Тәнін сатқан еркек, еркек пе?

Жайна ТӘТТІМБЕТ

04.03.2021, 15:31

3860

Ел арасында  кейде  тек әйел емес,  ер адамдардыңда өз  тәнін  сатып күн  көрістің  яғни  ақша  табудың  көзіне айналдыра  бастағаны   айтылып  қалады.  Бұл  қаншалықты  рас? 

Ақиқатын айтсақ, өткен ғасырдың 30-жылдарынан бастау алған ерлердің жезөкшелігі бүгінгі күні әлі жойыла қойған жоқ сияқты. Қайта, прогресске ұшырауда. Мысал  ретінде  айтар  болсақ,  өткен ғасырда бойшаң, келбетті солдаттардың өзі осы жолмен ақша тапқан екен.

Ал, қазір экономикалық дағдарыс пен жұмыссыздық  кезінде «індетке»  ұқсаған  бұл  пәле қайтадан  бел ала  бастаған  секілді.

Бір қызығы жезөкшелікпен жас жігіттермен қатар орта жастағы ерлер де айналысады. Сексологтардың пікірінше мұндай қызметке көбіне жалғызбасты әйелдер мен төсекте өз ерінен ләззат ала алмай жүрген, үстемдікті аңсайтын нәзік жандылар жүгінеді екен.

Әлем бойынша ер адамның өз тәнін сатуы бүгінгі күні қалыпты жағдайға айналған. Ал, елімізде осындай жолды таңдайтындар саны күннен күнге өсуде. Өйткені, пандемия кезінде көптеген жұмыс орындары қысқартылып, азаматтар жұмыстарынан айырылып шарасыздықтың шырмауында қалды. Бір ерекшелігі мұндай жандарға көше бойында тұрудың еш қажеті жоқ. Тек сайтқа өз мүшесін, денесін суретке түсіріп өзі жайлы анкета толтырса болды, керек жандар өзі-ақ тауып алады екен. Сондай-ақ олардың киіну стилінде еш ерекшелік жоқ, ашық шашық киінбейді. Осы  мәселені  зерттеп  көрмек  ниетпен,  сайтқа кіріп бірнеше ер адамның анкетасынан нөмірлерін алып, хабарласып көрдік. Көбі телефон тұтқасын алғанымен сұхбаттасудан қашты. Абыройы үшін емес, уақытының жоқтығын алға тартып сұхбаттаса алмайтындығын айтты. Көптің ішінен біреуін өз жұмысы жайлы айтып бергені үшін ақша беретінімізді айтып зорға көндірдік.  Кездесуге келген минуттан бастап ақшасын бірден төлеуіді сұрады. Бұл кісінің лақап аты Қайсар, 40 жаста. Сайттағы анкетасында да тура осылай жазылған. 

«Кіріс көзі карантинге байланысты төмендеп кеткен жоқ па?»  деген  сауаламызға  ол:

« — Жоқ, карантинның еш кедергі болмады. Өз клиенттеріммен байланысты үзген жоқпыз. Тұрақты клиенттерім 3 айда бір, 1 айда бір рет келеді. Сондай-ақ жаңа клиенттерім де бар, үнемі жаңа клиенттер келеді деп те айта алмаймын. Маған келетіндердің жастары 35-52жас аралығындағы әйелдер. Кейбіреулері ажырасқан болса, кейбірі тіпті тұрмыс құрмаған. Арасында күйеуі бар әйелдер де бар. Оларға күйеулері өзі рұқсат береді екен. Әйелдеріне маған білдіртпесең болды дейтін көрінеді. Жас қыздарды қабылдамаймын. Өйткені олар ләззәт алуды әлі түсінбейді, білмейді. Сосын жастар анаған мынаған бір барып, түрлі ауруды жұқтырып алуы мүмкін. Ал маған сау басыма сақина керек емес. Жұқпалы дерті бар ма жоқ па, бәрін тексеремін. Маған күйеулері қайтыс болған, жасөспірім балалары бар әйелдер көп келеді. Өйткені балаларды жалғыз тәрбиелеу оңай  емес. Стресс пен депрессияға жиі ұшырайтын нәзік жандыларға төсекте ләззат сыйлай алатын жан керек — деді  ол.

Қайсардың  осы қызметте жүргеніне бір  жарым жыл  болыпты. Бұған дейін кеңседе бугалттер болып істеген. Әлі күнге дейін фрилансер ретінде букхалтерлік қызметті атқарады екен. Ал бұл оның сүйікті ісі, былайша айтқанда хоббиі.

Осы  мәселеге  байланысты  мамандарға  сұрақ  қойған  едік,  мынадай  жауап  алдық:

Кемелбек Абитбеков

5-емхананың уролог маманы

— Қалай болғанда да ерлердің өз тәнін сатып ақша табуы мақтан тұтарлық жәйт емес. Ал біздің кейіпкеріміз бір емес екі әйелі бар екен. Осы тұрғыда ер адам түрлі әйелдермен төсектес болғанда, арнайы мүшеқап қолданбаса түрлі инфекциялар жұқтыру қауіпі бар.  

Сара Қарабекова, психолог

« — Европа елдерінде проституция ашық түрде айтылады.  Сондай-ақ Еуропада құны 100-200доллардан басталатын  жезөкшелікке үйрететін арнайы мектептер де бар.

Ал, біздің менталитемізге бұл өте жат нәрсе, жабық тақырып. Әсіресе, қазір біздің қозғап отырған тақырып та елде көп айтыла бермейді. Ерлердің жезөкшелікпен айналысуы бала кездегі психологиялық жара емес, қажеттілік. Ер азаматқа қаражат тапшылығын көру оңай емес. Статистика бойынша елдегі ерлердің 87 пайызы жұмыссыз қалды. Әйел баласы психологиялық тұрғыда бұндай проблеманы ерлерге қарағанда жеңілірек қабылдайды. Ер азамат депрессияға бейімірек. Сұраныс болғасын осы іспен айналысуға тура келді деген сөз».

Біз көтеріп  отырған бұл  тақырыпты жабулы күйінде қалғанын қалайтындар көп. Ашып айту — менталитетке жат, ұят.  “Ұят боладының” астында қаншама тақырып айтылмай, ашылмай келе жатқаны өзгеге де өзіңізге де аян. Қоғам үшін бұл үлкен проблема, өзекті мәселе.

Тегтер: тән саудасы мәселе проблема тәлім тағылым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 02:26
Қазақстан Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі жүргізіліп жатыр
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 17:42
Нұр-Сұлтанда жолда төбелескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 13:27
Алматыда Аяжан Еділованың жерлеу рәсімі өтті
Еркежан АРЫН 16.04.2021, 02:13
Ресей - әскери-стратегиялық серіктес
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.04.2021, 14:38
Доскейдегі дәруіштің күйін кешкен донор
Мәлік ОТАРБАЕВ 14.04.2021, 16:07
БІЗ КҮТКЕН БАҚЫТ

Аңдатпа


  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24