Тәуелсіздік не берді?

Самал МАЕМГЕНОВА

20.04.2021, 13:51

1049

  Биыл тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр.

Жалпы айтқанда, тәуелсіздігіміздің арқасында ғана бүкіл әлем Қазақстанды таныды десек артық емес және осы арқылы бүкіл дүниежүзі қазақ халқының үлкен істер тындыра алатын өресі мықты ел екеніне де сенім білдіре алады.  Өткен жылы президентіміз баяндамасында «Алдағы жыл  межелі жыл. Бұл жыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтеді. Бұл  өткенге көз жүгіртіп, қорытынды жасайтын уақыт» деген болатын.  Сол себепті елімізде экономикалық тұрғыда болсын,  адам құқықтары мен денсаулық сақтау,  соның ішінде білім беруді дамытуға көп жұмыс істеу қажеттігін де ескеру әрбіріміздің басты міндетіміз саналады.  

  Еліміз тәуелсіздік алғалы бері әлемдік қауымдастық бойынша ел тарихының жаңа беттері ашыла бастады.  Қоғамдағы бейбітшілік пен келісім де мемлекеттік органдардың белсенді және үйлесімді жұмысына, азаматтардың шығармашылық жұмыстарына негізделген қазақстандық шындықтың басты белгісі бола білді.  Қаншама сын-қатерді көрген Қазақстан мемлекеті 1990-2000 жылдар аралығында қазіргі заманғы типтегі мемлекеттігімізді қалыптастыра білді. Оның үстіне тарихи аренаға жаңа тәуелсіз мемлекет, толыққанды қатысушы, әлемдік  саясаттың субъектісі, Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі ретінде енді.

     Тәуелсіз мемлекет болған соң, оның өз заңдары мен талаптары да болатыны анық. Соған сай, Ата заңымыз қабылданып, әрбір азаматтың жеке құқығын қорғайтын, қандай да бір келеңсіздіктерді реттейтін арнайы заң жобалары қабылданды. Ол заңдарды қабылдауға, реттеуге, жүзеге асыруға арнайы сот биліктері құрылды.  Осылайша елімізде айтарлықтай тыныштық орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді десек те болады. Ал артқа тастаған жылдардың ішінде не атқардық дейтін болсақ, оның бәрін тізбектеп құр сөзбен жеткізу мүмкін емес. Соның ішінде кейбірін тізбектейтін болсақ, экономикалық жағдайымыз толық қалыптаспаса да, орташа деңгейде жақсарып, әл-ауқатымыз қанағаттанарлықтай артты. Білім мен денсаулық жағдайына арнайы бағдарламалар енгізіліп, шетелмен қарым-қатынас жасайтындай жағдайға біршама жеттік. Орыс мектептеріне қарағанда қазір қазақ мектептері мен балабақшалардың саны біршама артты. Еліміздің барлық саласындағы қызметкерлердің өзін-өзі дамытуға біршама мүмкіндіктер артып, жастардың шетелге барып оқуына, тәжірибе алмасуларына айтарлықтай жол ашылды.  Міне, осының барлығы тәуелсіз елміз деп айтуымызға, мақтануымызға бірден бір дәйек.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрболат ӘЛДИБЕК 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58