Тараз әкімінің қызметтік пәтері 24,5 миллион тұрады

06.02.2019, 17:55

174

Тараз қаласының әкімі Ғалымжан ӘБДІРАЙЫМОВТЫҢ қызметтік пәтері 24,5 миллион теңге тұрады. Бұл туралы Жас Алаш Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап хабарлайды.  Әкімдік өкілдері сайт редакция жолдаған ресми сауалда осы ақпараттарды берген.  Төрт баласы бар әкімге 116 шаршы метр болатын қызметтік төрт бөлмелі пәтер берілген екен. «Тараз қалалық әкімдігінің қаржы бөліміндегілер әкімге 24,5 миллион теңге тұратын пәтер берді», — деп хабарлады ведомстводағылар. 2019 жылдың 28 қаңтарындағы жағдай бойынша әкімдікте 54 қызметтік пәтердің бар екен. Және олардың барлығында мемлекеттік қызметкерлердің тұрып жатыр. Олардың айтуынша, бос тұрған пәтерлер жоқ.Ғалымжан Әбдірайымов Тараз қаласы әкімінің қызметіне 2018 жылдың 23 сәуірінде келген.  Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы 1965 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы», 2003 жылы «Тұран» университетін «заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған. 2014-2015 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы, 2015-2017 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметтерінде болды. 2017 жылдың 15 ақпанынан 2018 жылдың сәуіріне дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.Фото: qamshy.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 23.07.2021, 14:17
Бал татыған балық сорпасына зар болып қалмайық
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 11:18
Қазақстан өнімдерінің сапасы стандарт бойынша қалай артып жатыр?
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 23.07.2021, 08:49
Өзге елдер вируспен, ал біз жемқорлықпен күресіп жүрміз
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 08:45
Қазақстанның сот жүйесін нығайту
М.СӘУЛЕБЕК 22.07.2021, 16:52
Инфрақұрылым – ең басты мәселе
Миуа БАЙНАЗАРОВА 22.07.2021, 10:51
Қысқа әзірлік сылбырлықты көтермейді

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55