Тәуелсіз баспасөз органдарының күні ауыр

25.07.2019, 15:36

333

Нағыздықты сана жасайды,

ал сіз өзіңіздің санаңызды жасайсыз.

Дж. Кехо

Сананы да үйқамақтаұстауға болады.

Тақырыптың уыты

Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының көбі жекеазаматтардың иелігінде деп саналады. Алайда меншік иесі жеке тұлғалар болғанымен,олар мазмұны тәуелсіз контент жасайалмайды. Тақырып және мазмұн жағынан биліктің қатаң бақылауынан шығаалмайды. Әсіресе саяси оппозиция өкілдерінің телеарналарға ақпаратпен шығуы қатаңрегламенттенген. Олардың сөздері цензурадан сүзіліп, радикал ойлары болса, қиылыптасталады. Соңғы онжылдықтарда либерал бағыт ұстанатын қайраткерлер ойындағысынашып айтатын материалмен телеарналардан көрінген емес.

Ал аздаған тәуелсіз баспасөз органдарының күні ауыр. Оларойдан шығарылған кінәлармен үнемі сотқа тартылудан көз ашпай келеді. Жазықсыз,жаламен сотталып кетіп жатқан журналистер де аз емес. Басылымдардың жабылып қалуыжағдайлары үнемі көрініс беріп отырады.      

Осылай ақпарат құралдарының билікке тура бағыныштылары ғанаемес, азаматтардың қолындағылары да, қатаң бақылау астында бұқараның санасындемократиялық быламықтан тазартумен айналысады. Ол жолда бұқаралық сананы өзгеағысқа бұрып жіберудің бірегей амалдары қолданылады. Билікке бағынышты БАҚ-ныңалдына қойып отырған басты мақсаты – көпшіліктің назарына саяси-әлеуметтік, құқықтықмазмұндағы материалдарды жібермеу арқылы бұқаралықсананы тұрмыстық тар шеңберден шығармау.

Ол үшін телеарналарға саясат, мәдениет, экономика, әлеуметмәселелерін қозғайтын, сындарлы бағдарламалар жасауға жол берілмейді. Шетелдіккиносериалдарды, арзан концерттерді үйіп-төгіп бере беруге руқсат етілген. Халықтыңжалпы дүниетаным кеңістігін ұстап тұру үшін немесе талғамын қалыптағыданасырмау үшін көңіл көтеретін делінетін бағдарламалар көрсетіледі. Ермек үшін көрсетілетінберілімдер арасында мағынасыз, шектен асқан тұрпайы дүниелер толып жүреді.Мысалы, бір телеберілімде ауыл мұғалімінің (әйел адам) денесінде жүріп жатқанфизиологиялық үдерістерді дыбыстық қосарлаумен балаларға естірте босатуы көрсетілді.Дүмбілез орындаушыларда тұлғалық қадір жоқ, өздерін өздері сыйламайды, ұятты дакейін ысырып қойған.

БАҚ бұқараны маргиналдандыру құралына айналған.Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын телеарналар мен басылымдардың ешқайсысысаяси тақырыпқа жоламайды. Тәуелсіз арналар деп есептелінетіндердің дематериалдары арасынан бұқаралық маңызы бар ештеңе таппайсың. Олардың бәрі рұқсат етілетін және етілмейтінтақырыптардыжақсы ажырата біледі. Телеарналар соңғы жаңалықтар топтамасының өзіндедемократиялық елдердегі сайлаулар, олардағы либерал күштердің жеңісі немесе басқаөзекті саяси оқиғалар туралы тәптіштей хабарлаудан тартынады. Негізінен олардыңқұрғақ нәтижелері туралы ғана, сипай қамшылап өтеді. Саясат, құқық тақырыптарынаарналған материалдардың болмауынан қарапайыым халық бұқарасы саяси партиялар,олардың бағдарламалары, көздеген мақсаттары, билікке қатынасы, жетекшілері,сайлауларға дайындық, әділ сайлау жүргізу механизмдері, билік тармақтары,олардың іс жүзіндегі арақатынас үстанымдары, саясат пен билік аясындағыинтригалар туралы ештеңе білмейді. Халық бұқарасының құқықтық сауаты мүлдем төмен.

Қанағат ЖҮКЕШЕВ,«Билік метаморфозасы» мақаласынан

(Жалғасы бар)

Фото: syg.ma

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 18:00
Тоқаев Ақордада Абу Даби шейхін қабылдады
Бифат ЕЛТАЕВА 26.05.2023, 15:00
Жамбыл облысы: Отандық БАҚ саясаты
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 12:11
Алматы облысында энергия тапшылығы қалай шешімін табады?
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 11:00
Министр БАҚ пен журналистиканың жайы туралы айтты
Жарас ШӨКЕ 26.05.2023, 09:51
Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
Сайт әкімшілігі 25.05.2023, 12:24
Шымкент – 100 пайыз

Аңдатпа


  • Келген қазақ құжатсыз, туған бала тұрақсыз
    26.05.2023, 10:25
  • Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
    26.05.2023, 09:51
  • Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
    26.05.2023, 09:13
  • Ғинияттың 207 мың кемшілігі
    25.05.2023, 10:00
  • Орталық Азияның «отағасы» кім?
    25.05.2023, 09:31