Сұмдық демеске лаж жоқ...

Несіпхан ҚОҢЫРБАЕВ

01.02.2023, 04:13

1132

Біздің Шу қаласында Мейманхана мен мейрамхананы аттаған сайын кездестіруге болады. Көпшілікке арналған, тапсырыспен қабылдайтыны бар, моншадан көп нәрсе жоқ. Бірнеше жыл көпшілік моншаға бармаған басым жақында монша деген тазарып, жуынып қайтатын жерден лас тіршілікті көріп, түңіліп, қайттым.

Ерлер бөлмесінде түр келбеті жарасымды екі келіншектің емін-еркін жүріп, қол аяғы сау үлкен-кішінің арқасын езіп, ысқылап (арқасы деген бер жақтағы сөз) ақша тауып жүргеніне қарадан-қарап шошыдым. Жеткен жеріміз осы болғаны ма? Мені ойландырған нәрсе жаңағы келіншектердің туған-туыстары, оқушы балалары, қатар-құрбылары жоқ па? Ертеңгі күні моншаға келген оқушы баланың өзінің қатарына бәленшенің мамасы моншада жүр десе, өмірбақи баласының жанына жара салатынын білмей ме?! Жоқ, бізге бәрібір болғаны ма? Ау, ағайын. Бұл көрініс тек бір ғана моншадағы сөз емес. Ақша қуып, пайдадан басқаны ойламайтын ашкөздік ар-ұятты таптап кетті ме? Тұрмыс тауқыметімен нан табудың жолы осы деп, осындай лас тірлікке барғандарға кімдер жол ашып отыр? Жоқ, болмаса, жаһанданудың жолы осы деп қарап отырамыз ба? Анасы, қарындасы, қызы бар қазақтың баласы қашан мұндайға барып еді. «Құдай жаратқан қол-аяғың бүтін тұрғанда өзгенің көмегіне жүгініп, «мүгедек» болудың нышаны жақсылыққа апармайды», дейді хадисте. Мүмкін, менің ойыма қарсы уәж айтатындар бар шығар.

«Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді», «Нарық заңы – ақша табу, сауда», деп жүріп, шектен шығып, ұлттық құндылықтарымыздың ең үлкені ұятымызды жоғалтып жатқан жоқпыз ба?! Мейрамханаларда жартылай жалаңаш  билеген қыздарға тыйым жасап, әуреленіп жүргенімізде, тыржалаңаш еркектердің ішінде жүрген әйелдерге де тыйым керек. Жоқ әлде монша мәдениетінде осылай болу керек пе? Мен осы Шу қаласында көптен бері такси жүргізушісі болып нәпақа табамын. Басқа жақты қайдам, көзіміз көрген соң айтамыз – Шу қаласының Қант зауыты аумағында балабақшаның жанына қатарлас орналасқан сауна үйінің тіршілігін не деуге болады? Музыкасын бақыртып, келіп-кетіп жатқан әйдік үйдей, көліктердің нөмірінен қандай мырзалардың мұнда жиі келетінін де білуге болады. Мені қатты ойландырып, білгім келіп отырған нәрсе, осындай қоғамымызға жат тәрбие ісіне қатысты келеңсіз нәрселерді қадағалайтын, ішкі ахуалымызды зерттеп отыратын, мемлекет қорынан арнайы жалақы алып жүрген Әкімшілік басшылық органдағылар мұндайды көрмей ме?! Тіпті, халық сайлаған депутаттардың өздері сол моншаларда жуынып жүргендерін көріп жүрміз. Бұл дегеніміз – депутат моншаға бармасын деген сөз емес. «Сол халық қалаулыларының осындай оспадар тіршілікті байқамауы мүмкін емес», деп ойын білдірді өзін Исахан деп таныстырған азамат. Біреулерге бұл көрініс  күнделікті үйренген жайт шығар. Бірақ болашағымыз  балаларымыз  жастайынан  жиіркенішті жайды көріп өссе, не үміт, не қайыр. Әдебиет пен мемлекет ісінің абызы атанған Әбіш Кекілбаевтың: «Қара басынан басқаны ойламайтын қара байлық, ел тағдырына жаны ашымайтын енжарлық,  бойымызға сыналап кіріп бара жатыр ағайын, көздеріңді ашатын кез келді, қапы қалмайық!» деген жанайқайы бекер айтылмаса керек. Ойланайық, ағайын!

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:59
Алматыдағы тұрғын үйлерде заманауи экопункттер пайда болады
Сайт әкімшілігі 15:47
Мақсат – елдің дамуын үдету
Әділ АҚЫЛБАЙ 15:01
Офицерлердің еңбегі ерен
Б.НҰРМАХАН 13:23
Кітап оқу – мәдениет кілті
Сайт әкімшілігі 09:24
ҚазҰУ – ғылым мен білімнің ордасы
Арайлыи ЕРКЕБАЕВА 09:15
«Дені сау ұлт» жобасы аймақтарға қандай мүмкіндік береді?

Аңдатпа


  • Үкімет кетті, «Халық әртісі» мен Қошанов қайта оралды
    05:37
  • Айтыскер, блогер һәм тренер
    05:34
  • Кәсіптік білім. Диплом тарату – маман дайындау емес
    05:32
  • Жетісайдың «күрескер» әкімі Жыңғылмен күресіп жүр
    29.03.2023, 05:46
  • Нұртай Базарұлы, зейнеткер: Қарағұсованың заңына қарсылық білдіремін
    29.03.2023, 05:44