Сот мәдениетін жақсартудағы белсенді жұмыс сот реформасының сәттілігіне ықпал етеді

Еркежан АРЫН

18.05.2021, 09:36

764

Сот саласында жасандды интеллект қызметтерінің қолданысқа енгізгелі жатқандығына байланысты әзірлеушілер қылмыстық процестегі нақты қарсыластық сипаттағы мәселеге де назар аударды. Мұндағы басты сын - соттың айыптаушы тарапқа басымдық беретіндігінде. Іс жүзінде тергеуші материалдар жинайды және өзі сотқа дейін оларды дәлел ретінде таниды. Бұл дәлел бола ма, жоқ па, оны прокуратура шешеді. Сонымен бірге қорғаныс тарапының дәл мұндай құқығы жоқ. Бұл теңдік қағидасын бұзады.Жоғарғы соттың судьясы Аслан Түкеев:- Сарапшылар өтініш білдіріп жатыр: дәлелдеме ретінде кез келген нәрсені полиция мен прокуратура емес, тек сот мойындауы керек. Сот айыптаушы тараптың дәлелдерін алдын-ала дәлелдеуімен байланысты болмауы керек. Шындығында, бізде судья істі оқығанда, тіпті сотқа дейін, айыпталушының кінәлі екендігі туралы парадигма құрылады. Сондықтан оған қорғаныс дәлелдерін адекватты түрде қабылдау қиын, - деп санайды.Яғни, сарапшының айтуынша, біздің айыптау қорытындыларымыз категориялық, бір мағыналы етістіктерге негізделген – ол жасады, қылмыстық ойы болды, ұрлады, әрекет етті және т.б. Ал халықаралық соттардың стилі басқа. Айыптаушы мән-жайларды басқашалау жеткізеді: болжау, мәлімдеу, дәлелдеу. Мұны алғашқы әсер ету (прайминг) эффектісі деп атайды – егер алғашқы параметр адамның санасына, яғни судьяға және одан кейінгі әрекетіне әсер етеді.- Біздің ойымызша, екі жақты бағалау мен істі сот талқылауына дейін қалыптастырудан бас тарту керек. Бұл – процесте декларативті емес, нақты бәсекелестікке жетудің жалғыз жолы, - дейді Аслан Тукиев.Сондай-ақ жаңа Әкімшілік іс жүргізу кодексінің енгізіліп жатыр. Жоғарғы Сот өкілдерінің айтуынша, Бас прокуратурамен және Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, барлық мемлекеттік органдарды бір ақпараттық платформада байланыстыруға ниетті. Адамның мемлекеттік органға кез-келген алғашқы өтініші бойынша әкімшілік іс қозғалады. Егер мемлекеттік орган оны шешпесе және мәселе сотқа жіберілген болса, онда бұл іс барлық хат алмасу тарихымен автоматты түрде соттардың ІТ жүйесіне жіберіледі және сот ісін жүргізудің бөлігіне айналады.Жобаның апробациясы осы жылдың бірінші тоқсанында жүргізілді.Жоғарғы сот аппаратының жетекшісі Ербол Умралиев:

- Біз құқықтық мемлекет құрып жатырмыз. Бірақ, өкінішке орай, біз халықтың құқықтық сауаттылығына тиісті назар аудармаймыз. Соттан тыс ымыраға келуді үйретпейміз. Келісімшарттар жасасу және орындау, қарызды төлеу мәдениетін сіңірмейміз. Бүгінгі күні барлық сот ісін жүргізудің 70%-ы азаматтық даулар. Жыл сайын миллиондаған азаматтар сотқа жүгінеді. Сонымен бірге соттағы азаматтық істердің 30%-ы отбасылық-неке даулары: мүлікті бөлу, балаларды кім тәрбиелейтіні туралы дау, алимент. Бірақ егер жас жұбайлар неке шартын жасаса, мұндай дауларды шешу оңайырақ болар еді. Бұндай институт дамыған елдерде бәрі ұсақ-түйекке дейін жазылады. Осы негіздегі даулар да аз кездеседі.Ал қаржылық-несиелік даулар да 30% дейінгі көрсеткішті құрайды. Адамдар несие алады, кепілге пәтер береді, кепілгер ретінде әрекет етеді. Сонымен, оқымай келісімге қол қоя салады. Ал оны орындамағаны үшін санкция болатындығын тек мүліктен айыру қаупі туындаған кезде бірақ біліп жатады...

Осыған орай, сот мәдениетін жақсарту бойынша белсенді жұмыс сот реформасының сәттілігіне айтарлықтай ықпал етер еді. Егер осы мәселелерді де қамтыса, реформалардың тиімділігі әлдеқайда жоғары болмақ. Бірақ олар сот жүйесінің шеңберінен шығады. Сондықтан, қатысуға тек мемлекеттік құрылымдар ғана емес, сонымен қатар сындарлы диалогқа бейім қоғамдық институттар мен азаматтық белсенділер де қажет деп танылады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02