Сізді қазіргі күнгі дуалы ауыздың бірі ме деп жүрсем...

09.12.2019, 08:43

31

Жазушы ДулатИсабековке ашық хат

Қадірменді Дулат аға! АБАЙ.КЗ сайтында, 5 желтоқсанда«Мен тілден де сұмдық трагедияны көріп отырмын» деген Сіздің жазбаңыз жарияланды.Бұл соңғы кездерде «Тіл мәртебесін көтеру – ұлтаралық араздықты қоздыру емес»,«Ұлттық мүддені қорғау – мемлекеттік тілден басталады» деген сынды ел асыға күткенбастамаға қарсы, соны басып тастауға бағытталған жазба болып көрінді маған. «Ментілден де сұмдық трагедияны көріп отырмын» деп салыпсыз, ғафу етіңіз, мұныңыз тілдітірілту тірлігіне қақ маңдайдан соққы беретіндей салдары ауыр, шындыққажанаспайтын залалды пайымдау. Неге?

Көршіміз Ресей Федерациясы құрамындағы қалмақ, чуваш,мордва, пермяк, осмяк, карел, черемис сияқты тірідей көмілген ондағанұлт-ұлыстардың тағдыры көз алдымда дәйім (мен Оңтүстік Оралда жоғары оқу орнынбітірген адаммын). Сіздің жаңағы «Тілденде асқан трагедия бар» дегеніңізге«бұлнесі-ей!» деп қатты тіксінгенім содан. Әлгі аталған жұрттар физикалық тұрғыдандін аман (саны пәленше млн-ға жеткен), бірақ ана тілінен ажыраған, яки тірідей өлгендер.Тұтастай орыстанып кеткендіктен, оларда жер бар, мәдениет пен экономикагүлденген деген бос сөз. Қай жерде ұлттық мүдде жоқ болса, онда даму жоқ! Тіл жоқ болса, ұлт та жоқ. Жер жүзітәні бар, рухы, ішкі әлемі құрып біткен ұлттарға толы. Сондықтан тілден десұмдық трагедия бар деген түбі шикі теория, халықты шатастыратын жалған сөз,жаңсақ пікір.

«Мен тілден де сұмдық трагедияны көріп отырмын» дей келе,ойыңызды былайша өрбітіпсіз: «Біздіңбүкіл экономикамыз, ұлттық идеологиямыз, керек десеңіз, ұлттың болашағышетелдіктердің қолына өтіп бара жатыр. Тіліміз, дініміз мұның қасында… Арыстанныңаузына түсіп бара жатқан қоян бір мүшемді сақтап қалайыншы деп әрекет ету керекпе, жоқ әлде өзінің өмірін түгел сақтап қалуға тырысу керек пе?».

Осы уәжіңізді зерделейік. Тіл – пәленше мүшенің бірі емес.Кәрі тарих куә, ол ұлтты сақтап қалудың шешуші тетігі. Бұл-бір. Екіншіден,«Тілдіқоя тұрайық, онан да зоры бар» деген ән биліктікі және саясаткер қулардікі. Мұныбасқа емес, қазақ тілінің күрескері һәм дуалы ауыздың бірі деп жүрген Сіздіңайтқаныңызға таңмын. Қазіргі қазақ қоғамының «сырты бүтін, іші түтін». Тілтұтастығына кім араша түспекші (ұрпақтың түрі, шашы, көзі қазақ, ал ішкі әлемібөтен, бірақ ақыл-есің шошитын бұл құбылысқа да етіміз үйренді)? «Қазақ еліндемемлекетті басқару мемлекеттік тілде жүргізілсін» деген тіл туралы Заңды халық тәуелсіздіктаңындай зарыға күтіп отыр. Бұл жанайғайды билікке кім жеткізбек?

Абай: «Бірлік малға емес, ақылға бірлік» деген. Ғылымы кенжеұлттың, ақыл-ойы да кенже, құр еліктеу содан. Өз күшіне сенген елдер өркендеп, ғылыммен өнерді дөңгелетіп отыр. Олар шаруашылыққа субсидияны тек ақшалай ғана емес,ғылым арқылы құяды. «Біздің бүкіл экономикамыз, ұлттық идеологиямыз, ұлттыңболашағы шетелдіктердің қолына өтіп бара жатыр» деп жылап-сықтаймыз. Бірақ шетелгежығыл, қарызға бат деген кім бар? Кінәні қазақ өзгеден емес, өзінен іздесін де.Ұлттықмүддеден тайқыдың ба,  онда пәле қайдандеме! Анық бір нәрсе, «Қытай (Ресей, мейлі Америка) бізге көз тігіп отырға» мықтытосқауыл қою, жаңағы ішкі тірлік пен ар-намысты оятуға тірелмек. Қит етсеболды, қара халықты үреймен жасыту, сол үшін сырттан жау іздеу тек биліккетиімді, бұл ең оңай, әрі сенімді тәсіл (кешегі совет билігі әйтпесе Америкабасып алады деп үркітіп, халықтың қаржысын қару-жарақ пен ядролық полигонға аямайтөккен-ді).Сіздің сол қарабайыр саясаттың торы менарбауына түсіп қалғаныңыз неткенөкініш. Дулат аға, қатты кетсем кешіріңіз, Сіздің «Тіл, тіл! — деп шулағандықойыңдар» деген үндеуіңіз ақылға қонымсыз. Ұлттық мүдде мен экономиканышатастырып алғаныңыз да жарамады. Шындықты мойындау – қазақ халқы құз шетіне жеткенінайту ең өзекті қажеттілік. Тіл (рух) үшін күрес, ең қасиетті күрес. Ақыл бірлігісол үшін керек, «тілден де сұмдық трагедия бар» деген былдыр-батпаққа алданыпқалмайық, ағайын.

Құрметпен: АсанОмаров, ғалым-зерттеуші

Фото: baq.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 28.11.2020, 17:05
Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 16:52
Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16