«Тамаша» деген арнаның ашылғанына жылауымыз керек

04.09.2018, 14:51

149

Теледидарда бір қызбен болған сұхбатты көрсетіп жатыр екен, «Бұл кім?» — деп едім, студент кездегі бір танысымыз отыр еді: «Бұл — пәленше деген әртіс. Сен жоғары білімді адамсың, неге танымайсың, ұят емес пе?» — деп мені біраз жерге апарып тастады.Менің танымағаным ұят болатындай ол Аристотель ме екен, Абай ма екен? Қызық. Өмірлері тойда өтіп жатқан адамдар ғой. Одан қалса телевизор бар, күні-түні концерт қойып жатқан. Саналарын әбден әртістер жаулап алған. Телефонынан ана әртіспен де, мына әртіспен түскен суреттерін көрсетіп мақтанып отыр еді. Көп адамның өмірінің мәні де, сәні де, әңгімелері де, көргені де, білгені де, той, тамада, әртіс болып кеткен.Аптаның аяғында болатын еді той деген. Қазір жазда той жасауға орын жоқ ресторандарда, тіпті дүйсенбіде де жасай беретін болды. Ана жақта той сәрсенбіде басталады екен, естуімше, ұлы көш содан аптаның аяғына дейін жалғасатын көрінеді. Үйлену тойларын былай қойғанда, біреудің елу, біреудің елу бес, біреудің алпыс, алпыс бес, жетпіс, жетпіс бес, сексен солай кете береді. Одан басқа қоныс тойы, әке-шешелерінің мерейтойлары, алтын, күміс, қола тойлары, балаларының, немерелерінің шілдехана, тұсаукесер, сүндеттой, тілашар, т.б. толып жатыр. Әрине, сәрсенбіден бастамаса үлгірмейді ғой бәріне.«Білім» деген канал бар еді бір жылдары Қазақстан мемлекетінде, кейін мәдениетпен қосылды, одан мүлдем жабылды-ау деймін. Бізге білім не керек? «Неге жабылды екен?» — десем, «Ол жерде әншілер өлең айтпайды, сол үшін жабылды» — дейді КазГУ-де істейтін қутілді бір әріптесім.Соңғы үш-төрт күн Фейсбукта бәрі «Тамаша» деген канал ашылды деп, мәз-мәйрам болып, бастық болып тағайындалған адамды құттықтап жатыр. Ол қуанатын нәрсе емес, жылау керек қой. Арзан күлкі мен мағынасыз ән аз ба еді? «Гәкку» бар, «Хит тв» бар, «Той думан» қосылды оларға, басқа арналардың аты басқа болғанымен, заты негізінен ойын-күлкі.Осылардың нәтижесі ғой бірінші қыркүйекте мектепке әртіс шақыртып, ән салдыртып жүргеніміз, осы желідегі Жансерік Керей деген қолданушы айтқандай, «Алғашқы қоңырау мен соңғы қоңырауды енді тамадалар жүргізетін шығар».Бірте-бірте: «Білім және ғылым министрлігінің керегі жоқ, мәдениетке қосайық» — деп, кейін: «Екеуінің де керегі жоқ бізге, жабайық» — деген ұсыныстар айтылса, таң қалатын адам да табылмайтын шығар.Ләззат ДҮЙСЕМБЕКОВА, филология ғылымдарының докторы.Жазба автордың facebook.com әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасынан алынды.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:20
Коронавирустен емделіп жатқан 790 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 09:12
COVID-19: қайтыс болғандар жөнінде ақпарат шындыққа сәйкес келмейді
Еркежан Арын 07.05.2021, 09:02
Сот жүйесіне жасанды интеллектінің көмегі бола ма?
Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК 07.05.2021, 08:49
«Жас қазақ» әні қалай туған?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 06.05.2021, 13:34
Көпбалалы отбасыны орталықтар шынымен қолдай ала ма?
Сайт әкімшілігі 06.05.2021, 10:32
Бауыржан Байбектің өкілі Мамайға қатысты азаматтық іс қалай жүріп жатқанын айтты

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56