Талдықорғандағы «Достық үйі» көбіне бос тұрады

20.09.2019, 13:19

98

1995 жылы НұрсұлтанНАЗАРБАЕВ жарлығымен мемлекет басшысы жанындағы кеңесші орган ретінде Қазақстанхалқы Ассамблеясы құрылған болатын. Оның қызметін өңірлерде тиімді жүзеге асыруүшін достық үйлері ашылды. Кей облыс орталықтары «Достық үйі» дегенатаумен жаңа ғимарат тұрғызған. «Жас АЛАШ»тілшісініңбүгінгі репортажы Талдықорған қаласында 11 жыл бұрын бой көтерген  Достық үйі туралы болмақ. Аталған ғимаратАлматы облысында тұрып жатқан 105 этнос пен 71 этно-мәдени бірлестік өкілдерінеәр түрлі қолдау көрсетіп келеді.

«Достық үйі — қоғамдық келісім орталығы» КММТалдықорғандағы элиталық аудан саналатын "Қараталда" орналасқан.Жаңадан тұрғызылған ғимарат 2008 жылы Алматы облысын қазіргі Мәжіліс депутатыСерік ҮМБЕТОВ басқарып тұрған кезде пайдалануға берілген. Алып жатқан аумағы — 4 мың шаршы метр. Жанында өзіне ұқсас «Тіл сарайы»деп аталатынғимарат пен теннис корты бар.


Көз тартатын әсемғимараттың қабырғасы керамикалық тақтайшалармен әрі қымбат әйнекпен жабылған.Жапсырылған қазақы ою-өрнекті де байқауға болады. Бірақ, мекеменің атауыналыстан тану қиын, не жазылғанын жақындаған сәтте ғана оқуға болады. Ғимараттыңсырты қаншалықты тартымды болса, іші де соншалықты бай әрі кең. Үш қабаттыдостық үйінде 38 кабинет, грим жасайтын бөлме, акт залы мен 25 адамға арналғанконференция залы және қайта жөндеуден өтіп жатқан дыбыс жазу студиясы,сондай-ақ, хореография сыныбы мен медиация орталығы бар.

Бірінші қабатта, негізінен,әкімшілік-шаруашылық бөлімінің қызметкерлері отырады.  Мұнда мекеме директоры, директордыңорынбасары мен бас есепшіден бастап бәріне жеке кабинет қарастырылған. Тіпті,компьютерлерге қызмет көрсететін арнайы бөлімді де көзіміз шалып қалды. «Облыстықорыс орталығы» қоғамдық бірлестігі мен өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілінүйрететін орталық та бірінші қабатта. Бірақ, тіл үйрететін сынып әзірге бостұр. Жабық тұрған «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығыда» не бар екеніқызық болған соң, күзетшіден кілт алдырып ашқыздық. Бірақ, мұнда қазақтыңсалт-дәстүрінен хабар беретін экспонаттардан өзге ештеңе көрінбеді. Мекеменіңдиректоры да олардың белсенді өмір сүруге қандай қатысы барын түсіндіре алмады.

«Орталықтың негізгі функциясы — этностар арасындағытатулық, достық қатынас қалыптастыру, олардың мәдениетін, дәстүрін, салтынсақтауға көмектесу. Сондай-ақ, мелекетті құраушы қазақ халқының тілін,салт-дәстүрін үйрету. Осы бағытта үлкен жұмыстар атқарып жатырмыз.  Осы орайда „қазақтану“, өзгеұлттарға қазақ тілін үйрететін „мың бала“ сынды арнайы бағдарламалардықолға алдық»-дейді,  «Достықүйі — қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген ҚАСЫМБЕРКЕБАЕВ.


Одан бөлек біріншіқабаттың фойесінде өнерпаздарға арнап тұрғызылған кішкентай сахна, немістің «Видергебург»қоғамдық бірлестігі орналасқан. Этносаралық қатынастар саласын мониторингілеужәне талдау бөлімі, сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының «Dostyq»бастауыш партия ұйымы жұмыс істеп тұр.

Ал, екінші қабаттаҚоғамдық келісім кеңесі мен Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығынаарналған кеңселер тұр. Татар ұлтының этно-мәдени орталығы мен медиация орталығыда осында екен. Ал, үшінші қабаттағы өзге ұлттардың қоғамдық бірлестіктеріне арнайыберілген 15 кабинеттің бәрі жабық тұр.  Біз жүрген 3 сағаттың ішінде аталғанкабинеттерді ашып, ішіне ешкім бассұқпады.

Мекеме директорыныңсөзінше, олар мұнда тек демалыс күндері келеді екен. Қоғамдық бірлестік болғансоң, олардың жұмысына араласпаймыз дейді. Жалпы, алып ғимаратта 50-ге жуық адамжұмыс істейді. Олардың 30-ы жоғарғы білімі бар маман болса, қалғаны мекемегеқызметін көрсететін жұмысшылар.  Ғимарат облысәкімдігінің меншігінде болғандықтан мұнда өтетін шара да ғимаратты күтіп-баптаужұмысы да жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады екен. Алайда, ғимараттаотырған Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарыҒабит ТҰРСЫНБАЙ да, достық үйінің директоры Тәңірберген ҚАСЫМБЕРКЕБАЕВ таоблыстағы мәдени-көпшілік іс-шараларға және ғимаратты күтіп-баптауға қаншақаражат кететіні туралы айтпады.


«Ассамлеяның құрамындағы этно-мәдени орталықтардыңбәрі қоғамдық ұйым болып саналады. Сондықтан оларға мемлекет тарапынан ешқандайқаражат бөлінбейді. Ал, Қазақстан халқы Ассамлеясы хатшылығы облыс әкімдігініңбір бөлімі. Сол себепті, біз облыс әкімдігі аппаратының бюджеті есебіненқаржыландырыламыз. Ел қатарлы жұмысшыларымыз орташа жалақы алады. Ал,іс-шаралар Достық үйі арқылы жоспарлы қаржыландырылады. Оны ғимараттыңдиректоры мен бухгалтериясы білуі керек», — дейді  Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясытөрағасының орынбасары Ғабит ТҰРСЫНБАЙ

Есесіне, экономистМеруерт МАХМҰТОВА  Түркістан облысындағыҚазақстан халқы Ассамблеясының бір жылдық шығыны 162 миллион 547 мың теңгекөлемінде болғанын жазған еді. Сонда орта есеппен 1 жылда 17 облыстағыҚазақстан халқы Ассамблеяларына 2.7 миллиард теңге кететінін есептепшығарған.  


Бізге бұлдаңғарадай «Достық үйінің» коммуналдық шығынының соншалықты құпия болып тұрғаныбелгісіз. Қазақстан үшін этнос аралық татулықтың маңызды екені түсінікті.Алайда, оқушылар үш ауысымда біліп алып, мектепке симай жатқанда бос тұратын аумағыат шаптырым ғимарат көзге түсе береді. Білім және ғылым министрі АсхатАЙМАҒАМБЕТОВТЫҢ мәліметінше Алматы облысында 50-ге жуық мектеп үш ауысымдаоқушыларды оқытып отыр.


Фотолар автордікі.  

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16.01.2021, 16:10
Ковид өршіп тұрғанда мектеп асханаларын ашу қаншалықты негізді?
Бифат ЕЛТАЕВА 15.01.2021, 09:03
Орыс мектептерінде қазақ тілінің жайы қалай?
Сайт әкімшілігі 14.01.2021, 13:10
Олжас Сүлейменов пен әйелі коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 16:00
Президент мақаласынан кейін қазақ тілінде сөйлеу клубы ашылды
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 12:00
Қытайда коронавирус қайта таралып жатыр
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 09:45
Ішкі істер министрлігі жолда абай болуды ескертті

Аңдатпа


  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11