SMS кодты ешқашан ешкімге айтпаңыз!

Бұл картаңыздан ақша ұрламауы үшін біліп жүретін маңызды ақпарат

Сайт әкімшілігі

30.12.2021, 13:04

1510

Сіздің картаңыздағы ақшаны ұрлау үшін алаяқтар үнемі жаңа әдістерді ойлап табуға тырысады. Сізде өзіңізді қорғаудың тамаша тәсілі бар. Ол қарапайым және сенімді: ЕШКІМГЕ СМС ХАБАРЛАМА АРҚЫЛЫ КЕЛГЕН ҚҰПИЯ СӨЗДЕРДІ АЙТПАҢЫЗ!

Көп жағдайда бұл ақпарат ақшаңызды сақтау үшін жеткілікті. Бұл қалай жұмыс істейді? Айтайық.

Алаяқтар әлемнің кез келген елінде тұруы мүмкін. Көбінесе олар сіздің телефон нөміріңізді интернеттен табады. Мысалы — тегін хабарландырулар сайттарында. Оларда аты-жөніңізді және әлеуметтік жағдайыңызды білудің бірнеше жолы бар — әлеуметтік желілерде, әртүрлі мессенджерлер мен сервистер арқылы.

Алаяққа алданған адамнан сұрақ: Алаяқтар менің телефон нөмірімді және аты-жөнімді қайдан біледі? Банктер өздерінің клиенттік базасын оларға сата ма?

– Алаяқтар дерекқор іздеп әуре болмайды, себебі телефон  нөмірлерін жарнама сайттарында және әлеуметтік желілерде алуға болады. Аты мен әкесінің атын білу олар үшін де қиындық тудырмайды. Ол туралы егжей-тегжейлі нұсқаулық бермей-ақ қояйық, бірнеше жолын өзіңіз-ақ оңай еске түсіре аласыз.

Алаяқ интернет-банкке кіріп, телефон нөміріңізді енгізіп, парольді өзгертпекші болады. Құпия сөзді басқа адам емес, сіз өзгертіп жатқаныңызға көз жеткізу үшін банк сізге SMS-код жіберіп: «Ешкімге айтпа!» деп ескертеді.

Сосын сізге алаяқ қоңырау шалады. Ол өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, сізге аты-жөнін айтып: «Біреу құпия сөзіңізді өзгертпекші! Олар сіздің ақшаңызды ұрлағысы келеді! Біз мұны тоқтатуымыз үшін айтыңызшы, сізге SMS арқылы қандай код келді?»

Таңданудан адам абдырап, қорқып, кодты айтады. Мұндай жағдайға жол бермеу үшін анаңыздың: «Ешкімге есік ашпа!» дегенін есте сақтаңыз және осы бала кезінен үйренген ережеге «СМС кодын ешкімге айтпа!» дегенді қосып, көкейге түйіп алыңыз.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: ЕГЕР «БАНК ҚЫЗМЕТКЕРІ» ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СМС ХАБАРЛАМАМЕН КЕЛГЕН КОДТЫ СҰРАСА – БҰЛ БАНК ҚЫЗМЕТКЕРІ ЕМЕС!

Алаяққа аладанған адамнан сұрақ: егер олар алаяқ болса, онда неге банк атынан смс келді?

— Бейтаныс адамның құпия сөзіңізді өзгертіп, жеке шотыңызға кіруіне жол бермеу үшін банк сізге құпия код жіберді. Бөгде адам бұл кодсыз сіздің жеке шотыңызға кіре алмайды! Сондықтан ол сізге қоңырау шалып, SMS-тен сүйікті төрт цифрды қулықпен біліп алады.

Егер сіз кодты берген болсаңыз, алаяқ құпиясөзді өзгертіп, банк сайтындағы жеке кабинетіңізге кіре алады.

Банктерге біреулердің өз клиенттерін тонамақ болғаны ұнамайды. Сондықтан олар СМС кодтарын жіберіп қана қоймай, күдікті транзакцияларды да қадағалайды. Банк стандартты емес транзакцияға тосқауыл қояды және сізге нақтылау үшін қоңырау шалып — сіз шынымен ақша жіберіп жатырсыз ба, деп анықтайды.

Банктік жаңа қызметтер пайда болуда, қылмыскерлер де ұрлаудың жаңа жолдарын табуда. Соңғы «сән» — сіздің жеке кабинетіңізге қол жеткізген алаяқтар онлайн режимінде сіздің атыңыздан несие рәсімдейді. Ал несиені тек банкоматтан алуға болатындықтан, барып банкоматтан алуыңызды сұрайды.

Сіз неге оны орындайсыз? Өйткені қылмыскер өзін банк қызметкерімін деп таныстырады. Ол сіздің соңғы уақытта жұмсаған қаражатыңыз туралы бәрін біледі (әрине, сіз оған жеке шотыңызға кіруге рұқсат бергенсіз!). Сізге телефон соғып, алаяқтар оны пайдаланып үлгермеуі үшін несиені тез арада алу керектігін айтады.

Жәбірленушілердің сұрағы: егер бұл банк қызметкері болмаса, ол менің картамдағы барлық ақша қозғалыын қайдан білді?

– Сіз алаяққа СМС кодын айтқаннан кейін ол сіздің жеке кабинетіңізге және сіздің жеке қаржыңыз туралы ақпаратқа толық қол жеткізді. Бұдан кейін кеше бір келі шұжық пен екі қорап сүт алғаныңызды, ал кеше коммуналдық пәтер мен балабақшаның ақысын төлегеніңізді, бәрін көре алады.

Сіз банкоматқа жүгіріп, бірден несиені шешіп аласыз. Бірақ бұл сізге қажет емес. «Уайымдамаңыз, — дейді өзін банк қызметкері ретінде көрсеткен алаяқ, — бұл ақшаны өз картаңызға салыңыз. Мұны банкоматта немесе терминалда жасауға болады. Сіздің несиеңіз өтелген болып есептеледі».

Оның айтқанын істеп үйреніп қалдың ғой. Сіз терминалға барып, өз картаңызға саласыз. Бұл ақшаны банк қызметкерлерінен басқа ешкім көрмейді деп ойлайсыз. Бірақ сіз алаяққа құпия кодты бердіңіз, енді ол сіздің жеке кабинетіңізде барлығын көріп отыр. Ол ол жерге түскен ақшаның бәрін алады.

Жәбірленушілердің сұрағы: жеке кабинетіме ақша салсам, олар ол жерден қалай жоғалады? Бұл банк қызметкерлерінің қатысуынсыз мүмкін бе?

— Алаяқтың біреумен сыбайлас болуы міндетті емес. СізСМС кодты айтып, оған жеке шотыңызға рұқсат бердіңіз, енді ол сіздің шотыңыздан әлде Зимбабведегінемесе басқа жерге ақшаны оңай аудара алады.

Бұл әлеуметтік инженерия деп аталады — алаяқтар көп жылдар бұрынғыдай, адамдардың аңқаулығын пайдаланады, бірақ бұрынғыдан ерекшелігі, соңғы цифрлық технологияларды пайдаланып ұрлайды.

Банктер алаяқтарға өздерін қорғаудың жаңа жолдарын табу арқылы жауап береді. Бірақ әзірге ешкім өзіңіздің қатысуыңызсыз сізді сенімді қорғаудың әдісін ойлап тапқан жоқ.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01