19.07.2019, 19:15
67
Тапсырыспендиплом немесе курстық жұмыстар жазып, ақша табатындар заңмен жазалануы мүмкін. Бұлтуралы нарықбаев атындағы ҚазМЗУ жоғарғы құқық мектебінің директоры, Adal bilimжобалық офисінің әкімшілік басшысы Сергей ПЕН айтты деп хабарлайды Zhasalash.kzсайты sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жағдай(тапсырыспен жұмыс жазу) Қазақстанда аса таң деп айтуға болмайды. Өйткені, кезкелген уақытта дайын «өнімді» сатып алуға даболады.
Пеннің ұсынысы бойыншабұлай пайда табатындарға айыппұл салу керек. Өйткені, Қазақстанның жоғарғы оқуорындарында ғылымға деген адалдық пен этикаға қатысты көптеген мәселелер бар.
«Біз академиялық және ғылыми жұмыстар жазыпберетіндерді және мұндай қызметтерді қандай формада болсын жарнамалауға қатыстыжауапкершілік енгізуді ұсынамыз. Мұндай бастамалар Австралия, Ұлыбритания сияқтыелдерде қолданылады, — дейді Пен.
ҚазіргіҚазақстанда бұл «бизнестің» қанат жайып кеткенін ескерсек, заң қабылдамайболмайды. Сол себепті бұл жоба Білім және ғылым министрлігіне ұсынылмақ.Министрлік тарапынан қолдау тапса, әкімшілік норманы іске қосу мәселесіүкіметте қаралады.
Фото: azattyq.org
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР