Сотта Ислам Әбішевке медициналық көмек көрсетілді

16.10.2019, 10:17

125

Бүгін астанада ауданаралықмамандандырылған сотта Ислам ӘБІШЕВ пен Серік ТҮКИЕВТІҢ ісіне қатысты үшіншіотырыс басталды. Сағат 10:00-де басталатын сотқа қатысушыларды жарты сағатқажуық кіргізбей, сот орындаушылары есік алдында ұстап тұрды. Себебі, айыпталушыИслам АЛМАХАНҰЛЫНЫҢ денсаулығы сыр беріп, сот орындаушылары жедел жәрдемшақырған.

«Ағамыздың жағдайы нашар деп, жақын туыстарын жанынакіргізді. Басу айтып, сөйлесіп, біраз көмек көрсеттік. Кеше ғана ағамыз суықжерде отырғандарын айтып шағымданғанын білесіздер, бүгін де аяқ-қолы тартыла бастаған. Жанында отырған айыпталушы Серік Түкиев алғашқы көмек жасаған. Жеделжәрдем келгенімен, мүлде дәрі-дәрмектері жоқ. Сот кезінде дәрігерлердің болуын талап етіп жатырмыз», — деді айыпталушының бауыры Ералхан ӘБІШЕВ.

Кезекті сот отырысыбасталған сәтте айыпталушы Серік Түкиевтің інісі, қорғаушы Марат ТҮКИЕВқатардағы орындаушы приставтың себепсіз сот залына кіргізбей, жолын бөгегеніүшін шағымданды. Дегенмен, мәселені қараған судья Қажымұқан МЕКЕМТАС қорғаушышағымын қанағаттандырмады.

Адвокат Абзал ҚҰСПАНсудьяға Ислам Әбішевтің денсаулығын дәрігерлерге тексертуге өтінішбілдірді, судья өтініштің жауабын 15:40-та айтатынын жеткізіп, сот отырысынаүзіліс жариялады.

Су комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішевке "ірі көлемде пара алуға оқталды" деген айып тағылған.  


Осы тақырыптыңбасы: «ИсламӘбішевті 97 мыңға қонақ үйге орналастырдым»



 

Фото автордікі. 


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 30.07.2021, 09:00
Ей, енді не істейміз?
Дарын ЗАМАНБАЙ 29.07.2021, 08:41
Жалқау қазақтың ғалымдары да жалқау болды
Еркежан АРЫН 28.07.2021, 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15