Тарыққанға тарту тауқыметтен құтқарады

14.07.2020, 07:13

55

Қытай вирусы соғыстан бір кем емес. Жаhанды жайпап, қазақхалқына сойқан салып тұр. Коронавирусты айтпағанда, беймәлім пневмония жығылғанүстіне жұдырық болуда. Кеселден дін амандар жанын шүберекке түйіп жүр. Еліміздегіауруханалар Қабдеш Жұмәділов жазған   барса келмес атанған  Қытайдың «Тарым» лагерінен кем емес. Бұлнәубет емей, немене?  XX ғасырдыңбасындағы  үш бірдей ашаршылық кезінде 13млн қазақтың  небары 3,2 млн-ны тіріқалған деген дерек бар. Арада бір ғасыр өтті. Тұтқиылдан келген  коронавирус кеселінен 38 қарағандылық бақилықболып, 6068 адам қатерлі дертпен  ауырыпшыққан. Белгісіз пневмониядан жыл басынан бері өңірдегі  200 тұрғын қайтыс болған. Бүгінгі күнгедейінгі ресми дерек осындай. Жұқпалы індеттің қашан аяқталатынын ешкім дөпбасып айта алмайды. Тап қазіргі шақта халыққа нақты көмек қажет.

Осындай қысылтаяң шақта елге көмек қолын созып жүргенволонтер жастардың еңбегін елеу парыз. Қарағанды облысындағы «Жастар»волонтерлік желісі пандемия басталғаннан бері 967 акция ұйымдастырған. Құрамында700-ге жуық нілдей жастар бар ұйым төтенше жағдай кезінде жеке кәсіпкерлерменбірлесіп, карантинде отырған тұрғындарға  керек-жарақтарын жеткізіп берген, сондай-ақ  блокпостарда кезекшілікте болған полицияқызметкерлерін және дәрігерлер мен әскери қызметкерлерді  түскі аспен қамтамасыз етуге атсалысқан.Белсенді топ мүшелері 215 отбасындағы 430 адамға азық-түлік, дәрі-дәрмек, гигиеналыққұралдар жеткізіп, 492 кісіге әлеуметтік себет тасымалдаған. «Жастар»волонтерлік желісінің төрағасы  ДәуренРақымбек халықпен етене араласқанда көңілге көлеңке түсіретін көп нәрсеге көзжеткізген.

— Өкінішкеқарай, біздің қоғамда жағдайы төмен, нақты көмекке мұқтаж отбасылар көп. Алайда мемлекеттік қолдауға зәру емес отбасылартегін олжаға кенеліп жатыр. Өткенде жоқшылыққа киліккен бір әулетке азық-түлікжеткізіп беріп жатсақ, көршісі  ытыпшығып: «Тегін көмекті маған да жеткізіңдер!» – деп, бізге  ойран салды. Бұл мәдениетсіздік пе, әлдекөрсеқызарлық па? Ел арасында пейілі бұзық, іші тар қандастарымыздыкездестіргенде жігерің құм болады екен. Бірақ мен елге адал қызмет етуді мақсатеттім. Халықтың амандығы – біздің бірлескен жұмысымыздың жеңісі.

 Бүгінде біркиерді айтпағанда, бала-шағасы ішер тамаққа жарымай жүрген отбасылар айналамызда  аз емес. Олардың дені орта білімді, 60-70 мыңжалақыны місе тұтып жүрген жандар. Көпшілігі «жұмыс істейді» деген сылтауменшөміштен қағылған.

— Менқаладағы емханалардың бірінде медбике болып қызмет етемін. Айлығым 100 мыңтеңгеге жетпейді, үш балам бар. Жолдасымның арнайы білімі жоқ. Маусымға қарай әржерде жалдамалы жұмыс істейді. Жұмысының істегенінен тоқтағаны көп. Өткен айдакоронавируспен ауырып,  үйде өз күшімменемделіп шықтым. Емхана әкімшілігі  көктиын төлемек түгіл, дәрі түрінде көмек берген емес. Басшыларымыз «ауырғандарыңдыбілдірмеңдер, құпияда сақтаңдар, жан баласына жақ ашпаңдар» деп қатаң ескертужасады. Отбасымызға  әлеуметтік жәрдемақытөленбейді, әлеуметтік көмек те берілмейді. Жалдамалы баспанаға ай сайын 50 мыңтөлеп отырмыз. Үйге жүріңіз, жағдайымызды көрсеңіз, жанарыңызға жас аларсыз, бәлкім?«Өлместің күнін көріп отыр» деген сөзді бізге телуге болады. Сонда мемлекеттіңкөмегіне қандай адамдар қол жеткізіп отыр? Әлде ол «бармақ басты, көз қысты»қағидасы бойынша беріле ме? – дейді «Майқұдық» ықшамауданының тұрғыны ЭльмираЕлеуова.

Қазақта«Біреуге жапқан шапаныңмен өзіңнің де жүрегің жылиды»  деген жақсы сөз бар. Ащы да болса шындық. Қазірбабаларымыздың сондай текті қасиетінен алыстап бара жатқандаймыз. Бүгінде бұқараның жалғыз үміті мемлекетте. Биліккеиек артпасқа жол жоқ. Елдегі бизнесмендер «пандемияның пәрмені ұзаққа  ұласуы бек мүмкін» деп, жиған қаржыларынсандықта  сақтауда. Тек шапағат етудіңшарасын жасап жатқан  бірді-екіліимандылық үйінің аты  ел аузында жүр.Солардың бірегейі, «Майқұдық» ықшамауданындағы «Бала қажы» мешіті қытай вирусыбасталғалы 100-ге жуық отбасыға  жамағаттан жиналған киім-кешек пен  садақадан артылған қаржыға 3тоннаға жуық  азық-түлік түріндегі көмекберген.


Махмуд НҰРҰЛЫ,

«Бала қажы» мешітінің бас имамы:

— Ұлттықаза тұту күні жамағат пен мешіт қаржысына ірі қара мал сатып алдық. Құрбандыққашалынатын малдың етін  аудандағы  әлеуметтік жағдайы әлжуаз әулеттергеүлестіреміз. Бұл біздің әуелден келе жатқан дәстүріміз. Сондай-ақ бас мүфтиНаурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен, мешітімізде  коронавирустан қайтыс болған барлықмарқұмдарды еске алып, олардың аруағына арнап, құран хатым бағыштаймыз.

     Қарағандыоблысында Ұлттық аза тұту күні барлық мемлекеттік мекемелердегі тулар төментүсірілді. Қаралы тәулікте  облысорталығындағы  Тәуелсіздік  стелласы алдында  ресми билік өкілдері және дәрігерлер менполиция қызметкерлері, басқа да мемлекеттік қызметшілер   өзмекемелерінің сыртына шығып, коронавирус құрбандарын үнсіздікпен  еске алды.


АйтбалаСҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Қарағандықаласы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16:17
Адам өміріне араша түскен полицейлер марапатталды
Сайт әкімшілігі 13:59
"ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
Сайт әкімшілігі 11:53
COVID-19: 222 адамның жағдайы нашар
Сайт әкімшілігі 10:22
Коронавирустан 900-ден астам бала емделіп жатыр
Бифат ЕЛТАЕВА 09:56
Туған баласынан безінетіндер неге көбейіп кетті?!
Сайт әкімшілігі 29.11.2020, 17:57
"Nur Otan" партиясының қатарына тағы 1,5 мың қазақстандық қосылды

Аңдатпа


  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09