Тазабековтің тақиясы – "Асыл арна" кімді жарнамалап жүр?

13.05.2020, 06:04

632

 Мақтааралдағы су апаты біздегі діни топтардың дабетпердесін шайып кетті. Мұхамеджан Тазабеков басқаратын «Асыл арна» ұжымытүрлі сюжеттер жасап, адамдарды дінге түрлі әдіс-айламен шақыра бастады.Эфирден өткен бір сюжетте «Топан су ораза айында Алла тағаланың адамзатқажіберген ескертуі» деп бір қорқытты. Екінші сюжетте топан судан жағалаудағымешітке қарай жүріп келе жатқан журналист «қаншама үйлерді су басса да, Аллаүйін су баспағанына қуанамын» деп салды.

 Исламдынасихаттауда «Асыл арна» журналистері христиандық прозелитизмге көп ден қояды.Әйтпесе тып-тыныш жатқан Мақтааралдың момын диқандарына қаһар төгетіндей Аллатағаланы соншама жендеттік образға енгізе ме? Өзбек шенеуніктері менқұрылысшыларының жемқорлығы кесірінен көршілес ауданның халқы зардап шекті. Барболғаны осы-ақ. Ал бұл оқиғаны соншама библиялық трагедияға айналдырып, елдіүрейлендірудің астарында не тұр? Әрине, дінге шақыратын миссионерлік айла-тәсілтұр.

«Асыл арна» телеарнасының ұстанымы, қаржылық көздері жәнесалыққа төлейтін жыл сайынғы төлемдері туралы ақпарат табу мүмкін емес. Яғни бұлақпарат толық құпияланған секілді. Құжаттарын формалды түрде «Отбасылықтелеарна» деп өзгерткенімен, «Асыл арнаның» негізгі форматы мен бағыты – дінинасихат. Бірақ «исламның Қазақстан жамағаты ұстанатын ханафи мәзһабынақаншалықты лайық?» деген сұраққа нақты жауапты тіпті Мұхамеджан Тазабеков теберген емес. Журналистердің сұрақтарынан үнемі тайғанақ жауаппен құтылыпкеледі. Соған қарағанда Мұхамеджан тақия жасауға бейім деген пікір еріксізтуады.

 Телеарнабағдарламаларын қадағалап отыратын шариғи редактор – бұрынғы айтыскер ШорабекАйдаров. Діни білімі болмаса да, жауапты қызметте. Ал діни басқармадан келген,жоғары білімді Нұржан Дарқұловты шариғи редактор етіп бекіткенімен,бағдарламалар сценарийін шариғатпен сәйкестендіретін, сараптайтын жұмысқаараластырмайды. Нұржан Дарқұлов телеарнада өз алдына бөлек, шағын хабарлар,тікелей эфир жүргізеді. Діни басқармадан тапсырма түскенде матуриди ілімібойынша бағдарлама әзірлеуге атсалысады. Бұл бағдарламаға «Асыл арнаның»журналистері мүлдем жоламайды. Оны көбінесе Нұр-Мүбәрак университетінен АйшаКеңесбайқызы келіп дайындайды. Өйткені «Асыл арна» басшылығы матуриди ілімінмүлдем мойындамайды. Ол жайында «Асыл арнадағы» Мұхамеджанның, Жанәділдің,Мейірханның естіген адамды талдырып түсірер талай пікірін тыңдаған едім. Бірқызығы, олар матуридиді ауғанстандық шииттерге телиді. Бірақ амалдың жоғынан,біреу бірдеңе десе, «біз де ханафитпіз, матуриди ілімі туралы пәлен бағдарламажасадық» деп ақталу үшін пайдаланады.

Нұржан Дарқұлов «Асыл арна» ұжымының осы кемшіліктерінбарынша жасырып-жабуға тырысады. Соның себебін сұрағанымда Мейірхан: «Ол «Асыларнадан» ай сайын 150 мың теңге жалақы алады ғой» деп мысқылдай күліп, жауапберген еді. Анығы, бір Аллаға аян.

 Алматуриди ілімін қандай ағымның өкілдері мойындамайды? 2018 жылы ҚМДБ насихатжәне қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы журналистергесұхбат бергенде: «Ханафи, мәлики,шафиғи, ханбали мәзһабын ұстанушы мұсылмандардың матуриди немесе әшғари ақидамектебінің сенім негіздерін ұстанатыны белгілі. Ал сәләфилердің  сенімі бойыншакімде-кім матуриди немесе әшғари ақида мектебінің сенім негіздерін ұстанса,адасқан мұсылман, яғни әһлу сүннетке жатпайды.Бұл өрескел қателік», – деді.

 МұхамеджанТазабековтің діни ұстанымына күдік тудыратын мына жағдай еріксіз еске түседі.2007 жылы Алматыда әзірбайжан теологы Эльмир Кулиевтің аудармасымен «ТафсирСаади» атты кітабы ҚМДБ және Тұңғыш Президент қорының қолдауымен 10 мың данаболып жарыққа шығады. Ал Эльмир Кулиевтің бұл кітаптары Ресейде тыйым салынғанәдебиеттер тізіміне енген болатын. Себебі Эльмир Кулиевтің кітаптары негізіненибн Таймия, Албани, ибн Қайим, ас-Сухейми сияқты уахабтық ұстанымдағыавторларға жиі сілтеме берген. Мұны біздің сарапшылар байқамай қалды ма, әлдеҚМДБ сарапшылары құрамының білімі жетіспеді ме, ол жағы белгісіз.  

  2009 жылы ислам дінімен таныстыратын «Бисмиллях» дискісі жарық көрді.Дискідегі уағыз түгелдей Эльмир Кулиевтің «Тафсир Саади» кітабына негізделген.Ал «Асыл арна» болса күндіз-түні осы дискіні эфирден жарнамалауға кірісті. Бұлсәләфиттер мен сопылар «соғысының» аяқталып, діни алаңға сәләфиттер монополияорната бастаған уақыт еді.

  2011 жылы Алматы облысының тұрғыны Абылайхан Шалымбаев пен бауыры бесжылға сотталып кете барды. Соттың таққан айыбы – Эльмир Кулиевтің тыйымсалынған «Тафсир Саади» кітабын оқығаны. Ал «Асыл арна» болса осы кітаптыңнегізінде жасалған бейнесюжеттерді ашық түрде жарнамалай отырып, ешқандайжауапкершілікке тартылған жоқ. Оның құпиясы неде? Оның сыры тек Мұхамеджанғағана аян.

   Эльмир Кулиевтің экстремистік әдебиеті негізінде «Бисмиллях» дискісінжасап шыққан шығармашылық ұжымда екі адамға еріксіз назар аударуға тура келеді. Дизайн-топтың жетекшісі (видео):Бектасов Алтынбек және диктор Муаз Сабри.

    Алтынбек Бектасов Мұхамеджан Тазабековтіңең сенімді адамы және сол жылдары «Асыл арна» телеарнасында бас оператор болыпжұмыс істеді. Ал Муаз Сабри – атағы айқай-шумен шыққан Алматыдағы Тайбаколледжінің директоры. Естеріңізге сала кетсек, Тайба колледжі 2005 жылыАлматы қалалық мамандандырылған экономикалық сотының шешімімен қызметінтоқтатқан еді. Өйткені осы колледж түлектерінің 2004 жылы Ташкентте террористікакт жасауға қатысқаны анықталды. Яғни Муаз Сабри де сау сиырдың жапасы емеседі.

   Осы айтылғандарды қорыта келе,  Мұхамеджан Тазабеков Эльмир Кулиевтің тыйымсалынған шығармаларын Қазақстанда таратуға тікелей және жанама түрде қатыстыдеуге толық негіз бар. Тәртіп сақшылары осы мәселені естен шығарып алған сынды.Бірақ оны Мұхамеджанның өзінің мойындауына, «Асыл арна» көрермендерінен кешірімсұрауына батылы жете ме? Тақияның күші тағы қалай жалтаруға жетеді екен?


Тоқтар ЖАҚАШ,

«Жас Алаш»


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.03.2023, 17:11
Алматының экология басқармасының лауазымды тұлғалары сотталды
Сайт әкімшілігі 20.03.2023, 09:50
Екі облыста су тасқынының қаупі күшейді
Сайт әкімшілігі 19.03.2023, 14:49
20 жылдық тәжірибесі бар 70 жастағы таксист апай өз таңдауын жасады
Сайт әкімшілігі 19.03.2023, 09:20
Қошанов сайлау әділ өтіп жатқанына сенімді
Сайт әкімшілігі 19.03.2023, 09:09
Ел бойынша 10 146 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр - ОСК
Еркежан АРЫН 18.03.2023, 15:45
Газ генерациясы – Қазақстанның энергетикасының тиімділігін арттырудың ұтымды жолы

Аңдатпа


  • Сайлау– 2023: Бір өкініш, Бір үміт...
    06:56
  • Оқшауланған Ресей: Путин тұтқындала ма?
    06:37
  • 13-премьер: құт па, жұт па?
    06:45
  • Қандай елде өмір сүреміз?
    17.03.2023, 05:35
  • Сайлау: Мойның жуан болса мақтан, жіңішке болса - сақтан!
    17.03.2023, 05:28