Тәуелсіз елімнің - бақытты ұстазымын

Сайт әкімшілігі

14.01.2022, 10:13

700

              Тәуелсіздік – әлемдегі ең құдіретті, ең қасиетті сөз. Ол — елдің еркіндігі, бостандығы. Қазақстан  халқы тәуелсіздіктің бақытты дәмін сезіп жүргеніне шүкір, биыл  30 жыл. Осы уақыт кезеңінде еліміз, әлемде жеке дара  ел екенін дәлелдеді. Өзінің тілі мен діні, заңы,  мемлекеттік туы, рәміздері, шекарасы, ұлттық құндылықтары, салт-дәстүрі бар, өз мәдениеті, әдебиеті бар, достықты ту еткен зайырлы елміз. Биыл ел тәуелсіздігіне 30 жыл. Бұл —  біздің мемлекет үшін үлкен мәртебе, үлкен бақыт.

Біз өмір сүріп отырған ғасырда бейбітшілік ең маңызды құндылық болып саналады. Біздің еліміз осы күнге жеткенге дейін талай-талай тарихи кезеңдерді бастан өткерді. Мәселен, жоңғар басқыншыларына қарсы көтерілістер, шаруалар көтерілісі, ұлт-азаттық көтеріліс, Ұлы Отан соғысы, Желтоқсан оқиғасы. Осындай  соғыстарға қарсы тұрудың ең бірінші мақсаты —  бейбіт өмірді орнату. Елімізде сыналған  Семей ядролық полигон сынағы да талай адамның бейбіт өмірін алып, денсаулығына зиян келтірді. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана, бұл сынақты тоқтатуға толық мүмкіндік алдыө. Содан бері  бейбітшілік ұя салып, еліміз тыныш өмірмен қауышып отыр.

Мен неге Тәуелсіз елімнің — бақытты ұстазымын...?!

 Біріншіден, елімізде «Мұғалім мәртебесі» заңы қабылданып, осы мамандық иелеріне ерекше көңіл бөлініп жатыр. Бұл мұғалім мамандығының құндылығын, қоғамдағы орнын көрсетсе керек. Мұғалім болу үшін асқан сабырлылық, төзім, кеңпейіл, терең білім, үлкен ізденіс, өз пәніне деген сүйіспеншілік қажет.  Мамандығымның жемісін, жеңісін көру үшін қажырлы еңбек қажеттігін жете түсінемін. Себебі, менің ұстаздық жолым   қоғамның жандану, жаһандануына үлес қосатын ұрпақпен байланысты. Жастар – еліміздің басты байлығы.

            Екіншіден, қазіргі таңда  жастарға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Қайда оқимын десе де, талантын қалай дамытамын десе де, кім болып жұмыс жасаймын десе де, барлық жағынан жағдай жасалынған.  Жастардың  заман сұранысына сай бейімделуіне  осы кезде республикамызда білім беру әдістемесіне өзгерістер енгізілген, үш тұғырлы тілді меңгеру, заманауи ІТ-технологиясын енгізу, робототехника және тағы басқа жаңашылдыққа баса назар аударылуда. Сонымен қатар, «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел» секілді бағдарламалар да жастарды тұрақты әрі уақытша жұмыспен қамтуға мүмкіндік беруде. Бұл  — тәуелсіздіктің зор үлесінің бірі.

           Үшіншіден, мұғалім болып, сол салада тер төгіп еңбек етіп жүргеніме 17 жыл болыпты. Жеңілі мен қиыны, қуанышы  мен қызығы мол болған жемісті жылдардағы ұдайы назарда жүрер ұстаздық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, абыроймен еңбек ету, әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы өрелі мақсаттар мен биік асуларға жетелеу.

          Осы жылдар ішінде оқушыларым республикалық олимпиададан, қалалық ғылыми жобадан бірнеше рет үлкен жетістіктер көрсетті, ҰБТ жоғарғы балл алып тағы бір мәрте марқайтты. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп ұлы ақын Абай Құнанбайұлы айтқандай, заман жастарының бейнесі  рухани мықты, ғылым, біліммен қаруланған, ұлттық кодты жадына сіңіріп өсетін ұрпақтарға білім беруден жалықпайтыным анық. Ондай жастарымыз елімізді әлемге паш етіп көк туымызды желбіретері хақ. Мысалы, халқының мақтанышына айналған Димаш Құдайбергенов әлемге қазақ халқының домбырасы мен өнерін паш етті. Жалпы Әнұранымызды күллі әлем алдында шырқатқан талантты жастарымыз жетерлік. Ал, осындай белестерді бағындырып жатқан ұрпаққа білім беріп жүрген ол —  ұстаздар.

Ойымды түйіндей келе, тәуелсіз еліміздегі үлкен жетістіктержалғасын таба беретініне сенімдімін. Ұстаз мәртебесі артса, ұлт мәртебесі де артары анық. Бақытым баянды болсын.

                                                        Елубаева Балғын Тилепалдиевна

                  Алматы қаласы 

  С.Сейфуллин атындағы № 74 мектептің мұғалімі

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 12:42
Қазақстандықтардың төлқұжатында жүрген чип не үшін керегі белгілі болды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 08:44
Алматы облысында екі ауылдың көшелерін су басты
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 15:03
Желтоқсан оқиғасына арналған тағы бір кітап жарық көрді
Бифат ЕЛТАЕВА 20.05.2022, 08:17
Ауыл балаларына мүмкіндіктер көп қарастырылу қажет
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 07:51
«Сен менімен «служить» етпейсің!»
Сайт әкімшілігі 19.05.2022, 15:09
Партияның ауқымды электораты референдумды қолдауы керек – Е.Қошанов

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56