Sulpak маңында заңсыз оталған ағаштар ісі: сот үкімі шықты

Сайт әкімшілігі

24.05.2021, 13:31

1217

24 сәуірде Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Sulpak дүкенінің маңында оталған ағаштарға қатысты іске үкім шығарды. Сотталушы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. 

Алмалы аудандық соты ЖК өкілі Жанна Нұртаеваға қатысты істі ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігі "Өсiмдiктердің сирек кездесетiн және құрып кету қаупi бар түрлерін жою" бойынша қарады.

«Сот Жанна Нұртаеваны Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 55-бабының 4-бөлігін қолдана отырып, 1500 АЕК мөлшерінде, яғни 4 миллион 167 мың теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындады. Айыппұлды төлеу мерзімі заңды

Еске салайық, мұның алматылықтар ағаштардың кесілгеніне наразылық білдірген еді. Жасыл экономика басқармасының баспасөз қызметі мен Sulpak компаниясының өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірген болатын. Сол пікірінде „Arena S“ (Sulpak сауда маркасы) компаниясының өкілдері ағаштар кесілген аумақ компания меншігіне жатпайтынын мәлімдеген еді.

Кейінірек ағаштардың кесілуіне байланысты қала әкімдігі өкілдері пікір білдіріп, 13 түп ағашты заңсыз кескендер жазаланғанын айтқан болатын.

Бастапқыда қылмыстық іс ҚК-нің 340-бабы „Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу немесе жою“ бойынша тіркелді. Алайда кейін іс ҚК-нің 339-бабы екінші бөлігіне қайта сараланды. Іс бойынша негізгі айыпталушы ЖК басшысы. Ол осы жер учаскесін абаттандыру туралы келісім жасаған.

19 наурызда Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Sulpak дүкенінің мағында ағаштарды кесу бойынша сот талқылауы басталды. Сотталушы кінәсін ішінара мойындады

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02