрдтердің қолында тұтқында қалды. Алла қайырын берсін. Алла бәрімізденжақсы біледі, қайда екенін… Егер қазір тағы да Даулға баруғамүмкіндігім болса, 100 пайыз Даул үшін соғысуға дайынмын. Алла өз панасынаалсын. Дініміз арқылы туралықты көрсетеді. Алла қаласа Фирдаус жаннатында жолықтырады,иншалла! – деп әңгімесін түйіндейді.

Ғазинұр күрдтердің қолына өз еркіменберілгенін айтады. Өйткені жағдай қиындап кеткен. Жолдар жабылған соң, сырттаназық-түлік келу тоқтаған. Адамдар аштыққа ұшыраған.

«Мен Алла жолында соғысу үшінбардым ғой. Қазақстанға оралу туралы ешқашан ойламадым», – дейді. «Келгеніңізгеөкініп отырсыз ба, сонда?» деген сұраққа:

– Иә, өкінемін. Қамап қойды ғойбосқа… – деп жауап беріпті.

Өзге бір күдікті ол жақтағыпедофилиядан қорқып, балаларын медресеге беруден бас тартқанын айтады. Ал Ғазинұр«маған гомосексуализм ұнамайды» дейді. Мұндай қайшылықты пікірлер бізді шындыққабіртабан жақындата түседі. Өйткені тергелгендердің тағы бірі – ол жақта ағыпжатқан қан мен ысқырынған оқ қана емес, шекарадан алыс аймақтарда бейбіт өмірбар дейді. Тағы бірі ол жақта да жағдайдың қиындағанын, жау әскері о баста әскерибазаларға ғана шабуылдаса, «қазір әйел, бала-шаға демей, бәрін қыра береді,ауылдарды бомбалай береді» дейді.

Қысқасы, бұл жолғы сот әдеттегіденұзақ һәм ерекше болатыны анық. Қазір тиісті органдар арнайы сот залын дайындап,қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр. Күдіктілерді «босқа қамап қоя ма»,«райынан қайтқанын көріп кешірім жасай ма?», ол әзірге белгісіз. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34