03.07.2019, 17:29
395
Қазақстанныңбірінші президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жиен немересі Айсұлтан НАЗАРБАЕВ Лондондаполицей қызметкеріне шабуылдап, тістеп алды деп айыпталуда. А.Назарбаевтың ісін Лондондағы Саутуарк соты (SouthwarkCrown Court) қарап жатыр. Бұл туралы Ұлыбританиядағы сот істері жөнінде ақпараттарататын CourtNews UKсайты хабарлады.
Сотта қаралған іскеқарағанда, Қазақстан экс-президентінің жиен немересі өзіне қол салмақ болған. Ал онытоқтатпақ болған полиция қызметкеріне А.Назарбаев тап беріп, тістеп алған.
«28 жастағыАйсұлтан Назарбаев маусымның 5-і күні белгісіз адамның пәтерінде Росс Сэмбрукесімді полиция қызметкеріне шабуылдады деп айыпталуда. Саутуарк сотында полицияқызметкерлері Назарбаев тұрып жатқан қонақ үйге екі күн бұрын шақырылғанынайтылды. Ол уақытта А.Назарбаев балконға шығып алып, төменге секіріп кетеміндеп қорқытқан».
Прокурор ГрегорМаккинли былай дейді: «Tavistock көшесіндегіпәтерден табылған айыпталушы мен полиция арасында жанжал шығып, сол уақыттаполиция қызметкерлерінің бірін тістеп алған».
«Ал сол оқиғаданекі күн бұрын полиция айыпталушы тұрып жатқан International Park Plaza қонақүйіне шақырылыпты. А.Назарбаев сол қонақ үйдің балконынан секіріп кетпек болған».
«АйыпталушыныңҚазақстанмен байланысы бар, ол Қазақстан президентінің немересі. Билік Лондонполициясымен байланысқа шығып, оны елге депортациялауға бола ма деп сұраған».
Қазір АйсұлтанНазарбаев полицияға шабуылдап, дене жарақатын салды деген айып тағылған. CourtNews UK сайтының ақпаратына қарағанда, А.Назарбаев 4 шілде күні өтетінсот отырысына дейін қамауға алынған.
Қазақстанның сыртқыістер министрлігі бұл іс туралы әзірге ресми түсініктеме бермеді.
Ұлыбританиядағы сотістерін тізіп отыратын Thelawpages.comсайтының мәліметіне қарағанда, А.Назарбаевтың ісі расында да 25 маусым күніЛондондағы Саутуарк сотында қарала бастаған. Іске «T20190199» нөмірі берілген.
Саутуарк сотыныңістері тізілген causelist.org/southwark/25-06-2019/ сайтында да 25 маусым күні Айсұлтан Назарбаевтың ісісотта қаралғаны көрсетілген.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР