Сот реформаларын заңнамалық қамтамасыз етуді Сенат жүзеге асыратын болады

Еркежан АРЫН

16.03.2021, 15:16

192

Бүгін Сенатта сот жүйесі туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды. Жоғарғы Соттың басшылығы мен судьялары да конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысына қатысты. Осы салада жүргізілген реформалардың негізгі басымдықтарын бұған дейін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан болатын. Олар депутаттардың заңнамалық бастамаларына негіз болды. 

«Сот жүйесін реформалауды тиімді жүргізу үшін Парламент сот жүйесін модернизациялауға, сот төрелігінің ашықтығын, сот істерін қараудың тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған бірқатар заңдар қабылдады. Бүгінгі іс-шара — Сенаттың сот жүйесін реформалауға заңнамалық қолдау көрсету және Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерді шешу бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарының логикалық жалғасы», — деді Комитет төрағасы Владимир Волков. 

Жоғарғы Соттың Төрағасы Жақып Асанов мәжілісте жүргізілген жұмыстар туралы пікірімен бөлісті. Ол қазіргі кезде елдің сот жүйесі халықтың сенімін арттыруға және азаматтардың сот төрелігіне, сондай-ақ заңның үстемдігіне қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған басым жобаларды іске асыруды жалғастырып жатқанын баса айтты. Сенаторлар тарапынан жүргізіліп жатқан реформаларды уақытылы заңнамалық қолдаудың маңызы зор екенін алға тартты.

«Соңғы жылдары сот процедурасы мен сот жүйесін модернизациялау бойынша бірқатар жүйелік шаралар қабылданды. Депутаттардың қолдауының арқасында биылғы жылдың 11 наурызында сот жүйесін модернизациялау бойынша түзетулер қабылданды. Жұмыс жалғасып жэатыр», — деді Жақып Асанов. 

Кездесуді қорытындылай келе, Комитет төрағасы Владимир Волков Комитет Мемлекет басшысының сот тәуелсіздігін нығайту жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін күш-жігерді одан әрі жалғастыратындығына назар аударды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:11
Нұр-Сұлтанда тасжол опырылды: мердігер компания жауапқа тартылады
Еркежан АРЫН 18.04.2021, 02:26
Қазақстан Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі жүргізіліп жатыр
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 17:42
Нұр-Сұлтанда жолда төбелескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 13:27
Алматыда Аяжан Еділованың жерлеу рәсімі өтті
Еркежан АРЫН 16.04.2021, 02:13
Ресей - әскери-стратегиялық серіктес
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.04.2021, 14:38
Доскейдегі дәруіштің күйін кешкен донор

Аңдатпа


  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24