Талдықорғандағы дау: Нұрғисаның ескерткішін де құлата салсын!

05.11.2019, 15:14

125

Талдықорғандабелгілі сазгер Нұрғиса Тілендиев атындағы музыкалық мектеп 10 ай бұрынсенімгерлік басқаруға өтіп кеткен. Алайда, 417 тәлімгерді оқытып отырған мектепұжымы бұл жаңалықты бүгін ғана естіпті. Төбелерінен түскен жайдай болған бұлжаңалықты ұстаздар мектептегі музыкалық аспаптарды түгендеу үшін Алматыданарнайы келген адамдардан естіп, жағаларын ұстаған. Мән-жайды білмекке, алдымен директорғабарған, бірақ, ол ештеңе білмейтінін айтып ақталған. Осыдан кейін 60-қа жуықоқытушы араша сұрап, Талдықорған әкімдігіне келді. Қала басшысы ҒалымжанӘбдірайымовтың қолы босамайды деген соң,  оларды әкім орынбасарлары қабылдап,шағымданушылардың мұңын тыңдады.   

– Ұжым боп талай қиындықтың бетін қайтарып едік. Енді,міне, тағы қолдан қиянат жасап отыр. Жетіскеннен емес, әкімнен араша сұрау үшінкелдік. Біз адамбыз ғой. Неге бізге ескертпейді? Онда Нұрғиса атамыздыңескерткішін де құлата салыңыздар! Егер басқару ісі өзгенің қолына өтсе, оқытушылардыңсаны қысқарып, үйірмелердің бағасы қымбаттайды, – дейді 42 жыл осы мектепте қызмет еткен құрметті ұстаз әрідомбыра үйірмесінің жетекшісі Марат Әйнеков.

Ал Талдықорғанқаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова саз мектебін сенімгерлік басқаруғаберу шешімі былтыр ақпанда қабылданып қойғанын, мемлекеттік сатып алу 2ай бұрын ойнатылғанын айтып салды. Бұл жаңалықты мектеп ұжымына дер кезінденеге ескертпегендерін де түсіндірмеді. Ал жеңімпаз әлдеқашан анықталған. Енді, алдағы 15 жыл бойы бұл мектеп қызметін НұрғисаТілендиевтің қызы, белгілі дирижер Дінзухра Тілендиева басшылық ететін «MusicDevelopment» ЖШС-і жүргізбек.   

— Бұл мәселелер, негізі, менің құзыретімде емес. Көпнәрсеге жауап бере алмаймын. Сенімгерлік қызмет көрсететін компания анықталды.Дегенмен, шағым айтып отырған мектеп ұжымының өтініші бойынша жұмыс жасайтынболамыз, -деді Талдықорғанқаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова.

Ал келісім-шартқақол қойған мектеп директоры Ғазиза Омарова қол астындағы қызметкерлерге не үшін ескертпегені түсініксіз. Зейнеткер басшы қазір орнында жоқ, қоңырауға да жауапбермейді.

Талдықорғандағы Н. Тілендиев атындағы саз мектебі 1956 жылыашылған. 3 қабатты ғимаратта 46 музыка кабинеті, үлкен және кіші концертзалдары бар. Шағымданушы ұстаздардың айтуына қарағанда, ғимараттың біріншіқабаты әлдеқашан өзгенің қолына өтіп кеткен. Мұнда қазір Талдықорғандағы ортамектептердің есепшілері отырады екен.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 19:47
Байбек: Nur Otan-ның сайлауалды уәделері өңірлерде 14%-ке іске асырылды
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 24.09.2021, 13:06
Баланың мұңын кім тыңдайды?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2021, 10:08
Солтүстік қазақылана бастады
Әдина ЕРҚАРАЕВА 23.09.2021, 17:30
Құл ететін құмар ойындар
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39