Сот белсенділігі уақыт талабы

Ерзия ЕРСҰҢҚАР

24.05.2022, 13:35

737

Соңғы жылдары уақыт сұранысына сай соттардың белсенділігі артып келеді. Өйткені халықтың сотқа деген сенімі судьялар арқылы қалыптасатынын ескерсек, олардың сот шешімдерін кеңірек түсіндіріп бере алуының, сот отырысы барысында өз білгенімен бөлісуінің, яғни сот белсенділігінің маңызы зор екенін байқаймыз. Осы орайда өткен жылы маусым айында елімізде «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» қабылданды. Кодекстегі соттарға берілген еркіндік, жаңа мүмкіндік, тәуелсіздік пен белсенділік уақыт сұранысынан туындаған қағидаттардың бірі ретінде көпшілік қолдауына ие болды. Яғни әкімшілік сот ісін жүргізу соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асырыла бастады.

Осыған дейін судьяларымыздың сот отырысы барысында тараптардың бірінің құқықтық сауатының төмендігінен есесі кетіп жатқанын біле тұра сот ісіне араласуға құқығы жоқ болатын. Егер судья артық әрекет жасаса, екінші бір тараптың наразылығын туғызуы мүмкін болғандықтан, соттарымыз да сот ісіне араласудан сақтанып тұратын. Ал енді былтырдан бастап «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» негізінде судья әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелері мен мәлімдемелерін, өтінішхаттарын және олар ұсынған дәлелдемелермен, сондай-ақ әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектелмей, әкімшілік істі заң шеңберінде шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайларды жан-жақты әрі объективті түрде зерттеуге мүмкіндігі бар. Өз кезегінде бұл халықтың соттарға деген сенімінің артуына мұрындық болып отыр.

Сондай-ақ судьяның әкімшілік істің нақты және заңды талаптарына қатысты құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға да құқығы бар. Шыны керек, осыған дейін судьяның сот отырысындағы «бейтараптық принципін» ұстануы талай түсінбеушілік туғызған болатын. Немесе заң негізінде үкім шығара салуы, сот шешімін хабарлай сала сот залынан шығып кетуге асығуы сотқа қатысты арыз шағымдардың, аппеляциялық шағым жазушылардың қатарын айтарлықтай арттырған болатын. Қазіргі таңда жасалған өзгерістердің барлығы осы олқылықтардың орнын толтырғандай болып отыр. Яғни судья өзінің бастамасы бойынша немесе әкімшілік процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинау мүмкіндігі берілді. Сонымен қатар әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындауға «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» арқылы құзырет алды десек те болады. Қазір бұл өзгеріс жалпы қоғамның ойынан шығып отыр. Бұл өзгерістің артында судья белсенділігін арттыра отырып, халықтың сотқа деген сенімін де күшейту идеясы жатыр деуге болады. Судьяға та­раптар алға тартқан айғақтардың, дәйектемелердің шынайылығы мен негізділігін тексеру бойынша шаралар қабылдау құқығы бе­рілуі тараптардың да сот шешіміне риза болып тарқасуына, қайта арыз шағым жазбауына, сот жүктемесінің көбеймеуіне ықпал ете алады.

Бұрын судья азаматтық соттардағы сот процесінде ұсынылған арыздарды, шағымдарды немесе іс материалдары аясында баяндалған жағдайларды олардың шеңберінен шықпай зерттесе, жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде бұндай іс-әрекеттермен шектелмейді. Жаңа заңнамада берілген мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өз белсенділігін барынша қолдануға мүмкіндігі бар. Судьяға екі жақ ұсынатын дәйектемелердің шын әл­де жалған екенін өз бетінше тексеру мүмкіндігі судья белсенділігінің көрсеткішіне айналып отыр. Судья­лардың белсенділігіне осыған дейін бейта­раптық қағидаты кедергі болса, енді соттың процес­тегі белсенділігі күшейе түсуде. Бұл азаматтық сот өндірісінің үздік әлемдік тәжірибесіне сәйкес келіп отырғанын да айта кету керек.

Тегтер: сот қылмыс тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлия ТАУКЕНОВА 24.06.2022, 12:50
Мерғалиға ауылдың бір көшесін неге қимадық?
М.СӘУЛЕБЕК 23.06.2022, 16:40
Түркістан медицинасы үздіктердің қатарында аталды
М.СӘУЛЕБЕК 22.06.2022, 16:50
Мегаполис атанған Шымқалада не өзгерді?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.06.2022, 11:00
Флораға жұтаң Қарағанды шөлейттегі шаhар ма?
М.ЖӘНІБЕКҰЛЫ 22.06.2022, 08:36
Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 21.06.2022, 11:40
«Билайн» балаларды неге соттайды?

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33