Сот Айсұлтан Назарбаевты кепілмен босатты

05.07.2019, 04:46

94

Ұлыбританиядағы сотістері жөнінде ақпарат тарататын Court News UKжәне BBC-діңхабарлауынша, 4шілде күні Лондондағы Саутуарк сотында полицейді тістеп алған Айсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ ісі бойынша алдын ала сот отырысы өтті. BBC-діңжазуынша, Айсұлтан Назарбаевқа есірткі шегіп алып полицияға қарсылық көрсетті,полицейдің бірін ұрып, тістеді деген айып тағылып отыр.

Айсұлтан Назарбаевсот отырысында полицейді тістеп алғанын жоққа шығарды.

«АйсұлтанНазарбаев сот залындағы әйнекпен қоршалған арнайы бөлмеде отырған. Оның жанындакүзетші тұрды. Сот отырысы кезінде ол мүлде үн қатпады. Сотқа қатысушы тараптарда оған сұрақ қоймады», – деп жазады BBC.

А.Назарбаев сототырысы өткенге дейін Лондондағы Уандсворт түрмесінде отырған.

Сот отырысындапрокурор Грегор Маккинли А.Назарбаевтың 3 маусым күні International Park PlazaHotel қонақ үйінде шу шығарып, өзі тұрып жатқан нөмірдің балконына шығып алып,секіріп кетпек болғанын айтты.

5 маусым күніосыған ұқсас оқиға Лондондағы Ковент-Гарден ауданындағы пәтерлердің біріндеқайталаныпты. Шуды естіген көршілер полицейлерді шақыртқан. ПрокурорМаккинлидің айтуынша, А.Назарбаев өзіне-өзі қол саламын деп қорқытқан, онықұтқарып қалған полицей Росс Сэмбрукке тап беріп, кеудесінен итерген, сол қолынтістеп алған. Полицей А.Назарбаевқа электрошокер қолданып, әрең тыныштандырыпты.

ОсылайшаА.Назарбаевқа полицейге қарсылық көрсетті, жарақаттады және біреудің мүлкінбүлдірді деген айыптар тағылып отыр.

«ПрокурорМаккинли сотта А.Назарбаевтың Қазақстан билігіндегі адамдарға қатысы барынайтып, „Қазақстан билігінің өкілдері “Назарбаев отбасының атына кіркелтірмеу үшін» істі жаппақ болып, Лондон полициясына хабарласқанын, А.Назарбаевтыелге депортациялау мүмкіндігін сұрағанын" жеткізді. «Бірақ Лондонполициясы олармен байланыс орнатудан бас тартқан».

«Мемлекеттікайыптаушы Айсұлтан Назарбаев кокаин шегетіндіктен, агрессия көрсеткенін айтты. Қазақстанэкс-президенті жиен немересінің төлқұжаты тартып алынды. Грегор Маккинлиайыпталушының ықпалды отбасы оған дипломатиялық төлқұжат алуға көмектесіп, ол жауапкершіліктенжалтару үшін Ұлыбритания аумағынан шығып кетуі мүмкін екеніне соттың назарынаударып, оған жол бермеуге шақырды», – деп жазады BBC.

А.Назарбаевтыңадвокаты Алисдэйр Уильямсон алдын ала сот отырысында іске қатысты көп нәрсеайтпаған. Ол өзінің қорғауындағы азамат Ұлыбритания заңын құрметтейтінін,сондықтан «ол қашып кетуі мүмкін» деген сөздер А.Назарбаевтыңар-намысына тиетінін жеткізді.

«Адвокатсоттан А.Назарбаевты 90 мың фунт стерлингке кепілмен босатуды сұраған. Адвокат А.Назарбаевтыңполицияға күнде белгіленуге келіп кететінін, үйінде қонатынын айтып сендірді. Бұданбөлек адвокат өз клиентінің есірткіге тәуелді екенін мойындап, қазіргі кездеоны емдейтін аурухана іздестіріліп жатқанын жеткізді».

Судья Филипп БарбелА.Назарбаев ауруханаға емделуге жатса ғана кепілмен босатылатынын айтты. Судьяайыпталушының есірткіге тәуелділерді емдейтін Priory ауруханасына жатқаны дұрысдеген.

Court News UK-діңхабарлауынша, судья Айсұлтан Назарбаевты кепілмен босатып, ауруханаға жіберген.А.Назарбаевтың ісі бойынша соттың негізгі отырысы келесі жылдың 20 наурызындабасталмақ. А.Назарбаев соған дейін ауруханаға жатып емделуі тиіс.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:28
«Өтірік мәлімдеме». Бауыржан Байбек Жанболат Мамайдың айыптауларына жауап берді
Самал МАЕМГЕНОВА 13:51
Тәуелсіздік не берді?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.04.2021, 15:29
Тұңғыш ғарышкер Тоқтарды неге табандап таптаймыз?
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:43
Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 23 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:11
Нұр-Сұлтанда тасжол опырылды: мердігер компания жауапқа тартылады
Еркежан АРЫН 18.04.2021, 02:26
Қазақстан Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі жүргізіліп жатыр

Аңдатпа


  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08