Тағы да «СК-Фармацияның» жыры

Нұрай РАХЫМ

19.10.2021, 12:49

634

Неге тағы дейсіз ғой? Мемлекеттік ауруханаларға дәрі-дәрмек жеткізетін бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» компаниясы былтыр коронавирус індеті өршіп тұрған кезде олқылықтары үшін сынға ұшырап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен осы «СК-Фармациясымен» қоса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшылары қызметінен кеткен болатын. Ал жақында бұл компанияға сенатор Андрей Лукин шүйлікті. Өйткені «СК-Фармация» ЖШС қазіргі таңда 159 млн теңгеге шығын келтіріп отыр.

«СК-Фармация» ЖШС-нің сақтау қоймаларында 2019- 20 жылдары 159 млн теңгеге сатып алынған препараттар жатыр. Мерзімі өтіп кеткенінің кесірінен енді оның бәрін жою қажет. Одан бөлек, денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының есеп-қисабы негізінде препараттардың бағасын шекті құнынан қымбаттатып жіберген. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 76-бабында ондай әрекетке тыйым салынғанына қарамастан, солай жасаған. Соның салдарынан 1,5 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі қымбат бағаға сатып алынды. Бұл жағдай нарық қатысушыларына өзара ауыз жаласып, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды қымбат бағамен жеткізуге жол ашады», – деді Андрей Лукин.

Шындығына келгенде, халықтың көбі денсаулығына байланысты кейбір дәрі-дәрмектің тегін берілетінінен де хабарсыз. Ауылдық жерлерде оған тіпті көбінің қолы жетпей жатады. Ал содан кейін дәрілердің қоймада жатып мерзімі өтіп кетпегенде қайтеді? Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселені неге реттемей отыр? Халық тегін препарат түгіл, тегін медициналық көмек алу кезінде де қиындықтарға тап болып жүргендерін жиі жазады. Мәселен, тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі (ТМККК) мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бағдарламасына сәйкес, еліміздегі азаматтардың жекелеген санаттары дәрі-дәрмектерді тегін алуға құқылы. Алайда бұл бағдарламалардың пайдасын көре алмай жүргендер аз емес. Үміт Есендікова есімді азаматша әлеуметтік желіде: «МӘМС деген сөзді естігеннен-ақ жүйкем тозады. Өз басым айына 8500 теңге төлеп жүрмін, яғни бір жылда 100 мың теңгедей ақша. Сол ақшаны төлегеннен кейін барлық медициналық қызмет түрі тегін дегені де өтірік болып шықты. Мен сияқты қаншама адам бар, маңдай терімен тапқан адал ақшасын желге ұшырып отырған. Соның игілігін кім көріп отыр, осы? Баз біреулерді байытып отырмыз әншейін», – деп жазған қынжылып. Әлия Мұсаева да осы сынды пікірде: «МӘМС-ке ақша аударудан бас тарту керек. Бізге тигізіп жатқан пайдасы жоқ. Жұмысы да тек күмәнді. Сақтандыру қоры бізге емес, белгілі бір адамдар үшін ғана тиімді», – дейді.

Сенатор Андрей Лукин, ж а л п ы, « С К — Ф а р м а ц и я » ЖШС-мен қоса, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы және денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы мен ондағы қаражаттың тиімсіз жұмсалып отырғаны көп сұрақ туғызып отырғанын айтты. Дәрі-дәрмектерді сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеуі үшін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына бірқатар шаралар енгізу қажеттігі туралы депутаттық сауал жолдады. Мәселен, 2020 жылы алты нозология (нозология – аурудың себептері, шығуы, таралуы, дамуы, организмге әсері туралы ілім) бойынша 26 миллиард теңге көлемінде толық қаржыландырылу жүргізілмеген. Бірақ соған қарамастан, 39 нозология бойынша шамамен 66 миллиард теңге тиімсіз жұмсалыпты. Сенатордың айтуынша, уәкілетті орган «СК-Фармация» ЖШС-не тексеріс жүргізген кезде 9 млрд теңгенің вакцинасын сатып алу аукционына қатысқан "Қазбел" медфарм» ЖШС және «Medix» ЖШС деп аталатын жеткізуші компаниялар арасында нарықты монополиялау, бәсекені шектеу белгілерін анықтаған. Бұл дегеніміз – ҚР Кәсіпкерлік кодексіндегі 169-бапқа қайшы әрекет. 14,4 млрд теңгеге клиникалық тиімділігі дәлелденбеген 16 препарат сатып алынған. Сонда бұл қаражаттардың сұрауы кімнен? 

КЕРЕК ДЕРЕК

Айта кету керек, қазір елімізде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін жыл сайынғы жеке тұлғаларды медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына (емха- налар) бекіту, яғни тіркеу қағидаларына сәйкес, тұратын аумағы бойынша емхананы еркін таңдау науқаны өтіп жатыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:43
Ақмола облысында ауыл тұрғыны көлікке оқ жаудырды
Әділ АҚЫЛБАЙ 09:13
Қазақтардың түсіне де кірмейтін заң
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 14:40
Мұғалімдердің жалақысы қысқара ма, БҒМ пікір білдірді
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 12:35
Тоқаев: Финтех саласындағы аймақтық көшбасшы Kaspi.kz капитал нарығы динамикасын арттыруда
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 11:07
«Іле-Алатау» ұлттық табиғи паркінің басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды – заңгер
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 09:12
Коронавирус жұқтырғандардың саны 900 мыңнан асты

Аңдатпа


  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14