Талдықорғандағы наурыз: 10 мың литр көже және 1 тонна бауырсақ

18.03.2019, 15:02

158

Талдықорған әкімдігі Наурыз мерекесін тойлауды жылдағыдан ерте бастады. Жас Алаш тілшісімен сұқбаттасқан қала әкімінің орынбасыры мерекеге орай ұйымдастырылатын шаралар наурыздың 14-нен бастап 23-не дейін жалғасатынын айтты.Қала тұрғындары үшін мереке 14-і, яғни, “көрісу” күні жаңадан бой көтерген драма театры мен орталық кітапханада басталды. Ұжым қызметкерлері бір-бірін көрісу күнімен құттықтап, наурызға дайындықты бастап кетті. Ал, наурыздың 15-де  облыс орталығындағы мәдени мекемелер мен театр қызметркеллері қала мектептеріне барып, наурыз мерекесіне қатысты тақырыптық ашық сабақтар өткізген.“Қаладағы барлық мекемелердің қатысуымен 72 шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Тағы 30 шара облыстық басқармалардың ұйымдастыруымен өтеді. Спорттық, мәдени және көпшілік іс-шара қала тұрғындары үшін жасалмақ.  Ал, қалаға қарасты Өтенай және Еркін ауылдық округтерінде наурызды тойлау шаралары сәуірдің соңына дейін жалғасады” — дейді, қала әкімінің орынбасары Сәуле АРЗАНБЕКОВА16-наурыз күні мереке жалпықалалық сенбілікке ұласты. Мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындары аулаларын қоқыстан тазартып, щаһар көшелерін абаттандыруға күш салды. Ал, 17-сі күні спорттық марофон өткізу жоспарланған екен. Дәстүрге айналған шараға арбаға таңылған мүгедектер де қатысады. Сәуле АРЗАНБЕКОВА Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары:“18-20 наурыз аралығы қайырымдылыққа бағытталған шаралар өтеді. Облыста қазір 19 Ұлы Отан соғысының  ардагері қалды. Оларды үйіне барып құтттықтап, сыйлық табыстаймыз. Сондай-ақ, 113 көпбалалы ана мен толық емес және аз қамтылған отбасын аралап, наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Одан бөлек тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерді оңалту орталығында 5 әйел жатыр. Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығында 17 бала жатыр бар екен. Оларға да сый-сияпатымыз бар”.Мерекеге қатысты негізгі шаралар наурыздың 22-сі күні орталық Жастар паркінде өтеді. Саябақта 7 қазақ үй тігіледі. Бірақ, ел мұнда тамақ ішуге емес, қазақтың салт-дәстүрі, Жетісудың танымал ақын-жазушыларымен кеңірек танысу үшін кіреді. Ал, театр әртістері олардың образын сомдап, шығармаларын оқитын болады. “Жетісу” телеарнасының 20 жылдығына орай арнайы белгіленген алаңда ұжым туралы көрме және мерекелік шара өтеді. Ал, мерекенің басты сыйлығы ретінде тұрғындарға тегін 10 мың литр наурыз көже және 1 тонна бауырсақ таратылады.   Фото автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 30.07.2021, 09:00
Ей, енді не істейміз?
Дарын ЗАМАНБАЙ 29.07.2021, 08:41
Жалқау қазақтың ғалымдары да жалқау болды
Еркежан АРЫН 28.07.2021, 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15