Тау тағысы

07.05.2020, 18:26

7

ҰлыОтан соғысы – адамзат тарихында болған соғыстардың ішіндегі ең қасіреттісі. ҰлыЖеңіс бізге орасан зор адам құрбандықтарымен келді. Осы соғыстың суық желі ешқашанұмытылмақ емес. Қазақ елінің басынан ешқашан қиындық, азап арылмады. Міне,қазір көптен күткен тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Өз алдымызға тәуелсізмемлекет болдық. Көк аспанда желбіреген көк туымыз, самғап шырқайтынәнұранымыз, елтаңбамыз бар.

     Осындайжетістіктерімізге  зор үлесін қосқан  аталарымыздың бірі – Ұлы Отан соғысыныңардагері, еңбек ардагері Абузәкір Жақияұлы. Ол 1923 жылы  Семей облысы Аягөз ауданының Батпақ ауылында /бұрынғы«Сталин» колхозы/ дүниеге  келген. Аягөз қаласындағы №8 қазақорта мектебін бітіре салысымен,   соғысқа 18 жасқа толар-толмас кезінде кетіпті.«Комсомолға ертерек өтем» деп, тағы бір-екі айды өзіне қостырып алса керек.Соғыс басталысымен,  1941 жылы алғашқышекарадағы шайқаста ауыр қырғынның арасында қалады. Айтқан әңгімелерінде «еңбірінші неміс әскерлері самолеттерін жібереді, онан кейін ауыр танкілер кетеді,артынан автоматпен жаяу әскері қырып өтетін алапат жалыннан біздің ел ерлікпенаман шықтық» дейтін. Соғыстың алғашқы күндеріне түскен ол қару-жарақтың дажетпегенін, соған қарамастан, «Алға! Алға!» деп жауға қарсы ұмтылып, қыршыннанкеткен талай боздақты еске алып отыратын. «Ол кезде тәртіп қатал еді. Бір адымартта қалып қойғандарды өз командирлеріміз атып тастайтын» деген бір сөзінде.Соғыстан бір аяғы ақсап, жүректің көк етіне оқ жарықшағы тиіп,  оң жақ иығынан жараланып елге оралды. Соған қарамастан,елдегі жұмысқа араласып, халқымыздың жеңіске жетуіне өз үлесін қосты. Ол кісіөле-өлгенше Сталинді керемет қадір тұтып өтті. Үйде үлкен суреті ілініптұратын. Сол кездегі саясат әбден миларына құйып тастаған ғой.

   Әкем  бас-көз демей тура айтатынкісі еді. Соғыстан кейін Семей облысындағы Сергиополь ауылына қарасты Батпақ ауылына есепші болып орналасады. Анамекеуінің үйленгені де қызық. Аягөздегі Ләззат апайының үйіне барып жүріп,құдашасы, Оразалин Сейіт жездемнің немере қарындасы, менің анаммен танысады. Олкезде анам жасы үлкен болса да, соғысқа кеткен  әкесінің орнына  үйіне бас-көз болып, Аягөз депосында оққұятын жерде жұмыс істеп жүреді. «Стахановшы» атанып, сыйлыққа көмір алып едім»деп  айтып отыратын. «Ол кезде қаркеремет қалың болатын, таңертең Аягөзден шығып, ат-шанамен Батпаққа зорғажеткенбіз. Той жасап, үйлендік. Сонда дастарханда әр жерде шашылған құрттанбасқа түк жоқ. Бірақ  қазақша, орысша әнсалып, би билеп, той таң атқанша жалғасты. Керемет көңілді болып еді», –  дейтін.

  Бәрі «бір уыс бидай» дегеннен шығады, «Бәрі де майдан үшін, бәрі дежеңіс үшін!» деп ұрандатып, тылдағы тапқан-таянған нәрсенің бәрі майданғажіберілді. «Үйде еркем бар, кенжем бар. Өзіміз қырманда жұмыс істесек те, біруыс бидайға зар болатынбыз. Талай адам ұсталып, жер аударылып та кетті», – дейтін.

   Жеңіске де жетіп, әкемді Ақшатау ауылына қызметке жібереді. Әкемдомбыра, мандалин, балалайка, баянның құлағында ойнап, ән шығаратын. Әншілігіде керемет еді. Соғыстан бұрын Алматыдан кісілер келіп,  жер-жерді аралап,  қазақ ұл-қыздарының арасынан өнерлі балалардыіздеп,  оқуға жинаған екен. Сол тізімніңішінде менің әкем де, қарындасы Қайныкен де болыпты. Бірақ апам жібермейқойыпты. «Әй, сол кезде апам жіберсе ғой, қазір бәрі басқаша болар ма еді» деп,балалайкасын тартып-тартып жіберетін. Таңертең біздің үйді домбырамен оятатын.  Әкем керемет пысық, жан-жақты  кісі болды. Кейде: «Бір жалақыға телміріпотыратындарға таңғалам», – деп отыратын. Қоңыртаудағы үйді де өзі салдырды. Жазболса шөп шаптырып, үй жанында бақша салдыратын. Шағын ұстаханасы бар. Темірдентүйін түйетін. Жоқтан бар жасайтын. Бір темірмен екіншісін жалғап, өзінекеректі құрал-сайманды қолма-қол жасап алатын.  Сол кезде артық мал да ұстатқызбайды. Төрттүлік мал былай тұрсын, қоян, үйрек, қаз, ең аяғы арқардың жетім қалған қозысында үйге әкеліп асырағаны есімде.

     Біздің жақта бақша дегенді ешкімбіліңкіремейді. Жаз бойы картоп,  сәбізбен қияр жайнап тұратын. Бәрінің амалын табатын. Әлі күнге дейін сол кісініңеккен талдары үй жанында жайқалып тұр. Қонақжай еді.  Біздің үйге біреулер келіп түсіп жатса,екіншілері аттанып жататын. Ауылға кино, артистер шақыртатын. Әйтеуір, елдіңқамымен жүретін. Бүкіл ауылдың балаларын ертіп алып, таңбалы тасты көрсетіп, өзаражарыстырып мәре-сәре болатын.

   Қоңыртауға үй салып жатқанда кісілер «жұрт үйді қалада салатын болса,Әукеш (әкемді кісілер осылай атайтын) далада салады» деп күледі екен. Оларға: «Ментау тағысымын, ешкім маған бұйырып сөйлей алмайды. Еш уақытта біреулергежаутаңдап, біреулерге жалпақтап көрген жоқпын», –дейтін. Расымен, солай еді.Далада отырып, қаладағылардың барлық жұмысын бітіріп беретін. Совхоздарарасында болып жатқан жер дауы, кейбір  шешілмейжатқан мәселелерге келгенде оңай-ақ шешіп беретін.      

    Егемендік алып, жұрт жан-жаққа көше бастағанда да әкем сол Қоңыртауданқозғалмады. Кітапхана жабылып, жұрт не істерлерін білмей абдырап қалғанда біздіңүй ауылдың кітапханасы, кинотеатры болды. Үйдегі сөре-сөре кітаптардыауылдастарымыз кезек-кезек алып оқыды. Кешкі сауыннан кейін үйіміз шағынкинотеатрға айналатын. Жарық жоқ ауыл «движок-мотор» деп аталатын  қозғалтқыштың даусын естісе болды, «әне,қосты» деп үйге қарай ағылатын.

   «Ақсақалға амандасамыз» деп Көпен Әмірбеков,Жәнібек Кәрменов, Сапар Байжановтар арнайы келіп, Қоңыртауға ат басын тірейтін. «Қоңыртау –қасиетті жер. Тау-тасытарихқа тұнған. Бұрынғы байлар да барлық жерде жұт болып жатқанда Қоңыртаудааман шығып отырған», – дейтін. Расымен де,  Дулат Бабатайұлы жатқан қасиетті топырақ,тарихы таңбалы тастармен көмкерілген Қоңыртау тарихы әлі де зерттелері хақ.Қазір әке шаңырағының түтінін түтетіп үлкен ағам Қуаныш ұрпағымен – ұлдары Ұланмен Асыланмен отыр. Әкемнің жолын қуып, әскери полиция қызметкерлігінензейнеткерлікке шыққан бауырым Қабыштың ұлы Алмас Абузакиров – жоғары білімді әскериқызметкер. Жұрт ауылға  әкем салып кеткен«Әукеннің жолымен» қатынайды. Қай кезде де жаңалықтың жаршысы болыпжүретін  әкемнің ән салатын, өлең  шығаратын өнері бар еді.

   Ұлы Отан соғысы жылдарындаОтанға, атамекенге деген сағынышын әкем осы хатында көрсеткендей. Соғыста жүріпосы хатты салып жібергеннен кейін қарындасы Қайныкен әнге салып айтып жүріпті.Кейін әулетте бір той-томалақ, мейрам болса,  бәрі осы әкемнің хат-өлеңін айта жөнелетін.

   Біздіңортақ парызымыз бен міндетіміз – Жеңістің қандай қиындықпен келгенін әрдайыместе сақтау, болашақ ұрпаққа  аталарерлігін айта жүру. Жеңіскүні Қазақстан тарихында және әрбір азаматтың есінде мәңгі қалады. Біз  әкелерімізді мәңгі есте сақтап, басымыздыиеміз. Шаңырағымызда әрқашан бейбітшілік пен тыныштық орнасын!

                                                                             Дариға  ЖАҚИЯНОВА

                                                                                           Семей қаласы


             Елгехат

Қағаз, сия, қолыма қалам алдым,

Туған жер мен елді ойлап мен толғандым.

Жанға батып жаралар қинаған соң,

Осы өлеңді мен жазып хатқа салдым.


Аман-есенбісіңдер, елі-жұртым!

Сарыарқада күн шығар, қазір бұл түн.

Серпіледі тұңғиық жау жеңіліп,

Барлық әлем қосады біздерге үн.


Өмірімнің асылы – аналарым!

Адал ниет ақ жүзді ағаларым!

Қайсар білек, жаужүрек жауды жеңер,

Адал туған жауынгер балаларың.


Апашым, ақ маңдай,

          Қайырмасы                   Ақшажүз, адал ниет.

Гитлер – сұмырай,

    Халыққа ол қара бет.


Аман көрсем сіздерді таңым атар,

Той-мереке, бақытқа елім батар.

Азынаған анамыз күндіз-түні,

Қайта жасап өмірде жүрер қатар.


Боздап қалды боталап жас балалар,

Жылап қалды зар илеп ата-аналар.

Ұлы майдан соғыста шықсақ жеңіп,

Сарыарқадан жарқырап таң да атар.


Сағынғанда өлең айт мені қосып,

 Әнін ойлап өзіңтап, сөзін тосып.

Келістіріп өлеңді мен жазайын,

Жауыздардың терісін осып-осып!


Сарбас жылан Гитлер құзғын шықты,

Талай жанды аямай жерге тықты.

Оның досы сұр жылан, жалаң қаққан,

Жұртты айдап, ажалға өзі бұқты.


Анам қалды зар жылап артымызда,

Тартамыз ғой қазақи салтымызға.

Қауіп ойлап, осы жерден арман етем,

Елде жүрген тапсырдым халқымызға.


Екеуің де тәтеміз Сақыш–Ләззат,

Жанға батып, жаралар көрсетті азап.

Сағындым ғой, қайтейін туған елді,

Жаудан елім болады әлі-ақ азат!


Жер мен малға бай едік шалқып жатқан,

Ойын-қызық, думанға елім батқан.

Сұмырайлар сормақ болып елдің қанын,

Ардан безген, арам ниет қанға батқан.


Қарындасым, серігім – Қайынжамал!

Гитлер иттер болды ғой үлкен тажал.

Жеткіншегім артымда сен боп қалдың,

Қаза жетіп, бұл жерде жетсе ажал.

                                                Күнімсің, қуатым!

             Қайырмасы               Көңілімдіжұбаттым.

                                                Менен алған хатты оқып,

                                                Сенанамды уатқын!

Бәкіш пенен Оралған, Ақан бауыр!

Жараланған бұл күнде жерім тәуір.

Қайтпаймын ба, кім білер, қайтамын ба,

Тұла бойым жер тартқан, денем ауыр.

                                                 Сарыарқа жайнаған,

             Қайырмасы                Дәулеттіайдаған,

                                                  Жаулармен ерегісіп,

                                                 Қанымыз бар қайнаған.

                                         Авторы: Жақиянов Абузәкір

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34