Тараздағы екі бүлдіршіннің қазасына байланысты тың дерек жарияланды

Сайт әкімшілігі

02.10.2020, 04:34

1555

араздағы бүкіл елдің қабырғасын қайыстырған қайғылы жағдай қала орталығындағы жер үйде болды. Бір үйден екі бүлдіршін қаза тапты. Тәртіп сақшылары қара жамылған отбасына ешкімді жақындатпай жатыр. Ал оқиға кеше күндізгі сағат он шамасында болған. Үйден түтіннің будақтағанын байқаған көршілер төтенше жағдай қызметіне хабар берген, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Дереу жеткен төтеншеліктер өртті ауыздықтап, екі және үш жастағы бүлдіршіндердің өлі денесін алып шығады. Екі бала түтінге тұншығып қалған.

— Ойбай, құлындарым, жандарым менің!

Ананың жоқтау айтудан басқа амалы жоқ. Оған бүгін ең ауыр, азалы күн. Бір күнде екі бірдей перзентінен айырылды. Ал кішкентай бүлдіршіндер үйде өздері ғана қараусыз жүріпті, сол кезде ата-анасы үйде болмаған. Әкесі жұмыста, ал аяғы ауыр анасы дәрігерге қаралуға бір сағатқа ауруханаға шығып кетіпті. Марқұмдардың тағы 8 жастағы әкпесі сабақта болған.

Айтқазы Қарабалаев, Тараз қаласының әкімі:

— Ата-анасы жақсы адамдар. Ішімдікке салынғандар емес. Былай айтқанда, тұрмыстық жағдай ғой. Бір сағатқа ауруханға барып келейін деп, анасы шығып кеткен. Қайтып келгенде осындай жағдай болып отыр. Әкесі де биржа, көлік жуу сынды жерлерде жұмыс істеген.

Оқиға шенеуніктерді де аяғынан тік тұрғызды. Облыс әкімінің екі орынбасары мен қала басшысы да осында жүр. Болжам бойынша, өрт сіріңкеден тұтанған. Балалар шақпақпен ойнаймын деп, өрт шығарып алса керек. Алдымен жинаулы тұрған көрпелер, артынан жиһаз жанған. Шамасы осылардан шыққан ысқа балалар тұншығып қалған. Дегенмен қазір осы дерекке қатысты тексеру басталды. Ал жерлеу рәсімі ұзаққа созылған жоқ. Түс ауа екі бүлдіршіннің денесі жер қойнына тапсырылды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 18:00
Тоқаев Ақордада Абу Даби шейхін қабылдады
Бифат ЕЛТАЕВА 26.05.2023, 15:00
Жамбыл облысы: Отандық БАҚ саясаты
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 12:11
Алматы облысында энергия тапшылығы қалай шешімін табады?
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 11:00
Министр БАҚ пен журналистиканың жайы туралы айтты
Жарас ШӨКЕ 26.05.2023, 09:51
Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
Сайт әкімшілігі 25.05.2023, 12:24
Шымкент – 100 пайыз

Аңдатпа


  • Келген қазақ құжатсыз, туған бала тұрақсыз
    26.05.2023, 10:25
  • Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
    26.05.2023, 09:51
  • Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
    26.05.2023, 09:13
  • Ғинияттың 207 мың кемшілігі
    25.05.2023, 10:00
  • Орталық Азияның «отағасы» кім?
    25.05.2023, 09:31