Тәуелсіздік жылдарында «Талантты жастар фабрикасын» қалыптастыра алдық па?

Еркежан АРЫН

08.04.2021, 14:51

401

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығында ең алдымен жас ұрпаққа бағытталған іс-шаралар өткізу қажет атап өткен болатын. Ол жастардың жоғары азаматтық белсенділігі мен олардың ынта-жігерін атап өтіп, бұл белсенділікке кедергі болмау керек және оны жаңа мақсаттар мен міндеттерге жұмылдыру керек деді.

«Жастарға қатысты маңызды мәселе – бұл жұмыспен қамту. Бұл, әсіресе, аймақтарға қатысты. Біз ынталандыру мен нұсқаулық беруіміз керек, жұмыссыз жастарға тұрақты жұмыс табуға көмектесуіміз керек. Қазір жұмыспен қамтудың бірнеше бағдарламасы бар. Бірақ жастардың көпшілігі бұл шаралар туралы білмейді. Олар мемлекеттік қолдаудың әртүрлі түрлерінен хабардар емес. Бұл мәселе тек үгіт-насихат арқылы шешілмейді. Үкімет пен әкімдер жастарды жұмыспен қамтуға баса назар аударуы керек», — деді мемлекет басшысы.

Біз білетіндей, жастар саясатына қатысты заңдарға қажетті түзетулер енгізіліп жатыр. Жергілікті мемлекеттік органдарды бағалау көрсеткіштерінің қатарында Жастардың даму индексі болды. Бұл осы бағыттағы шаралардың тиімділігін арттырады. Президент жастар саясаты бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» бірыңғай ұлттық жобасын әзірлеу қажет дегенболатын. Бұл бөлек жүзеге асырылатын жобаларды бір бүтінге біріктіруге мүмкіндік береді. Ұлттық жобаны дайындауға және оны талқылауға барлық жастар мен студенттер ұйымдарын, азаматтық белсенділер мен тәуелсіз сарапшылар тартылады деп күтіледі.

«Қазақстан – дарынды жастардың елі. Ертең бұл талантты жас жігіттер мен қыздар еліміздің намысын қорғайды. Біз олардың әлеуетін ашып, қабілеттерін іске асыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жалпы, жастар саясаты саласында 2021-2023 жылдар аралығында келесі жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда:

1. «Түркітілдес елдердің жас көшбасшылары мен белсенділерінің Халықаралық жастар саммитін өткізу» — «Түркістан – Түркі әлемінің бесігі» — (ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдықты атап өту жоспары).

2. «Тәрбие жастарының лагерін ұйымдастыру» «Zeren-2021. Тәуелсіздік ұрпақтары».

3. «Еңбек нарығының қажеттіліктері туралы жастарды ақпараттандыруға, кәсіптік бағдар беруге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру» (Жастарды қолдаудың кешенді жоспары).

4. Жастарға грант бөлуге арналған «Дарынды жастар» пилоттық жобасын іске асыру – (Жастарды қолдаудың кешенді жоспары).

5. Мемлекеттік жастар саясатының шараларын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету – (Жастарды қолдаудың кешенді жоспары).

6. Инклюзивті қоғам құруға және дамытуға бағытталған жастардың бастамаларын қолдау – (Жастарды қолдаудың кешенді жоспары).

7. Жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізу – (Жастарды қолдаудың кешенді жоспары).

8. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша шаралар кешенін өткізу – (Жастарды қолдаудың кешенді жоспары).

9. Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және Қазақстан халқының дәстүрлерін кеңінен насихаттау бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру – (Жастарды қолдаудың кешенді жоспары).

10. Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру – (Жастарды қолдаудың кешенді жоспары).

11. Шетелде тұратын және оқитын қазақ жастарын шоғырландыру бойынша жобаларды жүзеге асыру – (Жастарды қолдаудың кешенді жоспары).

12. Жастардың белсенді азаматтық ұстанымын, сыни ойлау қабілеттерін, басқалардың пікіріне төзімділікті қалыптастыру – (Жастарды қолдаудың кешенді жоспары).

13. Жастардың психикалық денсаулығын нығайтатын жобаларды жүзеге асыру – (Жастарды қолдаудың кешенді жоспары).

Қаржы министрлігі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарында қарастырылған «Ақылды ұрпақ» форумын ұйымдастыру мен өткізуге кететін шығындарды қолдамайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, әлемдік экономиканың тез дамып келе жатқан сегменттерінің бірі болып табылатын шығармашылық индустрияны құрудағы талантты жастардың рөлі жоғары. Бұл саланың көлемі бірқатар дамыған елдерде ЖІӨ-нің 10%-на жететін көрінеді. Осыған байланысты үкіметке осы стратегиялық маңызды саланы қолдау үшін инфрақұрылымды кешенді дамыту перспективаларын әзірлеу тапсырылды. Тоқаевтың айтуынша, ғылым, мәдениет және заманауи шығармашылық саласындағы ұлттық білім беру орталығы оның негізгі элементтерінің бірі бола алады. Мұндай «Талантты жастар фабрикасы» еліміздің барлық аймақтарынан келген дарынды жастарға өз саласының үздік мамандарынан арнайы курстар мен шеберлік сыныптарын өткізуге мүмкіндік береді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 18:00
Тоқаев Ақордада Абу Даби шейхін қабылдады
Бифат ЕЛТАЕВА 26.05.2023, 15:00
Жамбыл облысы: Отандық БАҚ саясаты
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 12:11
Алматы облысында энергия тапшылығы қалай шешімін табады?
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 11:00
Министр БАҚ пен журналистиканың жайы туралы айтты
Жарас ШӨКЕ 26.05.2023, 09:51
Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
Сайт әкімшілігі 25.05.2023, 12:24
Шымкент – 100 пайыз

Аңдатпа


  • Келген қазақ құжатсыз, туған бала тұрақсыз
    26.05.2023, 10:25
  • Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
    26.05.2023, 09:51
  • Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
    26.05.2023, 09:13
  • Ғинияттың 207 мың кемшілігі
    25.05.2023, 10:00
  • Орталық Азияның «отағасы» кім?
    25.05.2023, 09:31