Талдықорғанда футболды мұғалімдерге мәжбүрлеп көрсетеді

04.10.2019, 08:05

53

Мәртебесін былайқойғанда құқықтары үнемі аяққа тапталып жататын мұғалімдерді әр түрлі жұмысқажегіп жататыны әдетке айналған. Бірақ, оларды футбол матчтарына жанкүйерлікету үшін стадионға жинау жергілікті атқарушы биліктің шектен шыққандығы һәм шарасыздығы шығар.Әлбетте, біздегі футбол шын футболдай болса, стадион өзінен өзі толып, ине шаншыр орын қалмас еді. Амал не, ондай керемет күн болмаған соң, Талдықорған мұғалімдері зорлықпен жанкүйер боп, стадионда кісі көптің кебін келтіріп жүр. Мұғалімдердің мәжбүрлі түрде стадионғажиналатынын қоғамдық кеңес отырысында ЖСДП Алматы облыстық филиалының төрағасыҚуат КҮНБОЛАТОВ айтты. Партия өкілі облыс әкімі А. Баталовқа бағыттаған сөзінде облыстықбілім басқармасы ешқандай шара қолданбай, ай қарап жүргенін жеткізді.


Амандық Ғаббасұлы, мұғалімдер бұл өтініштісізге жеткізсін деп еді. Қарасай ауданындағы мектептерде ұстаздар циркке ақшажинап жатыр. Ал, Талдықорған мұғалімдері футболға жанкүйер ретінде мәжбүрліжәне ерікті түрде тартылады екен. Қай мектептің ұстаздары десеңіз, айтайын. Бірақ, анонимді өтініш болған соң, көпшіліктің алдында жария қылғымкелмейді. Аталған мәселені бірнеше рет облыстық білім басқармасының блогынажаздым. Бірақ, осы уақытқа дейін ешкім жауап берген жоқ, — деді  ЖСДП Алматы облыстық филиалының төрағасы ҚуатКҮНБОЛАТОВ.


Алматы облыстықбілім басқармасының басшысы Дәурен ЖҮНІСОВ жауап бере алмай қиналған мәселеніәкім Амандық БАТАЛОВТЫҢ өзі шешемін деп уәде берді. Шенеунік бұл мәселегеқатысты арнайы қызметтік тексеріс жүргізілетінін айтты.

Амандық Баталов білім басқармасын ауызша ғанасөккенше бұл сауалды облыс әкімінің бұрынғы орынбасары, қазір «Жетісу» кәсіпқой футболклубының директоры боп жүрген Серік МҰҚАНОВҚА қойса артықболмас  еді. Себебі, стадионғажанкүйерлерді тарту бастамасын кезінде Серік Мейірханұлы да құптағанболатын. Оған түрткі болған елчемпионатында  «Жетісудың» матчынажиналатын жанкүйерлердің тым аздығы еді. Мәселен, былтырғы маусымда жергіліктіклубтың үйдегі ойындарын небәрі 17 мың 300 адам тамашалаған. Яғни, әр матчқа мыңжарым адам жиналған екен. Бұл — ел чемпионатындағы ең төменгі көрсеткіш. Әрине,клуб басшылығы үшін  премьер лигадағы5500 адам ғана сиятың ең кішкентай стадионға адам жинай алмаудан асқан проблемажоқ шығар, кім білсін?! Ал, қай салада болмасын үздіктер қатарынан көрінгісі кеп мақтануды әдетке айналдырған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен оның командасынабұл үлкен сын. Айтпақшы, ертең «Жетісу» өз алаңында Павлодардың «Ертісін»қабылдайды. Ұстаздар мерекесінде аталған матчқа мұғалімдер келіп жатса тек өзеркімен келетін болар.


Оқи отырыңыз: 1) Алматы облысы Беларусь елінен озып кетті 

                         2) Қазақ балуандары күресе алмайды 


Фото:sportx.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 26.11.2020, 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40