Талдықорған "Рухани жаңғыру" бойынша Лондоннан да қонақ шақырады

21.08.2019, 13:27

123

Алматы облысыныңІшкі саясат басқармасы экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Руханижаңғыру» бағдарламасын Лондоннан қонақ шақыру арқылы жүзеге асырады.

ТалдықорғандаҰлыбританияның 86 жастағы саяхатшысы Джон Масси Стюарттың «Томас, Люсижәне Алатау: Сібір мен қазақ даласындағы Аткинсондардың шытырман оқиғалары»кітабының тұсаукесері өтті. 86 жастағы қарияны сонау «тұманды альбионнан»аттай қалап алдырған Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы басшысы РустамАЛПЫСБАЕВ  пен Хабар-24 арнасыныңЛондондағы тілшісі Ғалымжан ҚАРАМАНҰЛЫ екен.

Аталған туындыда19-ғасырда қазақ даласына саяхаттаған британиялық Томас Аткинсон мен оныңжұбайы Люсидің басынан өткерген оқиғалары суреттелген. Ағылшын саяхатшысы ТомасУитем Аткинсон алғаш рет Қазақстан аумағына 1844 жылы келіп, Орал арқылы Алтайғасапар шеккен. Ал, 1845 жылы Алатаудың етегіне жетіп, Қапалда 8 ай тұрақтаған.Қазақ даласында дүниеге келген ұлдарының есімін Алатау Тамшыбұлақ деп қойғанекен. Сібір саяхатшысы деп танылған Томас Аткинсон 7 жылда  Орал, Қазақстан және Сібір аумағы арқылы 40мың миль жүріп өтіпті.

«Томас Аткинсон ұмыт қалып бара жатқанбритан сәулетшісі, суретшісі және саяхатшысы. Сондықтан мен оның биографиясынтолық жазып шыққым келді. Туындым Аткинсондар отбасының басынан өткерген шынайыоқиғаларға негізделген», - дейді,Лондоннан келген Джон СТЮАРТ.


Аталған еңбекбылтыр Лондонда 500 дана боп басылған екен. Биыл тағы 500-і жарық көрген.Дегенмен, автор өз еңбегін коммерциялық бағытта жазылмағанын айтады. Ендігімәселе — туындыны қазақ және орыс тілдеріне аудару.

«Бұл — тарих, қазақ даласында орын алғаноқиға. Сондықтан, туындыны қазақ  жәнеорыс тіліне аудару туралы мәселені қарап жатырмыз. Бұйырса, алдағы уақытта бұлмәселе шешілуі керек», — дейді Хабар-24 арнасының Лондондағы тілшісі ҒалымжанҚАРАМАНҰЛЫ.

Елбасының «Руханижаңғыру» бағдарламасына орай шақыртылған маман аталған бағдарламаныестімеген екен.Лондондық мейман алдағы күндері Томас Аткинсон аялдаған Қапалөңіріне баруды көздеп отыр.

Фотоларды автор ұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 27.02.2021, 21:54
Түркістанда бір отбасыда бес адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 16:19
Байбек: Депутаттарымыздың қоғамдық рейтингі енгізіледі
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 15:36
Алматы облысында АН-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 26.02.2021, 09:05
Өлейін десең – жан қымбат, өлмейін десең – дәрі қымбат
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 25.02.2021, 16:42
Қарағандыдағы той: судья «кінәлі» болмай шықты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51