Спорт пен туризм елді танытатын күш

Ерзия ЕРСҰҢҚАР

20.09.2022, 11:27

808

Еліміз Тәуелсіздік алған отыз жылдан астам уақыт ішінде көптеген жетістіктерге жетті. Соның ішінде спорт пен туризм саласы бойынша жеткен жетістіктер саланы дамытып қана қоймай, елімізді халықаралық деңгейде танытуға да өзінің оң ықпалын тигізуде. Спортшыларымыз халықаралық ірі додаларда топ жарып, ел мерейін асырса, туризм саласының дамуымен елімізге қызығушылық танытқан туристердің қатары артты.

Осы орайда айта кетсек,Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдар ішінде елімізде 77 стадион, 38 спорт сарайы, 8 мыңға жуық спорт алаңы салынған екен. Бұлардың барлығы бүгінде ел игілігі үшін жұмыс істеп, бұқаралық спорттың дамуына өз әсерін тигізуде. Сондай-ақ бүгінде 2 мыңнан астам спорт залдары пайдалануға беріліпті. Оларда түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылуда.

Еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандар да саланың дамуында назардан тыс қалған емес. Мәселен, елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 13 спорт клубы және 3 мектеп жұмыс істейді екен. Рас, бұл сан еліміздегі барлық мүмкіндігі шектеулі жандарды қамтуға аздық еткенімен, алдағы күндерде олардың санын еселеп арттыру көзделуде. Ал мүмкіндігі шектеулі жандардың қабілетін шыңдап, қоғамның толыққанды азаматы ретінде сезінуі үшін жыл сайын 5 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі спортшылардың қатысуымен спорттық шаралар ұйымдастырылады. Бір жыл ішінде түрлі санаттағы тұлғалар үшін 40-тан астам халықаралық және республикалық чемпионаттар мен турнирлер өткізіледі екен. Оларды халықаралық деңгейде танытуды да мақсат еткендіктен 2018 жылы елордада Қазақстандағы алғашқы параолимпиадалық жаттығу орталығы да ашылды. Осындай көңіл бөлудің арқасында бүгінде елімізде үлкен жетістіктерге жеткен спортшылар легі де қалыптасуда. Тіпті шекараның арғы бетіндегі ел сол спортшы арқылы Қазақстанды танитын жағдайлар да кездесуде. Әлем мойындаған бірнеше спортшыларымыз ел намысын халықаралық деңгейде қорғап та жүр. Жалпы қазақстандық спортшылардың жеңістері еліміздің халықаралық аренадағы имиджін қалыптастыруға септігін тигізетініне көзіміз жетіп келеді.

Осы орайда мемлекет бұқаралық спортты дамыта отырып, халықты жаппай спортпен айналысуға үндеп, спорт арқылы халықтың денсаулығын жақсартуды да көздеуде. Сондықтан елімізде бұқаралық спортты ауылдық жерлерде дамыту мақсатында арнайы мамандар дайындалуда. Спорт нұсқаушылары деп аталатын арнайы мамандар халықты жаппай дене шынықтыруға баулиды деп күтілуде. Бұл еліміздің спортты дамытуға барынша тырысып жатқанының бір көрсеткіші бола алады.

Негізі спорттағы ең биік шың – Олимпиада деп қарастыратын болсақ, еліміз ол дүбірлі додаға Тәуелсіз ел ретінде 1994 жылдан бастап қатыса бастады. Норвегияда өткен XVII қысқы ойындарда Владимир Смирнов ел атынан алтын алған тұңғыш спортшы атанса, 1996 жылы Атлантада ел құрамасы 11 медаль алып, Василий Жиров, Болат Жұмаділов, Анатолий Храпатый, Болат Ниязымбетов сынды спортшылардың жұлдызы жанды. Ал 2000 жылы Сиднейде қазақ жігіттері Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ыбырайымов биіктен көрінді. Және халықтың жанкүйерлік рухын оятты. Одан кейінгі жылдарда еліміздің спорт саласында Геннадий Головкин, Серік Сапиев, Александр Винокуров, Илья Ильин сынды мықтылармен жалғасып, спортта орнымыз бар екенін дәлелдей білдік. Тіпті елімізде спорт кешендері бой көтеріп, ірі спорттық додаларды өзімізде өткізе алатын деңгейге жеттік. Мәселен, 7-ші Азия ойындары мен 28-ші қысқы универсиаданы елімізде абыроймен атқардық. Мұндай шаралар әдетте спортта өз орны бар елдерге сеніп тапсырылатынын ескерсек – спорттық шаралардың ел абыройын асқақтатқанын аңғарамыз. Алдағы уақытта да ол спорт кешендері өзінің міндеттерін мінсіз атқара берері анық.

 Демек көз алдымызда өркендеп, еліміздің көк туын халықаралық деңгейде танытып жүрген спорт саласының еліміздің дамуында алар орны ерекше

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 30.09.2022, 08:50
Билік халыққа жау ма?!
Махамбет САПАРМҰРАТҰЛЫ 30.09.2022, 08:48
Тоны тозған қазақтың – тойы бітпес
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 29.09.2022, 16:05
Бөкейхан ауданында Әлиханды еске алу неге ұмыт қалды?
Сайт әкімшілігі 29.09.2022, 15:15
ЕЛІМІЗДЕ ОҚУШЫЛАР БОТАНИКАНЫ ҰНАТАДЫ
Сайт әкімшілігі 29.09.2022, 10:51
БҚО Үйлестру кеңесінде шекарадағы ахуал талқыланды
Сайт әкімшілігі 28.09.2022, 16:20
«ҚазМұнайГаз» бен «Шеврон» ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Аңдатпа


  • Даниалдар «дань» төлемейді!
    30.09.2022, 08:34
  • Билік халыққа жау ма?!
    30.09.2022, 08:50
  • «Қуантыров қуантпайды, Пірматовтан пайда жоқ...»
    30.09.2022, 08:49
  • Тоны тозған қазақтың – тойы бітпес
    30.09.2022, 08:48
  • Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..
    29.09.2022, 08:37