«Сот адал шешім шығарады деп сенеміз»

Істі болған тәртіп сақшылары соңғы сөздерін айтты

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

16.03.2021, 11:19

890

Қоғамда резонанс тудырған полицейлерге қатысты сот ісі жалғасуда. Күдікке ілінген төрт тәртіп сақшысы кешегі сотта соңғы сөздерін айтты.

      Полицейлердің басы шатылған бұл оқиға 2019 жылдың шілде айында орын алған болатын. Қызмет бабымен жүрген полицейлер үйінің тұсына келген көлік жүргізушісін «жол ережесін бұздың, масаң күйде көлік жүргіздің» деп құжат сұрайды. Бірақ арада келіспеушіліктер болып, жанжал туындап, тәртіп сақшылары 43 жастағы азаматты күштеп көліктен түсіреді. Осы алыс-жұлыс кезінде жүргізушінің жүрегі тоқтап, оқиға орнында қайтыс болады. Осыған байланысты жүргізіліп жатқан сот ісінде оларға «лауазымдық өкілеттік шегінен шығып, жәбірленушінің денсаулығына аса ауыр зиян келтірді» деген айып тағылды.

Күдікті полицейлердің барлығы соңғы сөзінде соттан әділ шешім шығаруды сұрады. Олар қаза болған жүргізушінің тәртіпке бағынбағанын және оны қасақана өлтірмегендерін айтады.

– Еліміздің заңдарына бас иетін азаматпын. Оқиға болған күні мен кезекті қызмет атқару барысында жүріп, құқық бұзушы тұлғаға тиісті шара қолдануға әрекет еттім. Марқұмды қасақана қазаға ұшыратуға немесе денсаулығына қасақана жарақат салуды көздемегенімді айтамын. Сіздің осы іске әділ қарайтыныңызға сеніп, ақтау үкіміңізді шығаруды сұраймын, – деді сотталушының бірі.

Келесі сотталушы да кінәсін түсінетінін, болған жайттың әдейі ойластырылмағанын жеткізді.

– Түсінемін, адам қайтыс болды, қайғылы жағдай орын алды. Бірақ біз оны қасақана өлтіргеніміз жоқ, абайсызда болған нәрсе, – деді.

Сондай-ақ күдіктінің бірі істі зерттеп-зерделеу барысында тіл жөніндегі құқығы толық сақталмағанын айтты.

– Бас-аяғы 60 парақ құжат алдым. Ал біз ең кем дегенде 150 парақтан астам құжатты берген болатынбыз. Демек, тіл жөніндегі құқығым толықтай қорғалған жоқ. Марқұмның әулетіне қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Бірақ біздің оны өлтіру немесе дене жарақатын салу ойымызда болған жоқ. Мен заң міндеттеген өкілеттігім бойынша заң шеңберінде әрекет еттім, – деді үшінші сотталушы.

Ал соңғы сотталушы «қызмет барысында әріптестеріме көмекке барғаным үшін темір торға түскім келмейді» деді.

Талайды дүдәмал ойға жетелеген қайғылы жағдайға қатысты сот ісіне осы аптада нүкте қойылмақ.

Тегтер: полиция жауапкершілік әкім. облыс

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 12:27
Қазақстан – БҰҰ: мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы заңнама
Сайт әкімшілігі 11:19
ҚазҰУ-дағы жатақхана құрылысының анық-қанығы
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08:40
Бекшин мен Қиясовтың қаулысы елді індеттен құтқара ма?
Еңлік АБАҒАН 04.08.2021, 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58