Сот процестерінің 6 пайызы ғана оффлайн режимде өтуде

Еркежан АРЫН

09.06.2021, 10:45

718

Пандемия жылы қазақстандықтар сот процестеріне сот залында емес, интернет-платформалар арқылы келуге дағдыланған сияқты. Алайда сот жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу курсын тұңғыш президент Н.Назарбаев 2013 жылы судьялардың VІ съезінде салғанын бірі білсе, бірі білмейді. Жеті жыл ішінде цифрландыру «100 нақты қадам» және «Цифрлық Қазақстан» стратегиялық құжаттарының арқасында үлкен жетістіктерге жетті.

ҚР Жоғарғы соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов:

– 2018 жылы Жоғарғы сот «Қазақстандағы сот жүйесін цифрландырудың 2022 жылға дейінгі даму стратегиясын» қабылдаған болатын. Ол саланы цифрландыруға үлкен «дем берді». Ақпараттық технология қызметтері сот ісін жүргізуді айтарлықтай жеңілдетеді. Бүгінгі таңда азаматтық талаптардың 92 пайыздан астамы электронды түрде жіберілген. Сонымен қатар қылмыстық процестің сапасы соттардың («Төрелік» платформасы) және құқық қорғау органдарының (сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімі) ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы жоғарылай түспек. Қылмыстық қудалау органдарынан соттарға ауырлығы мен санкциясының төмен дәрежесі бойынша істер бойынша электронды материалдар келіп түседі.

Бұл оларды қарау тиімділігін едәуір арттырады, қылмыстық құқық бұзушылықтар мен оларды жасаған адамдардың бірыңғай есебін, сондай-ақ олар бойынша сотқа дейінгі тергеу кезінде қабылданған шешімдерді қамтамасыз етеді.

Страсбург CEPEJ-нің 2020 жылғы 10 маусымдағы адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау жөніндегі соттардың жұмысын бұғаттау мүмкіндігі туралы ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан соттары жедел түрде істерді қараудың қашықтағы форматына көшті. Сондықтан 2020 жылы карантиннің алғашқы күндерінде мобильді бейнеконференциялар серверлерінің саны 67-ден 152-ге дейін көбейтілді. Қазір «Сот кабинеті» 95 пайызға дейін құжаттарды электронды түрде қабылдайды, күнделікті қашықтықтағы сот отырыстарының саны 30 есеге өскен. Барлық процестердің 99,5 пайызы онлайн режимінде өтеді. Сонымен қатар тараптардың өздері процестерге онлайн қатысу туралы айтады. Болашақта электронды азаматтық және қылмыстық залдармен жабдықтау.

Өркениеттен шалғайлығына байланысты немесе «интернеттен алыс» тұратын немесе өздерінің жасына, немесе мүмкіндіктеріне байланысты гаджеттерді қолдана алмайтын адамдардың мүдделері қалай ескерілмек?

Сот ісін цифрландыру кезінде мемлекет қашықтағы елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ біздің отандастарымыздың сот отырыстарына қашықтан қатысудың басқа да

проблемаларын ескертіп өтті. Яғни байланыс сапасын да, гаджеттерді қолдану мүмкіндігін де ескерді. Мұндай жағдайлар аз болса да, бар. 2021 жылдың алғашқы үш айында республикада барлығы 202 015 сот отырысы өтті. Олардың ішінде оффлайн режимінде, яғни істерге қатысушылардың немесе куәгерлердің тікелей қатысуымен 11 940 іс өтті. Бұл жалпы санның 6 пайызын ғана құрайды. Яғни көрсеткіш аса үлкен емес. Ал сол 6 пайыздың жартысынан көбі техникалық қиындықтарға байланысты (интернетке қосылу, байланыс сапасының жеткіліксіздігі) және процеске қатысушылардың сандық сауаттылығының жеткіліксіздігінен орын алып отыр (олардың гаджеттермен, мессенджерлермен, бағдарламалармен жұмыс істеу дағдылары жоқ).

Қалған 2,4 пайыз оффлайн отырыстар жабық сот отырысына жататын істер санаттары бойынша немесе сот процесіне қатысушылар көп болған кезде іс жүргізу құпиясын қамтамасыз ету мақсатында өткізілді. Мысалы, ондай жайт «Қордай» қылмыстық ісінде болған. «Елді мекендерді интернетпен қамтудың кеңеюін ескере отырып, оффлайн жағдайлардың саны азаяды деп ойлаймын. Ең озық ақпараттық технологияларды енгізу қазақстандық сот төрелігін одан да ашық етеді деген сенімім бар», – дейді Н.Байтілесов.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 19:47
Байбек: Nur Otan-ның сайлауалды уәделері өңірлерде 14%-ке іске асырылды
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 24.09.2021, 13:06
Баланың мұңын кім тыңдайды?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2021, 10:08
Солтүстік қазақылана бастады
Әдина ЕРҚАРАЕВА 23.09.2021, 17:30
Құл ететін құмар ойындар
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39