Талдықорғанда Назарбаев көшесінің ашылу салтанаты өтпей қалды

21.03.2019, 18:39

66

Талдықорған қаласы «Тәуелсіздігінен» айрылды

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ Облыс орталықтарынан Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА көше атауын беру керек деген ұсынысына 1 тәулік болмай жатып Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында да негізгі көшеге Тұңғыш президенттің есімі берілді. Бұдан былай шаһардағы ең үлкен Тәуелсіздік көшесі – Назарбаев даңғылы деп аталады.Назарбаев даңғылын жергілікті атқамінерлер баспасөз өкілдеріне хабарлап, бүгін түскі сағат 12-де ашылу салтанаты өтеді деп хабарлаған-ды. Алайда, межеленген уақыт таяғанда шараның өтпейтіні мәлім болды. Алдын ала жоспарланған шараға дайындалып жатқан қала әкімдігінің қызметкерлері аппаратураларды жинап, қайтуға мәжбүр болды. Бірақ, жаңа атауға ие болған даңғылдың салтанатты ашылуы не үшін өтпей қалғанын ешкім түсіндірген жоқ.[caption id=«attachment_26921» align=«alignnone» width=«1000»]Ашылу салтанаты өтпей қалған соң музыкалық аппаратураларды жинап жатыр[/caption]Дегенмен, бұрынғы Тәуелсіздік көшесіндегі үйлердің мекен-жай тақтасын коммуналдық бөлімнің қызметкерлері ауыстыруды бастап кетіпті.Қазіргі Назарбаев даңғылы, яғни, бұрынғы Тәуелсіздік көшесі Талдықорғандағы негізгі әрі ең ұзын көше саналады. Даңғыл Алматыдан Талдықорғанға кіре берістегі айналма жолдан бастап, Өскеменге шығатын негізгі жолға дейін созылып жатыр (6.8 км). Даңғыл бойында бес сквер мен бір саябақ бар. Одан бөлек, аталған көше бойында бұрынғы президентке арнап тұрғызылған ескерткіш бар.Күні бұрын  Алматы облысының мәслихат депутаттары Талдықорғандағы Тәуелсіздік көшесін Назарбаев даңғылына ауыстыру туралы шешім шығарғаны ғаламторда жарияланған болатын. Өңір басшысы Амандық БАТАЛОВТЫҢ қолы қойылған шешімде “аумақ халқының пікірін ескере отырып” қабылданды делінген.Нұр-Сұлтан қаласы бастап, аймақтар қоштаған өзгерістерге байланысты Талдықорған тұрғындары да Жас Алашқа пікір білдірді.Әрине, бұл шешім тез қабылданды. Дегенмен қуанышты жаңалық. Орталық көшеге Нұрсұлтан Назарбаевтың атын берейін деп жатыр. Бұл – жақсылық. Ол кісінің сіңірген еңбегін көрдік. Сондықтан оның атымен қандай көшені  атаса да лайықты, - дейді, Талдықорған тұрғыны Назарбек БЕКАСЫЛОВ.Мен әлі де аң-таңмын! Тәуелсіздік деген ұлы ұғым. Біз ол үшін қан төктік, ғасырлар бойы аңсап келдік, ата-бабаларымыздың қолы жетпей кеткен арманы еді. Алғашқы президент онсыз да танымал адам, қанша нысанға соның есімі берілді. Оны бәрі біледі.  Басқа қанша көше бар, солардың бірін беруге болатын еді ғой. Тым құрығанда жергілікті халықпен санасып, ақылдасып барып шешім шығарса ешкім өкпелемейтін еді, — дейді, Талдықорған тұрғыны әрі композитор Мұратқан ЕГІМБАЕВ.Жоспарланып, бірақ өтпей қалған шараға күрестен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров те кешікпей жеткен екен. Даңқты спортшы да көше атауын өзгертуге қатысты өз ойымен бөлісті. — Облыс әкімдігінің шақыртуымен бүгінгі шараға Алматыдан арнайы келген болатынмын. Спорт ардагері ретінде мен Елбасын қатты сыйлаймын, ол кісі де мені сыйлайды. Елбасы да күрескен, спортпен айналысқан. Ол кісіге қандай марапат, қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Себебі, ол — елдің әкесі. Сондықтан, Талдықорғандағы орталық көшені Елбасының атымен атау құптарлық іс, — дейді ардагер спортшы.Фотолар автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 05.12.2020, 10:29
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 14:12
Әкімнің бірінші орынбасары сотталып жатыр
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 13:02
COVID-19: Қазақстанда вакцинациялау 2021 жылы басталады
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 04.12.2020, 12:13
Қытайдың шірімейтін азық-түлігі ағзамызды ірітіп жүрмесін
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 09:35
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артты
Бифат ЕЛТАЕВА 04.12.2020, 09:24
«Денсаулық министрлігі халықтың денсаулығын емес, дәрі сатуды ойлап отыр»

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11