Тараздағы жарылыстан 3 адам қаза болды (видео)

27.02.2019, 15:53

120

Таразда болған жарылыстан қаза болғандар саны 3-ке жетті. Жас алаштың өңірдегі тілшісінің іс басынан хабарлауынша үйінді астында қалғандардың арасында 3 адам қайтыс болған. 6 адам жарақаттанған. 150-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген.Жарылыстың себебі әзірге болжам күйінде ғана болып тұр. Қазақстан Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің болжамы бойынша, Тараздағы тұрғын үйде орын алған жарылысқа газ құрылғысын дұрыс пайдаланбау себеп болуы мүмкін.27 ақпан күні таңертең 9-мөлтек аудандағы 62-ші көпқабатты үйлердің бірінде таңғы сағат 6-лар шамасында орын алған оқиғаға қатысты қазір арнайы комиссия құрылды. Тілшіміздің сөзінше 4-ші подьездің 1-2-3 қабаттары қатты зақымданған. Жарылыс 2-қабаттағы пәтерлердің бірінде болған.Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат ОРЫНБЕКОВ:-Мемлекет тарапынан арнайы комиссия құрылды, премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек келе жатыр. Азаматтар өтінішпен шығатын болса 10-мөлтек аудандағы 1 көпқабатты дайындап қойғамыз. Төсек-орын, басқасы бар, сол жерге барады. Басына ота жасалған 15 жасар баланың жағдайы жаман емес, тұрақты. Тағы бір 54 жастағы азамат ауыр күйікпен ауруханада жатыр, — дейді.Апат болған 120 пәтерлі үйді қалыпқа келтіру мүмкін емес екені айтылуда.  www.youtube.com/watch?v=dZQaxFDryAQ&feature=youtu.beФотолар автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:28
«Өтірік мәлімдеме». Бауыржан Байбек Жанболат Мамайдың айыптауларына жауап берді
Самал МАЕМГЕНОВА 13:51
Тәуелсіздік не берді?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.04.2021, 15:29
Тұңғыш ғарышкер Тоқтарды неге табандап таптаймыз?
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:43
Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 23 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:11
Нұр-Сұлтанда тасжол опырылды: мердігер компания жауапқа тартылады
Еркежан АРЫН 18.04.2021, 02:26
Қазақстан Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі жүргізіліп жатыр

Аңдатпа


  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08