Талдықорғанда үздік әрі белсенді мемқызметкерлер тапшы

11.04.2019, 16:50

81

“ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі” республикалық байқауы осымен үшінші мәрте ұйымдастырлып жатқанына қарамастан бұл конкурста Алматы облысынан бірде бір маманы жүлде алып көрмепті.

Облыстық және республикалықкезеңдерге бөлінген «ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі» байқауының алғашқы кезеңібасталып кетті. Алматы облысындағы жас мемлекеттік қызметкерлер аталғанбайқаудың іріктеу сынынан өтіп жатыр.

Әзірге, конкурстыоблыс орталығы Талдықорған қаласының 100-ге жуық мемлекеттік қызметкері бастапкетті. Байқау талабына сай олар бұл салада кемінде 1 жыл жұмыс істеуі жәнеәкімшілік немесе тәртіптік жазаға тартылмаған болуы тиіс. Конкурсқа қатысуғаөтініш білдіргендер, алдымен,  құжаттар тапсырып,арнайы компьютерлік тестілеуден өтеді. Содан кейін, “Үздік мемлекеттік қызметшіатағына мен неге лайықтымын?” деген тақырыпта мотивациялық эссе жазулары керек.Ал, облыстық комиссия қатысушылардың анкеталық мәліметтері мен мотивациялықэссенің сапасына, мемлекеттік қызметшінің марапаттары және ғылыми дәрежелерімен атақтарына байланысты келесі кезеңге өту туралы шешім шығарады. Жетісулықжас мемлекеттік қызметкерлер конкурстың алғашқы күнін “Head Play” зияткерлікойынынан бастады.

Еліміздегі мемлекеттік қызметке байланыстыжүргізіліп жатқан реформалар, ең алдымен, олардың (мемқызметкерлер) ақыл-ойұшқырлығы, білімі, іскерлік деңгейі мен этикасын көтеруге бағытталған. Қазіроларды ескі әдіспен, яғни, бұйрықпен тәрбиелеуге болмайды. Олардықанаттандыруымыз керек. Барынша қолдау, ынталандыру қажет. Оларды әділ еңбегімен адалдығының арқасында ғана мансапқа жетуге тәрбиелеу керек”, — дейдіМемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматыоблысы бойынша басшысы Серікбай НҰРҒИСАЕВ.

Аталмыш конкурсбиыл 3-рет өтіп отыр. Алайда, Алматы облысынан қатысқандар еліміздің үздікмемлекеттік қызметкері атанбаған. Бұның себебін облыстағы бас мемлекеттікқызметкері Серікбай Нұрғисаев былай түсіндіреді:

Біріншіден, біз Алматы не Нұр-Сұлтан қаласыемеспіз. Талдықорған қаласында 18 жыл бойы облыс орталығы деген мәртебе болғанжоқ. Содан туындаған қиыншылықтарды енді көріп жатырмыз. Яғни, біздемемлекеттік қызметкерлер тапшы болды. Екіншіден, “Болашақ” бағдарламасымен оқыпкелген мыңдаған білімді жастар мемлекеттік қызметті таңдағанмен, экономикасы,өндірісі дамыған қалаларды таңдап жатыр. Сондай-ақ, алдымен, Алматы, Елорда, Шымкентсияқты ірі қалаларға барғысы келеді. Сол себепті, үздік әрі белсендіқызметкерлер тапшы. Аталған конкурста топ жарып жатқан, негізінен, солар. Бірақжетісулық мамандар да барынша тырысып жатыр. Алдағы уақытта біздің қатысушыларда жүлдеге ілінуі тиіс”.

Конкурс нәтижесімен жеңімпаздар саны республикалық комиссия шешімімен анықталады. Үздікмемлекеттік қызметкерлер маусымның 23-і ҚР Мемлекеттік қызметшілер күнімарапатталады.

Жалпы, Алматыоблысында облыс әкімдігіне қарайтын 3500 мемлекеттік қызметкер бар. Одан бөлек,министрліктердің жергілікті жердегі департамент басшылығында 3800 адам жұмысістейді. Олар “В” корпусындағы мемлекеттік қызметкерлер санатына жатады. Ал, “А”корпусына кіретіндер – 17 аудан мен 3 қаланың әкімдері.

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 05.03.2021, 14:30
Өрістегі малға тыныштық болмай тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.03.2021, 13:12
Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 15:47
Түркістан ет экспорты бойынша көш басында
Жайна ТӘТТІМБЕТ 04.03.2021, 15:31
Тәнін сатқан еркек, еркек пе?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 14:14
Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 04.03.2021, 11:35
«Қазақстанда газ құбырларының 75% тозды». Ресейдегі оқиға қайталануы мүмкін бе?

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44