Тәуелсіздіктің 30 жылына арналған конференция өтті

Бифат ЕЛТАЕВА

16.07.2021, 14:39

1285

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Қайырымды істер марафоны» жобасын іске асырудың аралық қорытындылары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

 Алқалы жиынға спикер ретінде  Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ренат Бекбергенов жүргізді.  Ол алғысөзінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылына арналған іс-шараларға жалпы шолу жасап өтті.

–Өздеріңізге мәлім, биыл еліміз үшін аса маңызды атаулы датаны жылбасынан бері атап өтіп келеміз. Толығырақ айтсақ, осы уақытқа дейін көк туымызды көтеріп велосипедшілер мен тақырыпқа сай безендірілген автобустарға спорт және өнер жұлдыздары мініп, әнұранмен шаһар көшелерін аралап шықты. Сондай-ақ, медицина қызметкерлері мен полицейлердің де атаулы мерекелеріне орай патриоттық видеолар көрсетілді. Сонымен қатар елорда күніне орай, барлық өңірде санитарлық талаптарға сай арнайы іс-шаралар өткізілді. Ал екінші жартыжылдықта Ыбырай Алтынсариннің ескерткіші мен жаңа білім ордаларының ашылу рәсімдері жоспарланып отыр. Және өзге де тақырыптарға орай 13 іс-шара өткізіледі деп отырмыз, – деп Ренат Бекбергенов жыл соңына дейін өтетін іс-шараларға да тоқталып өтті.

Конференция қонағы «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы»  қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы өкілдігі төрағасының орынбасары Абдухалил  да металпром компаниясының жалпы атқарылып жатқан жұмыстарын айта келе, сапалы металдарды өзге мемлекеттерге экспортқа шығару арқылы халыққа қандай қайырымдылық жасалынып жатқаны жөнінде есеп берді.

Жиын соңында баспасөз қызметкерлері  көкейтесті сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 06.06.2023, 16:45
Құс қорегіне айналған алқап
Еркенұр ҚОНЫСБАЙ 06.06.2023, 13:46
Жұмыс, бизнес, жастарға арналған несие...
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 16:30
Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 11:18
Халықтың демалуға ақшасы жоқ
М.СӘУЛЕБЕК 02.06.2023, 09:00
Қаскөйлер онлайн да опындырады
Бифат ЕЛТАЕВА 31.05.2023, 14:55
Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі

Аңдатпа


  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15
  • Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
    01.06.2023, 10:11