Сот саласының ардагерлерімен кездесу өтті

Еркежан АРЫН

01.09.2021, 14:53

666

      Елордада Конституция күні қарсаңында жас тергеушілер сот саласының ардагерлерімен кездесті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының экс-судьясы, Қазақстан облыстық соттарының төрағасы, көптеген марапаттардың, оның ішінде «Құрмет» орденінің иегері Амангелді Рысқалиев, заң ғылымының докторы, профессор, құқық ілімдерінің тәлімгері Есберген Алауханов, медицина ғылымының докторы, профессор, медицина қызметінің полковнигі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің экс-депутаты, «Құрмет» орденінің иегері Иманәлі Байдәулет қатысты.

       Іс-шараны ішкі істер министрлігінің тергеу департаменті ұйымдастырды.  Қазақстан облыстық соттарының төрағасы Амангелді Рысқалиев: «Заң саласында жұмыс істейтіндер үшін Конституция күні ерекше мереке болып саналады. Біздің басты міндетіміз – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Біздің уақытта Конституцияға ерекше назар аударылды, жеке арнайы пән ретінде зерттелді. Әркім өз елінің Конституциясын білуі керек және оны үнемі насихаттауы керек. Конституцияда бәрі мұқият жазылған, нормалар заңмен реттелген. Мен көп жылдар бойы сот саласында жұмыс істедім, судья болдым. Соған қарамастан, сол алғашқы үш жылда тергеуші болып жұмыс істедім. Сондықтан бұл сала маған да жақын. Оқуды бітірген соң, аудандық сотта тергеуші болып жұмыс істедім. Қылмыстық іс бойынша басты адам – тергеуші», – деді.

       Кездесу барысында ардагерлер өз тәжірибесімен және пайдалы кеңес,  дағдыларымен бөлісті. ІІМ тергеу департаментінің бастығы, полиция полковнигі Санжар Әділов: «Сіздердің жүріп өткен жолдарыңыз жас ұрпақ үшін ерекше үлгі. Бүгінгі кездесуде ардагерлеріміз өз пікірлерімен бөлісіп, жас тергеушілерге тәуелсіздіктің басты белестері туралы айтып берді. Бүгін астаналық жас тергеушілер де осында отыр. Менің ойымша, кездесу жиналғандар үшін өте пайдалы болады», – деді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарлы БАЙҒАНИН 05:08
«Құдай маған форточкадан береді»
Сайт әкімшілігі 16.05.2022, 14:59
Мектептегі зорлық: ата-аналар іс жабылып қала ма деп қорқады
Бифат НҰРМАХАН 13.05.2022, 13:00
Бала құқығы – басты құндылық
Нұрболат ӘЛДИБЕК 13.05.2022, 10:45
«Көне Тараз» құлағалы тұр
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 13.05.2022, 07:59
BI Group-тың былығы тексерісті қажет етеді
Сайт әкімшілігі 12.05.2022, 18:50
ҚР Кәсіподақтар федерациясының республикалық штабының алғашқы отырысы өтті

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27