Солтүстік қазақылана бастады

Жарлы БАЙҒАНИН

24.09.2021, 10:08

1474

Солтүстік Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктері атауларын, сондай-ақ еліміздің тарихымен байланысты емес атауларды жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Бұл ретте экономикалық және әлеуметтік даму әлеуеті бар елді мекендерге басты назар аударылды.

2020 жылы облысымызда өңірдің ономастикалық кеңістігін реттеу бойынша облыс аудандарында 2 ауылдық округті (Мамлют ауданы, Ленин ауылдық округі – Бике ауылдық округі, Ақжар ауданы, Новосел ауылдық округі – Үлкен Қараой ауылдық округі), 3 ауылды (Мамлют ауданы, Ленин ауылы – Бике ауылы, Ақжар ауданы, Коммунизм ауылы – Баймырза ауылы, Киевское ауылы – Кіші Қараой ауылдық округі)және336 көшені қайта атау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Көптеген елді мекендердің тарихи атаулары қайтарылып, көшелерге белгілі тарихи тұлғалардың, сондай-ақ облысымыздың дамуына үлкен үлес қосқан адамдардың есімі, дәстүрлі атаулар берілді.

Облыстың 5 бірдей мәдениет және білім беру мекемелеріне қазақ халқының ұлы өкілдері: Қожаберген жырау, Абай, Ақан сері, Мағжан Жұмабаев, Ермек Серкебаевтардың есімдері берілді.

Сондай-ақ, 2021 жылғы сәуірдің 16-сы күні облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысы өтіп, облыс аудандарындағы 103 көшені қайта атау бойынша ұсыныстар қаралды.

Бүгінгі таңда облысымызда атаулары идеологиялық тұрғыдан ескірген 13 ауылдық округ, 33 ауыл және 300-ге жуық көше бар.

2021 жылғы 17 қыркүйекте  облыстық ономастика комиссиясының отырысында Петропавл қаласындағы №25 жалпы білім беретін орта мектебіне Алаш, мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның;

№2 орта мектепке мемлекет, қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының;

№9 орта мектепке ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының;

Ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне Қажымұқанның есімін беру бойынша ұсыныстар қаралып, комиссия мүшелері тарапынан оң қорытындыға ие болды.

Соңғы жылдары кеңінен қолға алынған осы секілді игілікті іс-шара ел тарихымен байланысты тұлғалардың есімдерін ұлықтап, ескірген атауларды ауыстыру жолындағы жұмыстарын одан ары жалғастыра беретін болады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:23
Республикалық семинар өтеді
Сайт әкімшілігі 14:00
Қазақстан шетелдіктерге Egov арқылы ЖСН алуға тыйым салды
Қ.БАЛАБИЕВ 12:45
Конституциялық реформа жарқын болашағына бетбұрыс
Бифат ЕЛТАЕВА 26.05.2022, 14:20
Ұмыт қалған ұлттық тағамдар: дайындау әдісі
Кемел ЖАН 26.05.2022, 13:15
Жемқорлық туралы ақпарат бергендерге сыйақы бар
Сайт әкімшілігі 25.05.2022, 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аңдатпа


  • Анамның тілі алаңдатады...
    26.05.2022, 08:40
  • «Дауылпаз ақынның» даңқы мен дақпырты
    26.05.2022, 08:38
  • Газеттер дар алдында тұр!
    26.05.2022, 08:35
  • Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
    25.05.2022, 07:48
  • Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
    25.05.2022, 07:47