06.01.2020, 15:32
199
Алматы қаласыныңЖетісу аудандық соты Арман Шораевтыңадвокат Абзал Құспан мен журналист Сәуле Әбділдаханқызының үстінен жазғанарызын қанағаттандырмады.
Сот ҚР Әкімшілік Кодексінің 168, 279, 280, 268, 269баптарына сүйене отырып, Арман Шораевтың 2019 жылдың 6 қазан күні «Facebook»әлеуметтік желісінде жарияланған материалға байланысты Абзал Құспан мен СәулеӘбділдаханқызынан моралдық шығын талап еткен арызын қараусыз қалдырды.
Заң бойынша,айыптаушы тарап 10 күн ішінде Алматы қалалық сотына шағымдануға құқылы.
Естеріңізгесалайық, бұған дейін Арман Шораев Абзал Құспан мен Сәуле Әбділдаханқызын өзін ИсламӘбішев ісіне араластырды деп айыптап, моральдық шығын ретінде 10 миллионтеңге талап етіп, сотқа шағымданған. Оның бұндай қадамға баруына СәулеӘбділдаханқызының «Facebook» парақшасында жарияланған жазба себеп болған.
Коллаж: Жас Алаш.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР