Студенттер: «Елбасытану» пәні мүлде қажетсіз

01.07.2019, 19:11

156

Еліміздің ЖОО-дары мен мектеп қабырғаларында «Елбасытану» элективті курсы өткізіледі. Ашық дереккөздердегі мәліметке сүйенсек бұл шара қолға алынғанына 6 жылдай болған. 
Мәселен, бұл курс алғаш рет 2013-2014 жылдары Астанадағы Ж.Жабаев атындағы мектеп-гимназиясы, №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі және № 38 мектептің оқушыларына өткізіле бастаған. Кейіннен, Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы және Аршалы ауданына қарасты Қосшы ауылдық округінде, Алматы облысы Қарасай ауданы Абай мектебінің оқушыларына арнайы дәріс өткізілген.
Ал, Қызылордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Н.Назарбаев: өмірі және шығармашылық идеялары» атты семинар-тренинг өткізіліп, онда да келген қонақтарға «Елбасытану» элективті курсының жұмыстары таныстырылған. Айта кетейік, бұл шара Қызылорда қаласындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасының көрме жобасы аясында ұйымдастырылған.
Ал, 2015 жылдың 8-29 қазаны аралығында Ақмола облысындағы № 38 лицей оқушыларына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қызметкерлері әзірлеген «Елбасытану» элективті курсы өткізілген.
Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті де бұл бастамадан шет қалмаған. Ондағы студенттердің айтуынша «Елбасытану» сабағы 1-курста жаппай өткізіледі. Тұңғыш президенттің өмірі жайлы дәріс оқылып, «Елбасытану» кабинетінен кітаптар алып оқуға тапсырмалар берілетін көрінеді. Алайда, студенттер бұл пән өздеріне мүлде қажетсіз деп ойлайды.
Алайда, пікір айтқанмен, аты-жөнін атап жазбауымызды сұрады. Себебі де түсінікті. «Баға алу үшін амал жоқ оқыған» студенттер өз пікірін айтқаны үшін қиын жағдайда қалудан қауіптенеді. 

«Біз бұл пәнді 1-курста  оқыдық. Енді студенттік өмірге үйренісіп жатқан кезіміз. Басқа пәндер сияқты сабақ кестемізге енгізіп қойыпты. „Бұл не үшін керек?“ деп бас қатырмадық, оқи бердік.  Кейіннен оқи келе бізге еш пайдасы жоқ сияқты болып көрінді. Жасыратыны жоқ, басқа студенттер де осыны айтады. Баға алу керек, сол үшін берген тапсырмаларын оқыдық. Бізде Елбасыға арналған  жеке кабинет бар. Сол жерден Н.Назарбаевтың өміріне байланысты кітаптар алып оқуға тапсырма береді. Түсінгенімізді айтып береміз. Осылай 1 семестр өтті», — дейді университет студентінің бірі.


Фото: vlast.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңлік АБАҒАН 04.08.2021, 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Елеусіз МҰРАТ 03.08.2021, 09:20
Еріккеннің ермегіне айналған әлеуметтік желіге тәртіп керек
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58