Сот жүйесін цифрландыру саланың ашықтығына жол ашты

Ерзия ЕРСҰҢҚАР

22.04.2022, 16:25

1196

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты –  инфрақұрылымды дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру болғаны белгілі. Сондықтан қоғамды алға тартатын сандық өзгерісті халық та қуана қабылдады. Бүгінде қоғамымыз цифрлық жүйеге бет бұрған салалардың игілігін көріп келеді. Соның ішінде сот саласының цифрлы жүйеге дер кезінде бет бұруының артықшылығын пандемиялық кезеңде анық сезіндік.

Барлық салалар онлайн жүйеге ауысып, онлайн жүйеде жұмыс істеп, мүмкін болмағандар уақытша жұмысын тоқтатып жатқанда сот саласы бір сәт те болсын жұмысын тоқтатпады. Онсыз да судьялар жүктемесі көп кезеңде сот жұмысының тоқтамауы да аса маңызды болатын. Сондықтан карантиндік жағдайда абдырап қалмастан ақпараттық технологиялардың көмегіне сүйеніп, цифрлы жүйенің артықшылығын сот саласының дер кезінде жүзеге асыруының арқасында сала дамудың жаңа бір кезеңіне өткендей болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, еліміз  құқықтық жүйені әлемнің озық стандарттарына сай ету мақсатында көптеген реформалар қабылдап, өрке­ниет­ті елдер тәжірибесін тыңғы­лықты зерделей отырып, сот жүйесіне енгізіп, ашық әрі халық сеніміне лайық сот жүйесін қалып­тастыруға тырысуда.

Цифрлы жүйе осы мақсаттарды әлдеқайда жақындатты. Сала қағазбастылықтан арылып, халық уақытын үнемдеп, сот жүктемесінің азаюына ықпал етіп, сотқа жүгінуші тараптардың да орынсыз сабылып, бір қаладан екінші қалаға сот ісі үшін арнайылап жүруінің алдын алды. Есесіне сот жүйесінде ­электронды технологияға негізделген, заман талабына сай, оңтайлы, қолжетімді, ашық сот процестері базасы жасалып, халықтың сотқа деген сенімінің артуына әсер етті. Бүгінде сала мамандары да озық сот тәжіри­бесін қалыптастырып, сот өндірісін жетілдірудің негізгі көзі инновациялық технологияны кеңінен пайдалану екенін мойындауда.

Сондықтан Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановтың тапсырмасымен еліміздің барлық соттары әлеуметтік желілерге тіркеліп, саладағы өзгерістер туралы, әрбір өткен сот отырысы мен кейбір елді елең еткізген сот істері туралы көпшіліктің назарында жазба жариялап, халықпен барынша ашық, жариялы қарым қатынас орнатуға тырысуда. Өз кезегінде сот ісіне наразы болған кейбір тараптардың әлеуметтік желі арқылы Жоғарғы соттың парақшаларында өз пікірін қалдыруға, тіпті соттың назарын аудару үшін кейбір істерді ашық әлеуметтік желіде талқылау үшін «Жоғарғы сот: Қоғамдық пікір» секілді желіден арнайы парақшалар да ашылған. Мұның барлығы халық пен соттың арасын жақындату, сотқа сенім қалыптастыру мақсатында қолға алынып отырған шаралар деуге болады. Халық сенімін қалыптастыру мақсатында заманауи ақпараттық технологияларды пайдалануда да айтарлықтай өзгерістер орын алуда. Мәселен, 2014 жылы «Сот кабинеті» сервисі іске қосылып, электронды цифрлы қолтаңбаға ие азаматтар сотқа талап арыз-шағым, өтініш, пікір немесе қарсы талап арызды үйден шықпай-ақ электронды түрде беріп, тіпті мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеу мүм­кіндігін де пайдалана бастады. Электронды ақпараттық технологияның арқасында халық үйінде отырып, сот құжаттарымен танысып, сот отырысына да қатыса алатын болды. Ал 2017 жылдан бастап сот процестерін бақылайтын ахуалдық орталық іске қосылып, еліміздің барлық өңіріндегі сот зал­дары аудио-бейнетіркеу жүйесімен жабдықталды. Халықтың уақыты мен қаржысын үнемдеуге қоса, соттардың пошталық шығынға жұмсалатын бюджет қаражатын да үнемдеу мүмкіндігі туды. Сот отырысы туралы хабарламаны сотқа қатысушылардың ұялы телефонына жолдау, сот отырысына келместен жүрген жерінде қатыса беру мүмкіндігі сот жүйесіне де, халыққа да ыңғайлы болуда. «Ел даусыз болмас» дегендей, сотта жүктеме үнемі көп. Сондықтан сот жұмысының бұлайша жеңілдеуі бүгінгі күні сот ісін жүргізуде халыққа өте қолайлы болып отырғанын сезінеміз. Қазір жалпы қоғам сандық әлемнен ұтары мол екенін мойындай түсті.

Осы орайда сандық жүйенің, ақпараттық технологиялардың сот жүйесімен бірегей үйлесімділік табуы – өркениетті елдердің қатарына қосылуға ұмтылған ел мақсатын

Тегтер: сот қылмыс тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01