Тараздық оқушы қыз 2 млн теңге грант жеңіп алды

31.10.2019, 14:09

118

Тараз қаласындағы Зияткерлікмектептің он екінші сынып оқушысы Дана Құрманбек құрғақ сарысуды өндіретінбизнес-жобасын жүзеге асыруға екі миллион теңге грантты ұтып алды. Оныңбизнес-бастамасын «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы2020» бағдарламасы аясында қолдады.

Бұл ретте екі миллион теңгегрантты ұтып алған оқушы қыз Дана Құрманбекті сөзге тартқан едік.

– Біздің елге құрғақ сүтсарысуы Ресей мен Беларусиядан импортталады. Ал оны өзіміз өндіре бастасақ,қосымша шығындардан арылар едік. Құрғақ сарысу 150-ден астам өнім түрлеріншығаруда қолданылады. Бұл косметикалық және фармацевтикалық құралдар, шұжықжәне кондитерлік өнімдер, балмұздақтың түрлері, – дейді Дана.

Жас бизнес-леди өз идеясынжақын арада іске асыруды жоспарлап отыр. Бизнес-жоспар да бар, инвестиция дадайын дейді ол.

Оқушы қыз бизнес-жоспарынжетекшісі, экономика пәнінің мұғалім-модераторы Әлия Жусанбаеваның басшылығыменмұқият құрып, есептеген екен. «Сүт өнімдерінің қалдықтарын қайта өңдеу арқылықұрғақ сарысуды өндіру жобасын жүзеге асыруды Тараз қаласындағы НазарбаевЗияткерлік мектебінің базасында жүзеге асырамыз. Еңбегіміз болашақта өңірдіңжәне елдің экономикасына ерекше пайда әкеледі деген үміттеміз. Бұл жобаныболашақта одан ары дамытып, бірнеше адамды жұмыспен қамтитын үлкен кәсіпорындарашуға мұрындық болсақ дейміз. Ол енді болашақтың еншісіндегі шаруа», – дейдіӘлия Махтабекқызы.

Айта кету керек, ДанаҚұрманбек байқаудың ең жас қатысушысы атанды. Оның жасы небәрі он сегізде.Данамен қатар байқауға зейнеткер жасына дейінгі тәжірибелі кәсіпкерлер деқатысты. Әрбір қатысушының өз бизнес-жобасын таныстыруға үш минут жәнеконкурстық комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап беруге екі минут уақытберілді.

Ұйымдастырушылардың ақпаратыбойынша, байқауға барлығы 250 өтінім келіп түскен. Жобалар бизнес-идеялардыңжаңашылдығы, бизнестің бәсекеге қабілеттілігі мен дайындығы критерийлерібойынша бағаланды. Конкурстық комиссия құрамына Назарбаев Университетінің, қалатұрғындарын жұмыспен қамту орталығының, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпкерлерпалатасы мен түрлі кәсіпорындардың өкілдері, сондай-ақ, бизнесмендер кірді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 16:17
«Ашықсыз» аш қаламыз ба?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 13:00
Сақалды құрылыстардың саны көп
Бифат ЕЛТАЕВА 11:12
Қор болған Қазақстан
Әділ АҚЫЛБАЙ 09:11
Қазақстанда қанша жемқор жүргені белгісіз
Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 09:20
Коронавирустен емделіп жатқан 790 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 09:12
COVID-19: қайтыс болғандар жөнінде ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06