Талас, Шу өзендеріндегі суды тиімді пайдалану тиіс

Сайт әкімшілігі

07.12.2020, 12:18

367

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Талас, Шу өзендеріндегі суды тиімді пайдалануға назар аударып отыр. Облыстық әкімдікте өткен жиында өңір басшысы:

— Бұған дейін облыстағы су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі бойынша тиісті орынбасарыма, аудан әкімдеріне, басқарма басшыларына тапсырма берген болатынмын. Бүгінде біз егінді толық жинап біттік. Енді бізге су айтарлықтай қажет болмайды. Сондықтан алдағы уақытта Талас, Шу өзендеріндегі суды тиімді пайдалануымыз қажет. Нақтырақ айтсақ, аймақта қанша тоған, қанша көл бар болса, соларды толтыру мәселесін назарда ұстау үшін сіздерді жинап отырмын. Біраз бұрын маған өңірде 365 су ұңғымасы бар екендігі туралы мәлімет бергенсіздер. Оның 9-ы ғана жұмыс істеп тұрғанын баяндағансыздар. Соларға зерделеу жасап, есепке алуды жүзеге асыру керек. Жұмыс істемейтіндерін қалай іске қосатынымызға назар аударған жөн. Биыл су жетіспеушілігін көрдік, көрші мемлекетке тәуелділікті сезіндік. Сол себепті біз ең бірінші кезекте өз мүмкіндігімізді пайдалануға баса назар аударғанымыз ләзім,- деді су тапшылығын жою мәселесі бойынша Б.Сапарбаев.

Келесі кезекте «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының директоры Қазыбек Бедебаев биылғы сәуір-қыркүйек айларында мемлекетаралық нысандардан алынған су көлемі туралы айтты.

«Киров су қоймасы бойынша Талас өзеніне (бекітілген суармалы жер көлемі 62,7 мың гектар) график бойынша 560,1 миллион текше метр су алуға тиіс болсақ, нақты 530,5 миллион текше метр су алдық. Тиісінше 29,6 миллион текше метр су аз алуға мәжбүр болдық. Нақты көрсеткіш 95 пайызды құрады. Шілде-тамыз айларында келген су көлемі тым аз болғанын айта кеткен дұрыс. Сондай-ақ Шу өзенінен мемлекетаралық ортақ пайдаланылатын нысандарда (Ортотоқой бойынша бекітілген егіс көлемі 38,1 мың гектар) сәуір-қыркүйек айларында бізге 325 миллион шаршы метр су егіншілікке берілуге тиіс болса, алайда біз 178,1 миллион текше метр суға қол жеткіздік. Нәтижесінде белгіленген межеден 149,9 миллион текше метрге кем су келді. Соның салдарынан нақты көрсеткіш 55 пайызға ғана жетіп отыр,-деді.

Баяндамашының айтқанынан білгеніміз, бүгінде «Қазсушар» РМК меншігінде жеті су қоймасы бар екен. Оның ішінде Тасөткел су қоймасының сыйымдылығы 550 миллион текше метрге дейін шақталса, бүгінде оның біршама бөлігіне су жиналыпты. Ол өзге де су қоймаларын толтыру мәселесін егжей-тегжейлі әңгімелеп берді. Ендігі мәселе сол су қоймаларына жеткілікті көлемде су қорын жинақтау болып отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 06.06.2023, 16:45
Құс қорегіне айналған алқап
Еркенұр ҚОНЫСБАЙ 06.06.2023, 13:46
Жұмыс, бизнес, жастарға арналған несие...
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 16:30
Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 11:18
Халықтың демалуға ақшасы жоқ
М.СӘУЛЕБЕК 02.06.2023, 09:00
Қаскөйлер онлайн да опындырады
Бифат ЕЛТАЕВА 31.05.2023, 14:55
Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі

Аңдатпа


  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15
  • Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
    01.06.2023, 10:11