Сотталған генералдар

20.08.2019, 08:28

61

Zhasalash.kzқазақстан шенеуніктеріне қатысты әртүрлі ақпараттар ұсынуды жалғастырады. Бұлжолғы тізімде – сотталған генералдар.

Бұл тізімніңбасында атышулы Рахат ӘЛИЕВ тұр. 2007 жылдан бері үстінен қылмыстық ісқозғалып, көп қуғындалған, шетелге қашып кетіп, басы даудан арылмаған еңатышулы генерал Рахат Әлиев. Генерал-майор шені бар саясаткер әрі бизнесменӘлиев 2007 жылы ұйымдасқан қылмыстық топ құру, адам ұрлығын ұйымдастыру, қаруқолдану, адам денесіне әр түрлі зақым келтіру сияқты бірнеше айыптаулар бойыншакінәлі деп танылған.


Сол кездегі елпрезиденті Нұрсұлтан Назарбаевпен кикілжіңнен соң елден қашып кеткен Әлиев 2008жылдың 15-қаңтарында Алматы қаласы, Алмалы ауданаралық сотының шешіміменсырттай сотталды. Сот Әлиевті 20 жылға бас бостандығынан айыру жәнедүние-мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарады. Осы жылы Ақмола әскеригорнизонында тағы да сырттай сот процесі өтіп, Әлиевтің 20 жылына тағы 20 жылқосып берді. 2008 жылдың 20 сәуірінде президент Назарбаевтің шешімімен Әлиевтіңбарлық наградаларының күші жойылды. Сол жылы Австрия соты Әлиевті қамауға алып,кейін 1 миллион евро кепілдікпен үй қамаққа жібереді. Кейін, 2015 жылдың 24ақпанында Австрия түрмесінде қамауда отырған Рахат Әлиев қайтыс болды.


Рахат Әлиевпенсыбайлас ретінде іздеу жарияланып, Австрияға қашып кеткен ҰҚК басшысы болған Әлнұр МҰСАЕВ «Нұрбанктың» екі топ-менеджері Жолдас ТЕМІРӘЛИЕВ пен АйбарХАСЕНОВТЫ өлтірді деп айыпталған. Оның сыртынан Ақмола әскери горнизонындағысотта Әлиевпен бірге сырттай 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасытағайындалған. Қосымша билікті басып алуға әрекеттенді деген айыбы бар. РахатӘлиев қайтыс болғаннан кейін Вена соты Әлнұр Мұсаевты «топ-менеджерлер өлімі»бойынша тағылған айыпты жоққа шығарып, сот залынан босатқан болатын. Бірақ,Қазақстан тарапы бұл шешіммен келіспейді. Мұсаевтың басында қазір Қазақстансоты тағайындаған 35 жылдық жазасы бар. Ол экс-генерал тұтқынға алынған күнненбастап есептеледі. Дегенмен, Мұсаев қазір шетелде қашып жүр.


Қорғанысминистрінің бұрынғы орынбасары, генерал Бағдат МАЙКЕЕВТІ Астанада өзі тұратын үйдің ауласында 2 миллион доллар пара алып жатқан жерінде ұстаған  болатын. Шенеунік бұл ақшаға таныс кәсіпкергетендер ұтып берген екен. Осылайша «асаірі көлемде пара алды» және «қару-жарақты заңсыз сақтады» деген айыппен 2014жылдың 27 маусымында алты жылға сотталған. Бірақ, генерал қатерлі ісікке шалдыққандықтанмерзімінен бұрын 2015 жылдың 4 ақпанындағы қаулымен бостандыққа шыққан еді.


Бұрынғыгенерал-лейтенант, Қазақстаншекара қызметінің экс-директоры Нұрлан ЖОЛАМАНОВ та сотталған болатын. 2015жылы «Ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны»және «аса ірі көлемде пара алғаны» үшін 11 жылға бас бостандығынан айыру туралыүкім шыққан. Нұрлан Жоламанов тағылған кінәні мойындамаған. Өзінің қамалуын«саяси тапсырыс» деп түсіндірген. Дегенмен, оның көмекшісі осы іс бойыншакінәлі деп танылған Қайрат БАЛМАҒАНБЕТОВ барлық кінәсін мойындаған.


«Ұйымдасқанқылмыстық топ құрды» деген айыппен сотталған тағы бір генерал Алматының бұрынғыбас қаржы полицейі Әмірхан АМАНБАЕВ. ГенералАманбаев сотталып жатып та өзінің бұрынғы қызметтесі қолына кісен салыпжатқанда талып қалып біраз шу шығарған. Алайда, генералдың бұл еркелігіескерілген жоқ. 2017 жылы 14 жылға басбостандығынан айырылып, жазасын қатаң режімдегі түзеу колониясында өтеу туралыүкім шыққан.


Жымқырамындеп «тұтқын» атанған тағы бір генерал Серік ЫСМАЙЫЛОВ. Алматыда Әуе шабуылынақарсы қорғаныс әскерінің бұрынғы қолбасшысына 2018 жылы өзініңүш қызметшісімен қоса әскери бөлімнің жеке құрамына берілуі тиіс сыйақыныңүштен бір бөлігін, яғни төрт миллиард теңгеге жуық ақшаны жымқырған деген айыптағылған. Сот Серік Ысмайыловқа 4 жыл бас бостандығынан айыру туралы жазакескен.


ҰҚКэкс-басшысы, генерал Нартай ДҮТБАЕВ ақша жымқырғаны үшін сотталған. 2019 жылыоның қамау мерзімі 12 жылдан 11 жылға қысқартылды. Оның 2016 жылдың 28желтоқсанында ұсталған.


2013 жылдың қаңтарында қаржы министрі Кедендік бақылаукомитетінің бұрынғы төрағасы Серік БАЙМАҒАНБЕТОВ 80 мың доллар көлемінде параалды және қызметтік өкілеттілігін теріс пайдаланды деген айыппен ұсталып, 10жылға бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін тәркілеу туралы шешіммен қамауғаалынған. Дегенмен, экс-генералдың 2015 жылы мерзімінен босату туралы өтінішіқабылданып, босап шығу туралы шешім шығарды.


200 мың доллар параалып жатқан жерінен ұсталған генерал-майор Алмаз АСЕНОВ 2013 жылы 11 жылғасотталды. Қатаң режимдегі колонияға түскен ҚР Қорғаныс министрлігінде басқарма басшысыболған генерал бар-жоғы үш жылдан кейін босап шығып, біраз жұртты таңқалдырған.



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16:17
Адам өміріне араша түскен полицейлер марапатталды
Сайт әкімшілігі 13:59
"ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
Сайт әкімшілігі 11:53
COVID-19: 222 адамның жағдайы нашар
Сайт әкімшілігі 10:22
Коронавирустан 900-ден астам бала емделіп жатыр
Бифат ЕЛТАЕВА 09:56
Туған баласынан безінетіндер неге көбейіп кетті?!
Сайт әкімшілігі 29.11.2020, 17:57
"Nur Otan" партиясының қатарына тағы 1,5 мың қазақстандық қосылды

Аңдатпа


  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09