Талғат Нәрікбаев: Неге қазақстанда жекеменшік университеттер туралы жиі айтылмайды

Сайт әкімшілігі

02.04.2021, 11:25

1379

Қазақстандық білім жүйесіндегі кадрлық мәселелер жайлы КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев NUR.KZ порталының тілшісіне пікір білдірді.

         Кадрларды дайындау мәселесі бірінші орында тұруы керек. Яғни жоғары оқу орындарында оқытушы мамандығы беделді болуы тиіс. Сонда жастар оқытушылыққа ұмтылады, ғылымға бет бұрады. Білім саласындағы өзекті мәселерді талқылай келе, Талғат Нәрікбаев елімізде жекеменшік университеттер туралы аз айтылатынын да атап өтті. 

         «Елімізде бірінші орынға әрдайым ұлттық, мемлекеттік ЖОО-ларды қояды. Бірақ олардың да өз проблемалары жетерлік, тіпті кейбірінің деңгейі жекеменшік университеттерден де төмен. Көптеген жекеменшік жоғары оқу орындары біраз уақыттан бері батыстық үлгі бойынша білім беру процесін сәтті жүзеге асырып келе жатыр.  Мемлекеттік университеттерге сондай ЖОО-ларды неге үлгі ретінде көрсетпеске? Олардың шын мәнісінде мықты екені айтыла бермейді. Керісінше, қоғамға: «Қазақстанда осындай ЖОО-лар бар, Ресейге немесе басқа елге кетудің қажеті жоқ, елімізде қалыңдар» — деп, көздерін жеткізу керек»,- дейді ол. 

         Оның пікірінше, қазақстандық білім жүйесінде бірқатар проблемалар бар әрі ҚР Білім және ғылым министрлігі оны жоққа шығармайды. Мықты профессорлық-оқытушылық құрамның болмауы да өзекті проблемалардың қатарында.   

         «Жақында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Фейсбукте жазба қалдырды. Парақшасында ведомстволық бағынысты университеттердің жалақысын шұғыл түрде арттырып, ең төменгі айлық мөлшерін 200 мың теңгеге өсіру қажеттігін мәлімдеген.  Мысал ретінде еліміздің ұлттық мемлекеттік университеттерінің бірінде  орташа айлық 110 мың теңге екенін айтыпты.  Бұл аталған университетте профессорлық-оқытушы құрамының сапасы нашар екенін білдіреді.  Себебі жақсы маман университетке 110 мың теңгеге жұмысқа келмейді. Қазір мемлекеттік және ұлттық жоғары оқу орындары профессорларының жалақысын 450 мың теңгеге көтеру міндетін қойып отыр. Бұл шешім сапалы кадр тартуға көмектеседі», — деп атап өтті Талғат Нәрікбаев. 

Тегтер: білім онлайн оқу офлайн оқу қаулы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 12:27
Қазақстан – БҰҰ: мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы заңнама
Сайт әкімшілігі 11:19
ҚазҰУ-дағы жатақхана құрылысының анық-қанығы
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08:40
Бекшин мен Қиясовтың қаулысы елді індеттен құтқара ма?
Еңлік АБАҒАН 04.08.2021, 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58