ТарМУ диплом басып шығарумен айналыса ма?

11.06.2020, 06:35

353

Жақында өткен Ұлттықсенім кеңесінің үшінші отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім берудіңсапасына айрықша тоқталып, сапалы білім беріп, білікті маман даярлаудың орнынадиплом сатумен айналысатын оқу орындары бар екенін, дипломды басып шығаруменғана айналысатын мұндай университеттердің артында кім тұрса да, қызметіне тоқтаусалу керек екенін айтқан болатын. Бұл ретте, «Жас Алаштың» Жамбыл облысындағықосынына келген М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың заң факультетінің бір топоқытушылары: «Біздіңше, президент назар аударған бұл мәселе бойынша кейбір фактілердіМ.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дан да кездестіруге болады», – дейді. 

«Қазіргі білім жүйесіндегі басты тренд барлық деңгейде сапалыдамуға көшу болып табылады. Сондықтан білім беру үрдісінің негізгі принциптерінжүзеге асыра отырып, ұлттық білім берудің барлық буынында сапаны жақсартуда бізгеүлкен жауапкершілік жүктелген. Алайда біздің университетте білім берудің сапасынарттыру жұмыстары ректорат тарапынан дұрыс ұйымдастырылмай келеді. Оқу орнынсегіз жылдан бері басқарып келе жатқан ректор Махметғали Сарыбеков 2019 жылдың желтоқсанайында зейнет жасына толғанына қарамастан, өз қызметін әлі жалғастырып келеді.Заң факультетінің деканы З.Абдукаримованың да қызметінде заңға қайшы əрекеттер байқалады»,– дейді наразы ұстаздар.  

Осы орайда, ҚұрманбекСағымбеков, Халилжан Сүлейменов, Абдуғаппар Әлімбетов және тағы да басқаТарМУ-дың мемлекеттік және әкімшілік құқық кафедрасының доцент-оқытушыларыөздері ұстаздық ететін оқу ордасындағы осы және басқа да да заңға қайшыәрекеттерді жайып салуға президент Қ.Тоқаевтың «диплом басып шығаруменайналысатын оқу ордалары» жайлы айтқан сынынан соң, белдерін бекем буыпты. Бұлретте, біз ТарМу ұстаздарының айтқандарын тоғыз тармаққа бөліп, шып-шырғасынбұзбай жариялауды жөн көрдік.

Біріншіден, З.Абдукаримованыңқызметке келуімен күндізгі бөлім студенттеріне деген көзқарас өзгерді.Факультет деканы оқытушыларға дəрістерге жүйелі қатыспаған студенттерге жоғары бағақоюды міндеттейді. Қазіргі таңда студенттердің жекелеген пəндер бойынша сабаққақатысуы 40 пайызға да жетпейді. Оқытушылар студенттер қозғалысын есепке алып,сабаққа қатыспағандар туралы деканатқа мәлімет бергенімен, ол бойынша тиісті шараларқолға алынған жоқ. Жаңа деканның келуімен заң факультетінде сессия кезінде «бармақбасты, көз қыстымен» жоғары баллдың нақты сомасы бекітілгені де ашық айтылып жүр.  Профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) алдында өзбеделін жоғалтпау үшін ол кейде бірқатар студенттерді оқудан шығару бұйрығының жобасынстендке іліп қояды. (Алайда этикалық нормаға сай, мұндай құжат жария етуге жатпайды).Осыдан соң декан студенттермен, олардың ата-аналарымен сөйлесіп, ақшалай сыйақыалуға келіссөздер жүргізетін сияқты. Өйткені жалған бұйрықтан кейін деканаттыңалды ата-аналар мен студенттерге толып кетеді. Бұл факт сыбайлас жемқорлықтың белгісіемес пе?

З.Абдукаримоважоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің деканы болған кезде онда облыстықпрокуратура қызметкерлері тексеру жүргізген. Нәтижесінде әкімшілік, қылмыстық заңбұзушылықтарғажол берген оқу орнының басшылығы үлкен көлемдегі айыппұл төлеуге мәжбүр болды.Кейбір деректер бұл соманың 150 миллион теңгенің шамасында болғанын растайды.Бұл айыппұлды төлеу университеттің қаржылық ахуалына кері əсер етті. Аталған тексеріспен оған төленген айыппұл жайында ешқашан айтылмады.

 Ал азаматшаЗ.Абдукаримова жауапкершілікке тартылудың орнына қызметі өсіп, заң факультетініңдеканы қызметіне тағайындалды. Бүгінде факультет деканымен диплом жұмыстарына жетекшілердібекіту кезінде білім және ғылым министрлігімен ұсынылған біліктілік талаптары өрескелбұзылуда.

Үшіншіден, жаңадекан қызметіне кіріскен 1,5 жыл ішінде белгісіз себептермен сабақ кестесі,кешкі бөлімде оқитын студенттер мен оқытушылар арасында аудиториялық байланыс жоғалды.Алайда деканат тарапынан әрбір аттестациялық апта соңында баға қоюға арналған ведомостьұсынылады. Бұл жағдай деканның бастамасымен жүзеге асырылып отыр. Оған қоса,төтенше жағдай кезінде кешкі бөлім студенттеріне оқу үрдісіне қатысты ешқандай әдістемелікнұсқаулық берілмеді. Кешкі бөлім студенттеріне жоғары балл қою жөніндегі нұсқауәлеуметтік желідегі топтар арқылы түсіп жатты. Деканат бұл әрекеттерін олардың оқуақысын төлеп отырғанымен түсіндірді. Осылайша ПОҚ толығымен кешкі бөлім студенттерінежиынтық баллды қойып беруге міндеттелді.

Төртіншіден,З.Абдукаримова факультетке жетекшілік еткелі бері заң факультетінің сырттайбөлім студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы арасында аудиториялықбайланыс жойылды. Сәйкесінше, студенттерге қорытынды бағаны қою жүйесінің қалайжүзеге асатыны белгісіз күйінде қалып отыр. Оған қоса, сырттай бөлімде оқып,университет есігін ашпағандар да диплом алып жүр.

Бесіншіден,З.Абдукаримованың жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің  деканы болған кезінде ол жүйелік қателіктергежол беріп,  білім беру заңдылықтарынөрескел бұзды. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдауазаматтардың өтінішіне сай, конкурстық жүйемен жүргізілетіні белгілі. Оқуғатүсуге ниетті  азаматтармен келісімшартжасалады. Ал оқыту күндізгі бөлімде жүргізіледі. Алайда З.Абдукаримова деканболып тұрған тұста бұл факультетте құқық қорғау органдарында және өзге демемлекеттік мекемелерде қызмет жасайтын магистранттар өз жұмысында жүріп білімалды. Тіпті кейбір магистранттар мемлекеттік білім беру грантын иеленіп, жалақыменқоса, шəкіртақы да алып тұрды. Бұл дегеніңіз мемлекет қаржысына қол сұғу емеспе? Өйткені шəкіртақы мен жалақыны қатар алып жүрген магистранттар сабаққакелместен, өз жұмысын жалғастыра берді.

Алтыншыдан,факультеттің профессор-оқытушылар құрамы білім саласындағы заңдылықтар менеңбек қатынасына қайшы жасақталған. Қазіргі таңда азаматтық құқық жəне ісжүргізу кафедрасының А. есімді профессоры оқу жүктемесі мен сабақ кестесіне байланысты тиісті дəрістерді  жүргізуі керек болса, факультет деканыныңауызша бұйрығымен бұл сабақтарды кафедраның өзге оқытушылары өткізуге мəжбүр.ҚР «Оқу процесін кредиттік технология бойынша ұйымдастыру ережелерін бекітутуралы» заңына сай, ол профессор бұл дәрістерді міндетті түрде өзі өткізуі тиіс.Бұл ереже бойынша, А. ханым аудиториялық дəрістердің 30 пайызын өзі өткізуікерек. Бұл А. ханымның ТарМУ-дағы қызметі тек магистрлік жəне ғылыми-зерттеужұмыстарына жетекшілік етумен шектеліп қалмау керегін көрсетеді. Аталғанжағдайға байланысты берген жауабында ректор Сарыбеков профессор А.-ның өзоқу  жүктемесін қашықтан атқарып отырғанынайтады. Қазіргі таңда А. ханым заң факультетінің азаматтық құқық және ісжүргізу кафедрасының зерттеуші-профессоры қызметін атқарады. Еңбек заңнамасына сай, негізгіқызметінен қол үзбей, екінші қызметті қоса атқару басқа тұрақты қызметінен босуақытында жүзеге асырылуы керек.  Заңнормасына қарамастан,  А. ханым бір мезгілде  еліміздегі үш жоғары оқу орнында дəріс оқиды. Оның екеуі Алматы қаласында, албіреуі Тараз қаласында орналасқан. Мұны ТарМУ басшылығы біле тұра, мүдделіболып отыр.

 Осылайшазаңсыз жалақы аудару есебінен 2017 жылдың шілде айынан бері М.Х.Дулати атындағыТараз мемлекеттік университеті 6 394 520 теңге зардап  шекті. Бұл жағдайға  университет ректорыМ.Сарыбековтің тікелей қатысы бар. Өйткені Сарыбековтің қызы Еуразия ұлттықуниверситетінде   А. ханым мүшелік ететіндиссертациялық кеңесте докторлық диссертация қорғаған. Бұл уақытта А. ханымАбай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры қызметінатқарған. Оған қоса, профессор А. 2018-19 оқу жылында біздің оқу ордамыздағы бакалавриаттыңалты студентіне жəне сегіз магистрге ғылыми жетекшілік жасады. Ал доцентЗ.Абдукаримова 12 магистрантқа жетекшілік етті. Олардың дипломдық жəнемагистрлік жұмыстарының тақырыбы бір-біріне сай келеді. Бұл ретте, білімберудің нормалары мен ережелері бұзылған.

Жетіншіден,заң факультетінен Еуразия ұлттық университетіне докторантураға түскеноқытушылардың ешқайсысы кері оралмады. Олардың арасында университет ректорыныңқызы Салтанат Сарыбекова да бар. Ал бұл жағдайдан хабардар факультет деканымемлекеттік тапсырыс есебінен оқыған оқытушылардың университетке кері оралмау мəселесінекөз жұма қарап отыр. Ал заң бойынша мемлекеттік тапсырыс есебінен докторантуранытәмамдағандар кемі үш жыл өз университетінде ұстаздық етуі қажет.

 Сегізіншіден,университетте салынып жатқан жатақхана жайында айтсақ. Бұл ретте, ректорМ.Сарыбеков: «Биыл біз жаңа студенттік жатақхана құрылысын бастадық. Жатақханақұрылысы бюджеттен қаржыландырылмады. Біз қаржы көзін өзіміз іздей бастадық.Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында инвестор іздеуге тырысыпкөргенімізбен, ешқандай нәтиже болмады. Өйткені инвесторлардың барлығы дақұрылыстан өз пайдасын ойлайды. Соңында біз басқа жолмен жүрдік. Анатолий Пакесімді кәсіпкер жетекшілік ететін «ПИКО» құрылыс компаниясымен консорциумқұрылды», – дейді. Осылайша ойдан құралған жоспар бойынша университет жаңа жатақхана құрылысының жартысынқаржыландырады. Ал қалғанын «ПИКО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзмойнына алады. Құрылыс жұмыстарының жобалық құны 1 миллиард 350 миллион теңгеніқұрайды. Өз кезегінде университет құрылысқа жер телімін бөле отырып, жобалық-сметалық құжаттама, техникалықшарттарға қаржы қарастырады.

  Бүгіндежатақхананың алғашқы қабаттарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағыжылдың шілде айында пайдалануға беріледі деп күтіліп отырған жаңа нысанныңсыйымдылығы 500 орынды құрайды.

Осы орайда, барлығының көкейінде «Неге М.Сарыбековректорлыққа келгелі университеттегі барлық құрылыс жұмыстарының тапсырысын«ПИКО» құрылыс компаниясы алады?» деген заңды сұрақ туады. Оған қоса,М.Сарыбеков пен «ПИКО» құрылыс компаниясы арасындағы келісімшарттың қандайазаматтық-құқықтық келісімге сай жасалғаны белгісіз. Өйткені келісімшарт туралымәліметті интернет-ресурстан кезіктіре алмадық.

 Тоғызыншыдан,ұзақ жылдан бері шетелдік студенттер тарапынан университеттің қаржы саясатынақатысты шағымдар толассыз түсіп жатыр. Өз болашақтары үшін туған жеріненжырақта білім алып жүрген жастар оқу ақысын банктер арқылы төлейді. Осы сәттеолар АҚШ долларын теңгеге айырбастау есебінен едәуір зардап шегеді. Өйткеніолардың ата-аналары оқу ақысына қажетті қаржыны өз елдеріндегі валюта бағамынасай аударады. Осылайша студенттер оқу ақысына 60-70 мың теңгеге дейін артықаударып жүр. Есеп бөлімі шетелдік студенттердің артық аударған қаржысын оқужылының соңында ала алатынын айтады. Ал осы бөлімнің кейбір қызметкерлері студенттердіңөз ақшасын кері қайтаруға кеш өтініш жасауын себеп етіп, оларға тиесілі қаржынықайтарудан бас тартылатынын алға тартады. Егер университетте қазір 800-ге жуықшетелдік студент оқиды десек, онда университет басшылығының ешқашан, ешқайдажарияланбайтын бейресми табысының қаншалықты екенін оңай есептеуге болады.

Нұрболат ӘЛДИБЕК

Жамбыл облысы


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 18:00
Тоқаев Ақордада Абу Даби шейхін қабылдады
Бифат ЕЛТАЕВА 26.05.2023, 15:00
Жамбыл облысы: Отандық БАҚ саясаты
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 12:11
Алматы облысында энергия тапшылығы қалай шешімін табады?
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 11:00
Министр БАҚ пен журналистиканың жайы туралы айтты
Жарас ШӨКЕ 26.05.2023, 09:51
Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
Сайт әкімшілігі 25.05.2023, 12:24
Шымкент – 100 пайыз

Аңдатпа


  • Келген қазақ құжатсыз, туған бала тұрақсыз
    26.05.2023, 10:25
  • Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
    26.05.2023, 09:51
  • Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
    26.05.2023, 09:13
  • Ғинияттың 207 мың кемшілігі
    25.05.2023, 10:00
  • Орталық Азияның «отағасы» кім?
    25.05.2023, 09:31