Талғарда кім, не қысқартып жатыр?

Жарас ШӨКЕ

24.11.2021, 09:30

689

«Шаш ал десе, бас алады». Мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту туралы мемлекет басшысының жарлығы шығып еді, іле-шала тапсырманы орындау үшін өңірлерде аласапыран басталып кетіпті. Алматы облысының Талғар ауданында мәдениет, тіл, спорт, ішкі саясат бөлімдерін қосып, бұрынғы төрт мекемені бір бөлімге айналдырған. Бұл туралы бізге Талғар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Фарида Бегенбаева айтып берді.

Фарида Мамырбекқызының айтуынша, мәдениет бөлімінің өзінде жұмыс шаш етектен. Мысалы, Талғар ауданында өтетін іс-шаралар, мәдени кештер, музей жұмыстары, қорымдар мен қорғандар, ескерткіш қою, кітапхана, әртүрлі байқаулар – бәрі мәдениет бөлімінің жұмысы. Одан бөлек, тілдің жұмыстары да көп. Көше аттарын өзгерту, ономастика, көшедегі баннерлер, мемлекеттік мекемелердегі кіріс-шығыс құжаттарының жұмысы. Міне, осының бәрі – Фарида Мамырбекқызы жұмыс істеп отырған бөлімнің шаруасы. Ал енді оны президенттің жарлығын орындау керек деген сылтаумен ішкі саясатқа қосып, мемлекеттік қызметкерлердің санын азайту қажет болса, одан жұмыс сапасы артпайды. Керісінше төрт бөлімнің жұмысы бір бөлімге артылса, одан жұмыстың сапасы төмендейді. Физикалық тұрғыда бұрын төрт бөлім істеп отырған жұмысты енді бір бөлімнің қызметкерлері жасай алмайды. Мемлекет басшысы мемқызметкерлердің санын азайту керек дегенде, халықпен тығыз жұмыс істейтін, ауыл-аудандардағы мәдениет, тіл, спорт мамандарын айтпаған болар. Мұны «шаш ал десе, бас алатын» жергілікті шенеуніктер жасап отырған былық. Әйтпесе, президент тапсырмасын төменгі сатыдағы қызметкерлердің есебінен жабу ең алдымен мемлекеттің өзіне, содан кейін осы жұмысты істеп отырған мамандарға тиімсіз.  

Мемлекеттік қызметкерлерді ықшамдап, жұмысты реттеу керек! Мұндай реформа – дамыған елдердің бәріне ортақ. Алайда президент квазимемлекеттік органдардағы сабылып жүретін, қолы бос мамандарға қарата айтқан болуы керек. 

Фарида Бегенбаева: «Мұндай тәжірибені бұдан 10 жыл бұрын Алматы облысының барлық аудандарында бастан өткізгенбіз. Сол кезде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен ішкі саясат бөлімін біріктіріп, бір бөлім жасағанбыз. Бірақ одан ешнәрсе ұтқан жоқпыз. Нәтиже де болған жоқ. Керісінше, жұмыстағы бірізділіктен айырылдық. Ал қазіргі жағдай тіпті сорақы. Өйткені бұл жерде төрт бөлім біріктіріліп жатыр. Әрқайсысы әртүрлі сала. Ішкі саясаттың жұмысы мүлде бөлек. Талғар ауданы – Алматы облысындағы көп этносты аудандардың бірі. Бұл ауданда ішкі саясат бөлімінің істейтін жұмысы көп болуы заңдылық. Ал оған біздің мәдениет пен тілдерді, спортты қосып қойған соң, нәтижесі қалай боларын өздеріңіз түсіне беріңіздер!» – деп, өңірдегі атқарылып жатқан кереғар дүниені жайып салды.

Тіл мен мәдениет – табиғаты жақын, бұрыннан бір бөлім болып есептеледі. Спорт та оған жат емес. Ал облыстарда ішкі саясат басқармасы, дін басқармасы, мәдениет басқармасы, спорт басқармасы, тілдерді дамыту басқармалары бөлек-бөлек жұмыс істейді. Тіпті, солай сақталып отыр. Аудандарда, оның ішінде Талғар ауданында осы бөлімдердің бәрі бір қазанда қайнайды. Бұрын әр бөлімде екі қызметкерден болса, енді әрқайсысында бір-бір адамнан қалады. Сөйтіп, төрт бөлімнен төрт адам қысқартылады. Адам қысқарғанымен, жұмыс азаймайды. Оны жергілікті атқамінерлер жақсы білсе керек. Олардікі жұмыстың сапасы емес, жоғарыдан түскен тапсырманы орындау ғана. Тапсырманың орындалғаны дұрыс қой. Бірақ елдің ішінде, желдің өтіндегі төменгі сатыдағы қызметкерлердің есебінен емес, қолы бос, шаруасы жоқ мамандардың арасынан қысқарту жасаған жөн болар еді.

Тегтер: қысқарту кәсіп еңбек нарығы шаруа

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 03.12.2021, 11:30
Инстаграмның жетегінде кетпейік
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 10:30
Халыққа бермеудің амалы ма? Зейнетақы жинағын алу: жеткілікті деңгей екі есе өседі
Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 08:44
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 12:44
Kaspi.kz мобильді ақша аударымына байланысты сұрақтарға жауап береді
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 13:00
Шымкентте жалдамалы пәтерден 22 жасар қыздың мәйіті табылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 01.12.2021, 09:20
Қазақ-түрік лицейлерінің орнын немен толтырамыз?

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00