«Таза Қазақстанға» айналамыз ба?

Еркежан АРЫН

22.09.2020, 10:16

359

    Қазір техникалық прогресс экологиялық жағдайдың нашарлауына алып келеді. Кең-байтақ территория мен үлкен табиғи ресурстарға ие Қазақстанға экологияны жандандыру маңызды.  Осыған байланысты ел басшылығы қоршаған ортаны жақсартуға, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейтуге және табиғатты қорғауға, оған деген қатынасты тәрбиелеуге бірінші кезекте назар аударады. Президент Қ.Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы пен өркендеудің негізі» атты Қазақстан  халқына жолдауында үкіметке осы салалардағы жұмысты күшейтуді тапсырған болатын.

      Бұған қатысты еліміздің экология министрі Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ:

     – Биыл экологиялық мәдениетті көтеру мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді, онда экологиялық амбассадорлар анықталды. Сондай-ақ президенттің тапсырмасы бойынша стихиялық қоқыстарды жою жұмыстары жүргізілді. 7,6 мың полигонның 5000-нан астамы жойылды. Бұл жұмыстар  «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалғасын табады. Мысалы, 19 қыркүйекте біз бүкіләлемдік тазалық күні акциясын ұйымдастыруды жоспарладық. Біз әкімдіктерден  қолдау білдіруді сұраймыз. Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша табиғатқа зиян келтіргені үшін заңнама күшейтіледі, – дейді.

      Жалпы, биыл экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған іс-шаралар мемлекеттік деңгейде де, халық арасында да белсенді түрде атқарылып, қолға алынды.

      Негізінде, азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Негізгі Заңның 31-бабының 1-тармағында: «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды», – делінген. Бұл конституциялық ереже Қазақстанда 2007 жылдан бастап қолданысқа енгізілген Экологиялық кодексте жалғасын тапты. 2019 жылы жетекші сарапшылар мен іскер топтар үздік халықаралық тәжірибеге негізделген Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексін әзірлеу бойынша көп жұмыс атқарды. Былтыр желтоқсан айында премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен үкіметтің кезекті отырысында ҚР Экологиялық кодексінің жаңа редакциясының жобасы мақұлданған болатын. Бұл ретте экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік айыппұлдар 10 есеге ұлғайтылған. Экологиялық кодекстің жаңа редакциясы қалдықтардың 5 деңгейлік иерархиясын және олармен жұмыс істеудің міндетті «кезеңдік» тәсілін енгізеді: пайда болуды, болдырмау/азайту – қайта пайдалану, өңдеу, қайта өңдеу – көму. Бұл үрдіс 2025 жылға қарай қалдықтар көлемін 30 пайызға дейін азайтуға және 180 миллиард теңгеден астам инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

      Бұған қатысты KPMG-дің Қазақстандағы және Орталық Азиядағы құқықтық консультациялар бөлімінің басшысы Рашид ГАЙСИН былай деді:

    – Егер бұрын экологиялық бизнеске салынған инвестициялар имидждік сипатқа және ірі компаниялардың қоршаған ортаға келтірген зиянының орнын толтыру мүмкіндігіне ие болса, қазір жасыл технологиялардың құны мен дамуын ескере отырып, мұндай жобалар қолжетімді және инвестициялық тартымды бола бастады. Алайда мен Қазақстанда сектор дамуына кедергі болатын бірқатар себептер бар деп санаймын. Біріншіден, бұл дәстүрлі энергия көздеріне субсидиялардың жоғарылығы, сондай-ақ электр энергиясы бағаларының төмендігі. Еуропа елдерінде электр энергиясының бағасы қазақстандық бағалармен салыстырғанда едәуір жоғары, сондықтан да бұл осы салаға белсенді инвестиция салуға мүмкіндік береді. Қазақстанда сектордың инвестициялық тартымдылығы дәстүрлі көздермен салыстырғанда энергия құнымен шектеледі. Бұл секторға инвестицияларды тартудың негізі ретінде айқын заңнамалық базаны дамытудың маңызды факторы болып табылады.

      Қолайлы экологиялық жағдайлар экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететінін атап өту маңызды. Қазір қалай десек те, «Таза Қазақстан» жобасынан үміт күтіп отырған жайымыз бар. Бұл жоба Еуропа елдеріндегідей кіршіксіз таза көшелер қалыптастырып, қоқыс жинау мәдениетімізді жоғарылатып, қоғамдық орындардағы тазалықтан бөлек, экологиялық тазалығымызды, күннен, желден энергия өндіру тәрізді өркениеттілікті игеруге мүмкіндік туғызса деген жоспар бар. Мұндай жобалар арқылы бір ғана аспанасты елі атанған Қытай елінде біз іске жаратпай тастайтын қоқыстар бірнеше мәрте өңделіп, тұрмысқа қажетті заттар жасалатынын ескерсек, біз үшін мұндай жобалардың қажет екенін аңғарамыз. Жалпы, «Таза Қазақстанға» қолдау көрсету алдағы уақытта маңызды бола түспек.

                                                                                    

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.10.2020, 14:28
Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 20.10.2020, 11:03
Қару-жарақ ұрлау оқиғасының құпиясы
Айжан БҮРКІТБАЕВА 20.10.2020, 10:38
ҚазАТК кімнің "жеміне" айналмақ?
Сайт әкімшілігі 19.10.2020, 11:17
Уланған маскалар туралы фейк таратылуда
Сайт әкімшілігі 19.10.2020, 10:16
ПТР тест тапсыру бағасы арзандады
Сайт әкімшілігі 19.10.2020, 09:52
Коронавирус бойынша ең көп өсім тіркелген өңірлер аталды

Аңдатпа


  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38