Тасауылдықтар шеті құлаған ғимаратта дауыс береді

06.06.2019, 19:33

230

Қарағанды облысы, Бұхар жырау ауданына қарасты Тасауылауылындағы сайлауда дауыс беретін ғимараттың фотасы әлеуметтік желіге шығыпдүйім  жұртты дүрліктірген.

Ауылдың мүшкіл хәлін көрсеткен фотаны сондағытұрғындардың бірі жергілікті сайттардың біріне жолдап жіберген. Суретте шетіқұлап жатқан ғимараттың төбесінде еліміздің көк байрағы желбіреп тұр.Бұл мекемеТасауыл елді мекенінің клубы яғни мәдени ғимараты екен. Ауыл әкімшілігі бұлғимаратты 9  маусымда дауыс беретін орынетіп дайындапты. Бір шеті құлап жатқан үйде жұрттың болашақ  президентті таңдайтыны әлеуметтік желідежұрттың ашу ызасын туғызған. Алайда шалғай елді мекендердегі көптеген ауылдыңжағдайы фота суреттегі көріністен де мүшкіл екені жасырын емес.


Әлеуметтік желі қолданушылары «дамыған 50 елдің қатарына қосылған түріміз осы ма, ең құрығандасаулауға дұрысты ғимарат болмағаны ма»деген тәрізді наразы пікірлерінбілдірген.Осылайша лауазымды тұлғалар ат ізін сала қоймайтын  Тасуылдың аты жалпақ жұртқа жария болып шығакелді.

Әлеуметтік желіде шу туғызған Тасауылдағы фота суреттіңмән жайын Бұхар жырау ауданы әкімшілігінен сұрап көрдік. Шын мәнісінде бұл фотасурет Бұхар жырау ауданындағы Тасауылға тиесілі екен.


«Суретте 1940 жылысалынған ғимараттың қазіргі уақытта клубтың қосымша салынған артқы бөлігі.Кіруғимараттың жанынан.Сайлау участогі барлық қажетті материалдармен қамтылған. Абаттандырусенбілік жұмыстары жүргізіліп, мүмкіндігі шектеулі адамдарға да жағдай жасалған»,- деп Бұхар жырау ауданы әкімшілігі «Жасалаш»тілшісіне мәлімет берді.

Сонымен қатар шенеуніктердің сөзіне сенсек ғимараттыңкүрделі жөндеуіне әзірге жобалық сметалық құжат әзірленіпті. Дегенмен Тасауыләкімшілігі болашақ президентті таңдау үшін сайлауға дайын екендіктерінбілдірді.

Әлеуметтік желіде ғимаратының шеті құлап тұрған сайлауучастігіне «шетелдік бақылаушыларды алыпбарса ғой »деп армандағандар да болды.



Фотоларды авторұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңлік АБАҒАН 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Елеусіз МҰРАТ 03.08.2021, 09:20
Еріккеннің ермегіне айналған әлеуметтік желіге тәртіп керек
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58